Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет318/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Қазтуған  жырау 
«Қазтуғанның 
қонысымен 
қоштасуы» 
http://bilim-
all.kz/olen/2293-
Qaztugannyn-
qonysymen-
qoshtasuy
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


195 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
5 минут 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
15 минут 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Оның  поэзиясы  жауынгерлердің  көшпелі  өмірін,  көзқарасын 
суреттейді.  Және  олардың  тұрмысын,  айналадағы  құлан  таза 
табиғат  туралы  ойларын  бейнелейді.  Ақын-жыраудың  қиялының 
жүйріктігі,  өткірлігі,  бай  және  әдемі  көркемдік  әдістері  сол 
дәуірдегі  қазақтардың  поэтикалық  өнерінің  жоғары  деңгейде 
болғанын,  сонымен  бірге,  өзіндік  ерекшеліктері  бар  екенін 
білдіреді. 
«Қазтуғанның  қонысымен  қоштасуы»  өлеңінің  бөлімдері   
жұптарға таратылады. 
1-бөлім 
Арайна,билер,арайна, 
Арайна десем, болғай ма?! 
Арайнасыз әр қайда 
Ердің ісі оңғай ма?! 
Арайна болған 
Қазтуған, 
Қайғыланып сонда толғай ма?! 
2-бөлім 
Ел қияға қонғай ма? 
Еділ, Жайық арасы 
Кеңшілік қоныс болғай ма?! 
Ебей басты құба үлек 
Ернімен шырпы шалғай ма?! 
Бұл қоныста отырып, 
Біздің мұсылман баласы 
Жағасы босап тынғай ма?! 
3-бөлім 
Еділді қоныс етпеңіз, 
Жағалай қалмақ алады. 
Жайықты қоныс етпеңіз, 
Сыдыра біткен көкжиек, 
Кәпірлер қала салады. 
Аштарханды қоныс етпеңіз, 
Шәһәрін оның алады. 
4-бөлім 
Еділді алса - елді алар, 
Енді алмаған не қалар? 
Жайықты алса - жанды алар, 
Жанды алған соң не қалар? 
Ойылды алса - ойды алар, 
Ойлашы, сонда не қалар? 
Қара мауыты мұшақат 
Бүтін тоғай жерді алар. 
Жаз кіреге жақсы деп, 
Дулығалы нарды алар, 
Қыс кіреге жақсы деп, 
Шудасы қалың айырды алар. 
Сусынына шай алар, 
Шайнауына май алар. 
5-бөлім 
Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз, 
Қайран саланың жатқан аңғары-ай, 
Ақ шалмалы пірлердің 
Мешітке жаққан шамдары-ай! 
Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім 
Аузы түкті кәпірдің 
Күшті болған салдары-ай! 
 


196 
 
3 минут 
 
 
 
 
 
 
 
Кәпірден тендік алуға 
Қайта келер деймісің 
Мұсылманның баяғы 
Шыңғыстан туған хандары-ай?! 
Бұл қоныстан кетпесең, 
Мұны талақ етпесең, 
Атаңа нәлет кәпірдің 
Пайдасына қалмаса игі еді 
Ноғайлы, қазақ жұртымның 
Кейінгі туған балдары-ай! 
6-бөлім 
Адыра қалғыр көк Жайық, 
Аңырап қалған қонысым! 
Қонысымнан ауған соң, 
Кетпегей еді ырысым. 
Таудағы тарлан бөрі едім, 
Тарылған сынды тынысым. 
Кейінгі өскен жас бала, 
Ақ балтырын түрініп, 
Басарына ерініп, 
Көкірегі күйініп, 
Тек тірлікке сүйініп, 
Ықтиярсыз жүгіріп, 
Аузы түкті кәпірдің 
Етпегей еді жұмысын! 
Бұл қоныстан кетпесең, 
Мұны талақ етпесең, 
Екеу-екеу сөйлесіп, 
Біздің кейінгі өскен жас бала 
Аузы түкті кәпірдің 
Соқпаса екен пайдасын! 
7-бөлім 
Буыршынның жалғыз қырқар азуы, 
Бөкеннің желіп өтер төрт саны, 
Бұғының ауыр қара мүйізі, 
Бидайықтың жалғыз соғары, 
Қашағанның ұзын құрығы, 
Ақ орданың тіреу сырығы, 
Айдаса - қойдың көсемі, 
Сөйлесе - тілдің шешені, 
Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген, 
Күз жіберіп, жаз мінген, 
Жазаласа - екі жылда бір мінген, 
Жолдасын жолай іздеген, 
Өзіне тиген дұшпанын 
Қарт бурадай тіздеген - 
Мен - Қарғабойлы Қазтуған, 
Қайғыланып асып барамын 
Ноғайлы-қазақ елімнен! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет