Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. В. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі бекітемін



бет6/7
Дата18.11.2019
өлшемі475,5 Kb.
#52043
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
химия силлабус


6.3. Тұздар гидролизі.


  1. Тұздар гидролизі дегеніміз не?

  2. Гидролизге қандай тұздар ұшырамайды?

  3. Гидролиздің молекулалық және иондық теңдеулерін құыңдар: калий сульфитінің, цезий карбонатының, темір (ІІІ) нитратының, аммоний сульфидінің, алюминий хлоридінің .

  4. Берілген тұздар ерітінділерінде орты қандай болады: мырыш нитраты, алюминий сульфаты, калий карбонаты, калий нитраты, натрий цианиді? Гидролиздің иондық молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрыңдар.

  5. Тұздардың ерітінділері лакмусқа қалай әсер етеді: калий сульфиді, натрий иодиді, мыс сульфаты, кадмий нитраты? Осы тұздардың гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  6. Тұздар гидролизі дәрежесіне қандай факторлар әсер етеді? Қандай жағдайда гидролиз кезінде қышқыл, қандай жағдайда негіздік тұздар түзіледі? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  7. Неліктен Na3PO4 ерітіндісінде сілтілік, KCI бейтарап, ZnSO4 қышқыл реакция болады? Осы тұздардың қайсысы гидролизге ұшырайды? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  8. Екі тұздардың қайсысы жоғары дәрежеде гидролизге ұшырайды: натрий сульфиді немесе алюминий сульфиді, натрий карбонаты немесе аммоний карбонаты? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  9. Мына тұздардың гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар: мырыш хлориді, мыс хлориді, мыс (ІІ) нитраты, алюминий сульфиді, алюминий сульфаты, цезий карбонаты, литий сульфиді. Осы тұздардың сулы ерітінділерінің реакцияларын көрсетіңдер.

  10. Сулы ерітінділерді бір-біріне құйғанда не байқалады: натрий силикаты мен аммоний хлоридін, темір сульфаты мен натрий сульфидін? Реакцияның молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар.

  11. Мына тұздардың қайсылары гидролизге ұшырайды: калий бромиді, калий нитриті, калий иодиді, калий циалниді, калий нитраты, аммоний нитраты? Гидролизге ұшырайтын әрбір тұз үшін молекулалық және иондық теңдеуін құрып, тұздың сулы ерітіндісінің реакциясын көрсетіңдер.

  12. Ерітінділер қандай реакция (қышқылдық, сілтілік немесе бейтарап) көрсетулері керек: аммоний нитраты, натрий нитраты натрий ацетаты, аммоний ацетаты? Жауаптарыңды молекулалық және иондық теңдеулермен дәлелдеңдер.

  13. Натрий сульфиді гидролизінің молекулалық және иондық теңдеулерін құрыңдар. Осы тұздың гидролизін қалай күшейтуге болады?

  14. Гидролиз реакциясының иондық теңдеулерін жазыңдар: аммоний хлоридінің, алюминий хлоридінің, калий карбонатының.


7- тақырып. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ

7.1. Тотығу –тотықсыздану реакция теңдеулерін

құрастыру әдістері.

  1. Қандай реакциялар тотығу-тотықсыздау реакциялары деп аталады?

  2. Тотығу және тотықсызану процесінің мәні неде?

  3. Қандай заттар тотырғыштар, қандай заттар тотықсыздандырғыштар деп аталады?

  4. Мына реакциялардың қайсысы тотығу-тотықсыздану реакциялары болып табылады?

HCI + KOH = KCI + HOH

Zn+ S = ZnS



CaO + CO2 = CaCO3

  1. Периодтық жүиенің кіші периодына орналасқан элементердің тотығу және тотықсыздану қасиеттері солдан оңға қарай қалай өзгереді?

  2. Бір топтың элементтері атомдарының тотығу және тотықсыздану қасиеттерін салыстырыңдар.

  3. Тотығу-тотықсыздану реакцияларында теріс иондар қандай рөл атқарады?

  4. K2Cr2O7, KMnO4, H2SO4 тотығу –тотықсыздану реакцияларында не болып табылады?

  5. Зат тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болуы мүмкін бе және қандай жағдайда? Мысалдар келтіріңдер.

  6. Реакция теңдеулерін жазып, электрондық теңдеулерін құрастырыңдар, тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңдер:

    1. AI + O2 =

    2. P + O2 =

    3. SnCI2 + CI2 =

    4. Zn + Hg(NO3)2 =

    5. Cu + HNO3 (конц.)=

    6. Zn + KMnO4 + H2SO4 =

    7. NaNO3 + KMnO4 + H2SO4 =

    8. NaNO3 + KMnO4 + KOH =

    9. Zn + H2SO4 (конц.)=

    10. Mg + HNO3 ()=

    11. Cu + HNO3 ()=

    12. KMnO4 + HCI() =

    13. NH3 + O2 =

    14. P + HNO3 (конц.)=

    15. FeS2 + O2 =

    16. As2S3 + HNO3 =




    1. Электролиз.




  1. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролидінде анодта 8,96 л газ бөлінді. Оның массасын және электролизге ұшыраған мыс (ІІ) хлоридінің мыссасын есептеңдер.

  2. Сынап (ІІ) нитраты ерітіндісінің электролизінде катодта 60,3 г сынап бөлінді. Анодта қандай газ бөлінді? Оның көлемін табыңдар. Ерітіндіде қандай зат түзілді? Оның массасын табыңдар.

  3. 416 г 5%-тік барий хлориді ерітіндісінің электролизінде катодта және анодта қандай заттар бөлінді? Олардың көлемдерін табыңдар.

  4. Құрамында 10% мыс сульфаты бар 512 г ерітінді электролизінде катодқа және анодқа қандай заттар бөлінеді? Олардың массасын табыңдар.

  5. 2,8 л хлор алу үшін электролиздеуге керекті 8% кальций ерітіндісінің массасын табыңдар.

  6. 8 г мыс алу үшін электролиздеуге керекті 5%-ті мыс (ІІ) нитраты ерітіндісінің массасын табыңдар.

  7. 111 г натрий және калий бромидтерінің қоспаларын суда еріттік, осы ерітіндінің электролизінде анодта 80 г бром бөлінді. Бастапқы қоспаның құрамын массасы бойынша процентпен анықтаңдар.

  8. 200 г 10%-тік күкірт қышқылы ерітіндісі арқылы электро тогын жібергенде, анодта 11,2 оттек бөлінді. Электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі күкірт қышқылының концентрациясын есептеңдер.

  9. Құрамында 12% натрий гидроксиді бар 80 г ерітнді электролизденгенде катодта 13,44 л сутек бөлінді. Анодта бөлінген газ көлемі мен электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі натрий гидроксидінің концентрациясын есептеңдер.

  10. 952 г 10%-тік калий бромиді ерітіндісінің электролизінде анодта 40г бром бөлінді. Электролиз аяқталған кездегі ерітіндідегі заттың концентрациясын есептеңдер.


8-тақырып. БЕЙМЕТАЛДАР.

Сутек.

  1. Жер қыртыснда және әлемде сутек қалай таралған?

  2. Сутек неліктен химиялық элементтердің периодтық жүйесінде І және VІІ топтарда орналастырады? Сутек бір жағынан сілтілік металдармен, екінші жағынан галогендермен ұқсастықтары қандай?

  3. Сутек қосылғанда қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  4. Сутек молекуласындағы сутек атомдарының арасында байланыстың қандай түрі болады?

  5. Ғылымда сутектің қандай изотопы белгілі? Олардың ядросында қанша протондар мен нейтрондар болады?

  6. Сутекті қалай және қандай жолмен алады?

  7. Сутектің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  8. Бір цилиндр сутекпен, екіншісі оттекпен толтырылған. Қай цилиндрде қандай газ бар екенін қалай анықтайды?

  9. Күркіреуік қоспа дегеніміз не?

  10. Сутектің ауа бойынша салыстырмалы тығыздығын табыңдар.

  11. Неліктен сутекті ауа шарларын толтыруға қолданбай тастады?

  12. Сутектің қолданылатын жерлерін атаңдар.

  13. Молекулалық және атом күйіндегі сутектің реакцияласу қабілеттілігінің айырмашылығы немен түсіндіріледі?

  14. Сутек бір жағдайда тотықсыздандырғаш, бір жағдайда тотықтырғыш болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

  15. Сутекті қыздырылған темір (ІІІ) оксиді арқылы жібергенде, темір мен су буы түзіледі. Реакция теңдеулерін жазыңдар. Тотықтырғышты және тотықсыздандырғышты көрсетіңдер.

  16. Лабораторияда сутек алуға қандай металдар көбірек сәйкес келеді? Жауаптарыңды дәлелдеңдер.

  17. Өндірісте қандай металды алу үшін сутек тотықсыздандаырғыш ретінде қолданылады? Сәйкес реакция теңдеулерін жазыңдар.

  18. Сутекті басқа газдардан қалай ажыратуға болады?

  19. Сутек қолданылатын өндіріс салаларын атаңдар.

  20. Су газы дегеніміз не? Ол қайда қолданылады? Оның отын ретінде басқалардан айырмашылығы қандай?



Оттек.

  1. Оттек атомының сыртқы электрон қабатының электрондық құрылымы қандай? Осы топ элементтерінің басқа элементтермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

  2. Оттек қосылыстарында қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  3. Сутек пен ауа бойынша оттектің салыстырмалы тығыздығы қандай? Оттекпен ауа шарларын толтырға бола ма?

  4. Оттек суда ери ма? Оны суды ығыстыра отырып жинауға бола ма?

  5. Оттектің қандай қасиеті судың астында балықтарға өмір сүруге мүмкіндік береді және неліктен қыс кезінде тоғандарда ойық жасайды?

  6. Бидай және басқа өсімдіктердің дәндері жарықта өскенде көмірқышқыл газын жұтып, оттек бөлетін тәжірибе жүзінде қалай дәлелдеуге болады?

  7. Неліктен қалың үйілген ылғал дәндер қызып, оралған шүберек сияқты жанады?

  8. Неліктен ылғал ағаштар нашар жанады?

  9. Өрт сөндірудегі суды қолдану қандай қасиетіне негізделген?

  10. Топырақты қимен жылыту негізінде қандай химиялық құбылысқа жатады?

  11. Оттек табиғатта қандай түрде кездеседі? Оның жер қырытысы мен ауадағы құрамы қандай?

  12. Оттектің табиғаттағы айналымдарын суреттеңдер.

  13. Оттекті лабораторияда және өндірісте қалай алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  14. Оттекті электролизбен алуғабола ма?

  15. Ауадағы құрамына байланысты ауаның қалыпты қысымында оттектің үлестік қысымын анықтаңдар.

  16. Неліктен оттек тыныш электр разрядының әсерінен неғұрлым белсенді бола бастайды?

  17. Сүңгіуір қайықтарда қандай реакцияның көмегімен оттек алады? Реакция теңдеулерін жазыңдар.

  18. Озонның физикалық қасиеттерін сипаттаңдар. Оның оттекпен ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетіңдер.

  19. Озон ауадан, сутектен, оттектен және азоттан қанша есе ауыр?

  20. Судың ауытқушылық қасиеттерін сипаттаңдар. Олар қалай білінеді? Олардың қандай практикалық маңызы бар?



Галогендер.

  1. Әрекеттесу реакция теңдеулерін жазыңдар: а) бром мен натрий, кальций мен алюминий; б) хлор мен калий және алюминий иодиді.

  2. Ылғал қатысында хлордың ағартқыш қасиеті немен түсіндіріледі?

  3. Хлорсутек пен тұз қышқылын қалай алады?

  4. Хлордың оттекті қышқылдарының формулаларын жазыңдар. Осы қосылыстардағы хлордың тотығу дәрежелерін көрсетіңдер. Осы қышқылдарды атаңдар.

  5. Хлорлы әк пен бертолле тұзын қалай алады?

  6. Галогендер тек тотықтырғыш, тек тотықсыздандырғыш, тотықтырғыш та тотықсыздандырғыш та болатын қосылыстарға мысалдар келтіріңдер.

  7. Хлор менкалий гидроксидінің қыздырғанда және қыздырмай әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңдар. Алынған қосылыстарды атаңдар.

  8. Құрамында хлор бар натрий тұздарының формулулурын жазыңдар және оларды атаңдар.

  9. Хлорды техникада қалай алады?

  10. Теріс зарядталған галогендердің иондары мен бос галогендар қандай қасиет көрсетеді?

  11. Неліктен хлор суы, бром суы, йод суы бар, ал фтор суы жоқ?

  12. Хлор суы дегеніміз не?

  13. Хлорды йодта еріткенде хлормен бірге тұз қышқылы және хлорлылау қышқыл болатынын қалай дәлелдеуге болады?



Күкірт.

  1. Сутек, оттек және металдармен қосылыстарында күкірт қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?

  2. Күкірттің сутекті қосылыстарыноларға ұқсас қосылыстарынан қалай алуға болады?

  3. Күкіртсутектің физикалық және химиялық қасиеттерін атаңдар.

  4. Натрий сульфиті мен мырыш сульфаты әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар.

  5. Күкіртсутек қышқылының натриймен, кальциймен және алюминиймен түзетін орта және қышқыл тұздарының формулаларын жазыңдар.Осы тұздарды атаңдар.

  6. Күкіртті ангидриді қалай алады? Оның физикалық және химиялық қасиеттерін атаңдар.

  7. Егер йод суында күкіртті қышқыл ерітіндісін қосса, онда қоңыр түс жоғалады. Осы құбылысты түсіндіріңдер.

  8. Күкіртті қышқылдың және оның тұздарының қасиеттерін сипаттаңдар.

  9. Техникада қандай зат «гипосульфит» деп аталады?

  10. «Гипосульфитті» қалай алады және қайда қолданады?

  11. Күкірт ангидридінің физикалық және химиялық қасиеттерін сипаттаңдар.

  12. Күкірт қышқылын қалай алады? Күкірт қышқылы өндірісінің негізіне жататын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

  13. Олеум, моногидрат және тотяйын майы деген не?



Химия пәні бойынша бақылау - өлшемдік құралдары.
1.Химиялық элементтер. Атом,молекула және олардың

сипаттамалары.Салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар.

2.Химияның стехиометрилық заңдары: құрам тұрақтылық заңы,зат массасынын сақталу заңы.

3.Моль.Молярлық масса.Авогадро заңы.Молярлық көлем.

4.Химиялық реакциялар және олардың белгілері.

5.Химиялық реакциялардың түрлері: қосылу,айырылу,орын басу,алмасу,экзотермиялық және эндотермиялық,тотығу-тотықсыздану.

6.Бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластары:оксидтер, қышқыдар,негіздер,тұздар.

7.Бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттері , генетикалық байланыс.

8.Ерітінділер.Қышқылдар мен негіздердің теориясы. Иондық реакциялар.

9.Протондық теория.Усановичтің жалпылама қышқылдық-негіздік теориясы.

10.Тұздардың гидролизі.

11.Д.И.Менделеевтің периодтық заңы мен периодық жүйесі.

12.Периодтық заңның қазіргі тұжырымдамасы

13.Атом құрылысы. Қарапайым бөлшектер (протон, нейтрон, электрон).Атом ядросының құрамы (протондар мен нейтрондар).

14. Изотоптар. Электрон бұлттарының пішіндері s-, p-, d-электрондар.

15.Электрондық орбитальдар. s-, p-, d- элементтер атомдарының электрондық конфигурациялары.

16.Атомдардың валенттігі. Тотығу дәрежесі.

17.Негізгі топшалар элементтерінің периодты түрде өзгеруі: атомдар және иондар радиустары, иондану потенциалы, электрон тартқыштығы, электртерістігі, тотығу дәрежесі.

18. Заттың құрылым бөлшектері: атом, молекула, ион. Химиялық байланыстың түрлері. Коваленттік байланыс: полюсті, полюссіз, донорлық – акцепторлық.

19. Гибридтену типтері (sp-, sp2-, sp3-) гибридтельген орбитальдар және олардың пішіндері. Молекулалардың кеңістік құрылыстары.

20. Иондық байланыс. Иондық және коваленттік қосылыстардың қасиеттері. Металдық байланыс. Сутектік байланыс.
21. Кристалл торларының түрлері: атомдық, молекулалық, иондық, және металдық. Жай және күрделі заттар қасиеттерінің химиялық байланысы пен кристалл торлары.

22. Құрамы тұрақты және ауыспалы заттар.

23. Химиялық реакциялардың жылдамдығы. Химиялық реакциялардың жылдамдығына әсере ететін фактолар: заттың табиғаты, температура (Вант-Гофф ережесі), концентрация, реагенттердің жанасу беті.

24. Катализаторлар мен ингибиторлар. Гомогенді және гетерогенді катализ.

25. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысу жағдайлары. Ле-Шателье ұстанымы.

26. Химиялық процестерді басқарудағы реакцияның жүру заңдылығы.

27.Химиялық элементтердің элементтердің периодтық жүйесіндегі металдар мен бейметалдардың орналасуы s-, p-, d-,f-элементтер. Металдар мен бейметалдардың атом құрылыстарның ерекшеліктері.

28.Электртерісітк пен иондану потенциалдары.периодтар мен топтарда элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтары.

29. Металдар. периодтық жүйедегі орнына байланысты негізгі және қосымша топша металдары. Металдық байланыс пен кристалл торы.

30. Металдардың табиғатта таралуы. Металдардың физикалық қасиеттері. Құймалар. Қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстары.

31. Металдардың электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі жолдары.

32. Металл оксидтерін сутекпен, көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандыру және металлотермия. Аса таза металдар алудың бір жолы – электролиз.

33.Коррозияның түрлері және одан сақтану.

34. Қазақстандағы металдар мен бейметалдардың пайдалы қазбалары.

35.Өнеркәсіптің әртүрлі салаларында және тұрнмыста металдар мен бейметалдарды пайдалану. Тірі организмдердің тіршілік әрекетіндегі металдар мен бейметалдардың маңызы.

36. Периодтық жүйедегі s-элементтердің орналасуы. Олардың атом құрылысы. s-элементтердің тотықсыздандырғыштық қасиеті.

37. І топтың негізгі топшасы металдары. Натрий мен калий. Табиғатта кездесуі. Алынуы.

38.Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен,сумен әрекеттесулері.

39.Маңызды қосылыстары: - оксидтері, гидроксидтері, тұздары (нитраттар, хлоридтер, сульфаттар, карбонаттар).

40.Натрий мен калий қосылыстарының қолданылуы.

41. ІІ топтың негізгі топша металдары. Кальций мен магний. Табиғатта таралуы мен алынуы.

42.Жай заттарының физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, фосформен, сутекпен,сумен және қышқылдармен әрекеттесуі.

43. Маңызды қосылыстары – оксидтері, гидроксидтері, тұздары (сулфаттар, карбонаттар), олардың қасиеттері мен қолданылуы.

44. Судың кермектігі және оны жою әдістері.

45. Мыс, мырыш,хром, темір. Периодтық жүйедегі орны. d-элементтерінің атом құрылысы.Табиғатта кездесуі. Қазақстандағы бұл металдардың пайдалы қазбалары. Алынуы.

46. Физикалық және химиялық қасиеттері. Хлормен, оттекпен, қышқылдармен және тұздармен әрекеттесуі.

47.Маңызды қосылыстары – оксидтер және гидроксидтер.Тұздары.Тұздарының гидролизі.

48. Металдардың өнеркәсіпте қолданылуы және тірі организмдегі тіршілік әрекеті.

49. Периодтық жүйедегі р- элементтердің орналасуы: олардың атом құрылысы,электротерістіктері. Қазақстандағы маңызды пайдалы қазбалары.

50. ІІІ топтың негізгі топша элементтері. Алюминий. Табиғатта таралуы. Алынуы.

51. Физикалық, химиялық қасиеттері: галогендермен, оттекпен, күкіртпен, азотпен, сумен, қышқылдармен және негіздермен әрекеттесуі.

52.Алюминий және оның қосылыстарынң амфотерлік қасиеттері.АІ3+ сапалық анықтау. Алюминий және оның құймаларының қолданылуы.

53.IV топтың негізгі топша элементтері.

54. Көміртек және кремний. Табиғатта таралуы және алынуы. Көміртектің аллотропиясы (гибридтену типу, кристал торлары).

55.Жай заттардың физикалық қасиеттері. Адсорбция және оның қолданылуы.

56.Көміртек пен кремнийдің химиялық қасиеттері. Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттері.

57. Маңызды қосылыстары: көміртек (ІІ), көміртек (IV) оксиді және кремний (IV) оксиді, көмір және кремний қышықлдары, тұздары.

58. арбонаттар мен силикаттардың гидролизі. Көміртек, кремний қослыстарының қолданылуы. Құрылыс материалдары: шыны,цемент, бетон.

59. V топтың негізгі топша элементтері.

60.Азот және фосфор. Табиғатта таралуы. Азот пен фосфордың алынуы. Молекулаларының құрылысы.

61.Жай заттарының физикалық қасиеттері.Химиялық қасиеттері.

62. маңызды қосылыстары. Аммиак, молекуласының құрылысы, аммоний тұздары, оның қасиеттері және қолданылуы. Азот (ІІ) және (IV) оксидтері.

63.Азот қышқылы, физикалық қасиеті,сұйытылған және концентрлі азот қышқылының қасиеттері. Нитраттар және олардың қасиеттері.Азот қышқылының металдармен және бейметалдармен әрекеттесуі.

64. Фосфор (V)оксиді, Фосфор (мета және ортофосфор) қышқылдары. Фосфаттар олардың гидролизі.

65. Нитраттар және фосфат иондарын сапалық анықтау.

66.Азот және фосфор, олардың қосылыстарының қолданылуы.

67. VІ негізгі топша элементтері.

68.Оттек және күкірт. Табиғатта таралуы. Олардың алынуы. Молекулаларының құрылысы.

69. Жай заттарының құрылысы. Күкірт пен оттектің аллотропиялық түр өзгерістері. Озонның алынуы және қасиеттері.

70.Оттек пен күкірттің химиялық қасиеттері.

71.Маңызды қосылыстары. Су. Ауыр су. Судың физикалық және химиялық қасиеттері.

72. Күкіртсутек және сульфидтер. Сульфидтердің гидролизі. Күкірт (IV) және (VІ) формулалары. Күкірт қышқылы. Физикалық қасиетері. Сұйытылған және концентрлі күкірт қышқылдарының қасиеттері.

73.Сульфаттар және олардың қасиеттері. Сульфат ионын сапалық анықтау.

74.оттек пен күкірттің және олардың қасиеттерінің қолданылуы.

75. VІІ топтың негізгі топша элементтері.

76.Хлор және иод. Табиғатта таралуы. Олардың алынуы.

77. Жай заттардың физикалық қасиеттері. Химиялық қасиеттері.

78. Маңызды қосылыстары.Хлорсутек және тұз қышқылы , тұз қышқылының қасиеттері.

79.Хлоридтер. Хлор ионын сапалық анықтау. Хлор иод және оның қосылыстары. Иодтың биологиялық маңызы.

80.Қоршаған ортаны қорғау. Қазақстандағы химия өнеркәсібі.

81.Металлургия. Металдар кендері (оксидтер, сульфидтер, карбонаттар).Металдар кендерін байыту, флотациялау. Металдарды өнеркәсіпте алудың негізгі жолдары: пирометаллургия (темір), электрометаллургия (алюминий), гидрометаллургия (мыс).

82.Металдардың құймалары. Қазақстанда қара және түсті металдар құймалары.

83. Шойын және болат өндірістері.

84. Силикат өнеркәсібі. Аммиак өнеркәсібі. Азот қышқылы өндірісі. Тыңайтқыштар өндірісі.Күкірт қышқылын өндіру.



Глоссарий

  1. Атом – (грекше бөлінбейтін) - химиялық элементтің ең кіші бейтарап бөлшегі. «Атом» терминінің ғылымға ендірген грек ғалымы Демокрит. Одан соң атом туралы ілімді дамытқан ағылшын ғалымы М.Ломоносов. әрбір элементке белгілі бір атомның түрі сәйкес келеді. Атом оң зарядты ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электроннан тұрады. Сондықтан атом бейтарап. Атом бос күйінде және молекула құрамында қосылыс түрінде кездеседі.

  2. Атом молекулалық ілім – бұл ілімді дамытып тұңғыш рет оны химияға қолданған орыстың ұлы ғалымы М.В.Ломоносов. бұл ілімнің негізгі қағидалары. «Математикалық химияның элементтері» (1741ж) аты еңбекке жарияланды. «Денелер корпускуладан (молекула), ал корпускуладан элементтерден тұрады» - деді. Бұл ілімді әрі қарай дамытқан ағылшын химигі Д.Дальтон. 1808 жылы жазған «Химиялық философияның жаңа жүйесі» - атты еңбегіне «заттар әлі бөлінбейтін кішкене бөлшектерден, атомдардан тұрады» - деді. Атом-молекулалық ілім 1860 жылы болған.

  3. Айыру реакциясы. Реакция нәтижесінде бір заттан бірнеше зат түзілетін реакцияны «айрылу реакциясы» дейміз. Мысалы:

2HI = H2 + I2

  1. Алмасу реакциясы – реакция нәтижесінде екі зат өзінің құрам бөліктерімен екі, жаңа зат түзіп алмасатын реакцияны «алмасу реакциясы» дейміз. Al2O3 + H2SO4 = Al2(SO4)3 + H2O

  2. Валенттілік – (лат: валенс - күш) – атомның ионның, радикалдың кесімді санымен әрекеттесіп, химиялық байланыс түзу қабілеттілігі. Валенттілік мәні қосылған бөлшектерге сай анықталады. Валенттік туралы түсінікті алғаш өндірген ағылшын ғалымы Эдуард Франкланд.


  3. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет