Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі м. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет48/422
Дата30.01.2022
өлшемі8,45 Mb.
#116219
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   422
Байланысты:
Профессор Қ.Ж. Мырзағалиевтің педагогикалық мұрасы және заманауи білім беру жүйeсі

Қалыптастырушы  бағалау 
оқу  үдерісінің  ажырамас  бір  бөлігі  болып  табылады.  Тоқсан 
барысында  мұғалім  тарапынан  жүйелі  өткізіліп  отырады.  Қалыптастырушы  бағалауда  баға,  балл 
қойылмайды.  Мұғалім  мен  білім  алушы  арасындағы  үздіксіз  кері  байланыс  қамтамасыз  етіледі. 
Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл 
білім  алушылардың  мүмкіндігін  анықтауға,  қиыншылығын  табуға,  оң  нәтижеге  қол  жеткізуіне 
көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді [5, 10 б.]. 
Бағалаушы  оқушы  тарапынан  берілген  бағалау  сараптамасы  бойынша  белгілі  бір  дәрежеде 
оқу  масатына  негізделген  білім  көрсеткішінің  бағалану  критериилеріне  сай  оқушы  тұлғалардың 
қатысуымен  тапсырма  талаптары  бойынша  дескрипторлар  құрсатырып,  бағалау  көрсеткіштерін 
белгілеп отырға болады. Сол арқылы әр оқушы тұлға күнделікті сабақта белгілі бір пәннен белгілі 
бір  мөлшерде  білім  сапасының  көрсеткішіне  ие  болғанын  пайымдай  алуы  шарт.  Бірақ  күнделікті 
сабақ үстіндегі білім пайымының жиынтық бағалауы бөлім не тоқсандық жиынтық бағалауға не еш 
қатысы  болмауы  тиіс.  Солай  бола  тұра,  өз  кезегінде  күнделікті  меңгерліген  білімнің  сапалық 
көрсеткіші  мен  бөлім  бойынша  жиынтық  бағалаудың  нәтижесіндегі  айырма  оқушы  тұлға  мен 
мұғалімнің неге көңіл аударып, келешекте немен айналысуына жәрдемдесетін күшке, қатынасқа ие 
болады. Өйткені бөлім мен тоқсандық жиынтық бағалаудың тапсырмалары күнделікті меңгертіліп 
отырған оқу мақсаттарының шеңберінде жабдықталатынын есекеру керек.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   422




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет