Дайын өнімге қойылатын талаптар.
Стандартқа сәйкес дайын өнімге
талаптар қойылады.
Шұжық бұйымдарының батондарының беті таза, құрғақ, жыртылмаған,
дақсыз, фарш жабыспаған, қабықша астында май немесе сорпа жиналмаған,
шырышсыз не мүк баспаған болуы керек. Шикілей ысталған шұжықтардың
қабықшасын оның ішіне өтпеген ақ құрғақ мүк басуы мүмкін. Қабықшалар,
целлофаннан басқасы, фаршқа тығыз жабысуы тиіс. Бұйымдардың беті таза,
құрғақ, біркелкі ысталған болуы керек.
Пісірілген және жартылай ысталған тығыз болуға, ысталған шұжықтар
серпімді және тығыз болуға тиіс.
Өнімді кескенде фарш біртұтас, қыртыс майдың немесе төстіктің бөлшектері
біркелкі таралған, әрі белгілі бір түрге және өлшемге ие болады. Қыртыс майдың
шеттері езілмеген, түсі сарысыз ақ, кейбір сарғайған бөлшектері болуы мүмкін.
Өнімдердің кескендегі түсі біркелкі, қызғылт немесе қызыл, сұр дақсыз.
Шұжық бұйымдары татымдық заттардың хош иісі бар жағымды иісті болуға
тиіс. Пісірілген шұжықтар мөлшерлі тұзды, ысталғандар
-
тұзы ащылау, ыстаудың
айқын хош иісі бар болуы керек.
Пісіріліген бұйымдардың иісі
-
жағымды,
ысталғандардікі
-
ыстық хош иісі бар болуы керек. Бұйымдарда бөгде иіс пен дәм
болмауға тиіс.
Ет өнімдерінде тұздың, ылғалдың, крахмал мен нитриттің белгілі мөлшерлері
болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |