Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. В. Ломоносов атындағы №5 орта мектеп – лицейі бекітемін



бет3/7
Дата19.02.2017
өлшемі1,06 Mb.
#10499
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Әдебиеттер: 1, 2,6


ООӨЖ №8.

Тақырыбы: Кристалдық тор типтері

Мақсаты: Зат құрылысы туралы, зат қасиетінің химиялық байланыс

табиғатына тәуелділігі және кристалл торларының типі туралы білімді тереңдету және жүйелеу: мына сызба нұсқаны қарастырғанда бір-бірімен байланыстыра білуді қалыптастыру: химиялық байланыс түрі → кристалл торының типі → зат қасиеті.



Тапсырма:

1.Элементтердің электртерістік кестесін қолдана отырып,

қосылыстардың формуласын құрыңдар: а) кремнийдің хлормен; б)

азоттың сутекпен; в) калийдің күкіртпен; бордың оттекпен. Әрбір

элементтің тотығу дәрежесін және әрбір қосылыстағы химиялық

байланыстың түрін анықтаңдар.



Сұрақтар:

  1. Кристаллдың тор типтері, 2) химиялық байланыс → кристалл

торының типі → зат қасиеті.

  1. Атомдық кристалл торлы зат қандай физикалық қасиеттер

көрсетеді? Мысалдар келтіріңдер.

  1. Тұрмыста көбінесе кристалдық заттар – йод, нафталин, ванилин, сода көп қолданылады. Олардың кристалдарының құрылысын қандай қасиеттері бойынша анықтауға болады? Осы қасиеттерді және әрбір заттың кристалл торының типін анықтаңдар.

Әдебиеттер: 1,2,6
ООӨЖ №9.

Тақырыбы: Жай заттар қасиетінің химиялық байланыстардың түрі мен кристалл торларының типіне тәуелділігі.

Мақсаты: Зат қасиеттерін олардың құрылысы бойынша болжай білуді және

олардың қасиеттері бойынша зат құрылысын анықтай білуді дамыту.



Тапсырма:

1.Атом құрылысы тұрғысынан №15 элементтің валенттік

мүмкіндіктерін анықтаңдар. Оның жоғарғы және төменгі тотығу

дәрежесін көрсететін қосылыстарына мысал келтіріңдер.



2.ВСІ2 молекуласының геометриялық түрі қандай? Осы

молекулада байланыс түзілгенде электрондық орбитальдар бірін-

бірі қалай бүркейтінін сипатта.

Сұрақтар:


  1. Иондық коваленттік полюсті және коваленттік полюссіз

байланыстары болатын күкірт қосылыстарының формулаларын жазыңдар. Оларда қандай кристалл торлар болуы мүмкін. Бұл заттар қандай физикалық қасиеттер көрсетеді?

Әдебиеттер: 1,2,6


ООӨЖ №10.

Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Негізгі алған білімді қайталау және жүйелеу алынған дағдыларды дамыту.

Тапсырма:

№4 тестті талдау (дидактикалық тапсырмалар 37-42 беттер)



Сұрақтар:

  1. Ковалентті байланыстың негізгі сипатын атаңдар?Олар қалай аталады?

  2. Неліктен иондық байланысты бағытталмаған деп есептейді? Иондық қосылыстар түзгенде атомдардың валенттілігін анықтауға болама? Нақты мысалдар келтіріңдер.

  3. Металдық байланыстың иондық және коваленттік байланыстарымен ұқсастықтары бар. Байланыстардың осы түрлерінің арасындағы ұқсастықтармен айырмашылықтарды түсіндіріңдер.

  4. Су молекулаларының арасында сутектік байланыс болуының жердегі тіршілік үшін қандай мәні бар?

Әдебиеттер: 1,2,6(35 бет).
ООӨЖ №11.

Тақырыбы: Катализ.

Мақсаты: Катализ және катализаторлар (өршіткілер) туралы түсінік беру; гомогенді және гетерогенді жүйелердегі катализ құбылысының мәнімен және өршіткілердің әсерінің ерекшелігімен таныстыру;

катализдік асорбциялық теориясы туралы көзқарас туғызу.



Тапсырма:

  1. Химиялық реакцияның тұрақтылығы дегеніміз не? Бұл

түсініктің физикалық мәні қандай? Ол неге байланысты? Мысалдар келтіріңдер.

2. Әрекеттесетін заттар молекулаларының соқтығысуы әрқашан олардың әрекеттесуіне әкеле ме? Белсенді молекулалар дегеніміз не және олардың басқаларынан қандай айырмашылығы бар?



Сұрақтар: 1. Катализ құбылысы.

  1. Гомогенді және гетерогенді катализден қалай ерекшеленеді?

Мысалдар келтіріңдер.

  1. Автокатализ дегеніміз не?

  2. Тежегіштер дегеніміз не? «Катализдік у» және «промоторлар», ферменттер деген не?

  3. Ферменттер адам және жануарлар тіршілігінде қандай роль атқарады? \

  4. Гетерогенді катализ теориясымен практикасына көп еңбек сіңірген Қазақстандық ғалымдарды атаңдар.

Әдебиеттер: 1,2,6(47 бет

ООӨЖ №12.

Тақырыбы: Химиялық процестерді басқару үшін химиялық реакция туралы білімдердің мәні.

Мақсаты: химиялық процестерді белгілі бір мақсатпен басқару үшін химиялық реакцияның жүру заңдылықтары туралы білім маңызы туралы көз қарасты тереңдету.

Тапсырмалар: 1. Химиялық реакцияның жылдамдығы

Сұрақтар:

Әдебиеттер: 1,2,6.


ООӨЖ №13.

Тақырыбы: Білімді жүйелеу мен қорытындылау.

Мақсаты: Химиялық реакцияның жүру заңдылықтары туралы білімді жүйелеу және қорытындылау; химиялық процестерді басқарудағы олардың рөлі туралы қорытынды жасау.

Тапсырма:

1.Химиялық реакцияның жылдамдығы әрекеттесетін заттар

концентрациясына қалай тәуелді екенін түсіндіріңдер. Мысалдар

келтіріңдер.


  1. А затының бастапқы концентрациясы 2,4 моль\л, ал 5

минуттан кейін оның концентрациясы 2,2 моль\л болды. Осы реакцияның орташа жылдамдығы қандай|?

Сұрақтар:

1. Химиялық реакцияның жылдамдығы.

2. Әртүрлі факторлардың (концентрацияның, қысымның,

температураның, өршіткі қатысының) гомогенді және гетерогенді

реакция жылдамдығына әсері;

3. Химиялық реакцияның механизмі;

4. Химиялық тепе-теңдік және оның ығысуына түрлі

факторлардың әсері. Ле – Шателье принципі.



Әдебиеттер: 1,2,6(45-47 беттер)
ООӨЖ №14.

Тақырыбы: Металдардың құрылысы мен физикалық қасиеттері.

Мақсаты: Металдардың жай заттары құрылысының ерекшеліктері, металдық байланыс, металдың кристалл торының түрлері, металдар құймалары туралы оқушылардың білімдерін жүйелеу және қорытындылау.

Тапсырма:

  1. Химиялық элемент құрамы Э2О оксид түзеді, оның молярлық

массасы 94 г\моль. Осы элементті анықтап, оған тән қасиеттерді атаңдар.

  1. 4 г екі валентті металл броммен әрекеттескенде оның 20 г

бромиді алынған. Бұл қандай металл екенін анықтаңдар.

Сұрақтар:

  1. Элемент – металл мен зат – металдың арасындағы

айырмашылық қандай? Әр жағдайда қасиеттер неге байланысты? 2. Металл кристалдарының құрылысы. Кристалл торларының түрлері. Металдардың кристал торының модельдерін көрсету: кубтық (кубтық – қырланған және кубтық орталықтанған) және гексоганальді.

3.Металдардың жалпы физикалық қасиеттері, жеке физикалық

қасиеттері.

4. Металдар құймасы.



Әдебиеттер: 1,2,6
ООӨЖ №15.

Тақырыбы: Табиғаттағы металдар. Металдарды алудың негізгі тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларды металдарды алудың негізгі әдістерімен таныстыру.

Тапсырмалар:

  1. Кендерден металдарды алудың негізгі тәсілдері:

пирометаллургия, металлотермия, гидрометаллургия,

электрометаллургия.



  1. Массасы 240 г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80 г

көмір жұмсалады: MgO + C → Mg + CO, осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?

  1. Таза металл алу үшін сутек пайдаланылады. Осындай тәсілмен

вольфрам оксидінен WO3 таза вольфрам алынады. Реакция теңдеуін жазып. 2 моль вольфрам алуға кететін сутектің массасын есептеңдер.

Сұрақтар: 1. Металдардың табиғатта кездесуі туралы айтыңдар.

2. Металлургия өндірісі қандай сатылардан тұрады?

3. «Кендер» деп нені айтады?

4. Қасиеті күні бұрын айқындалған металл материалдарды алу

проблемасы қалай шешілді?

Әдебиеттер: 1,2,6
ООӨЖ №16.

Тақырыбы: Тақырып бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

Мақсаты: Электролиз және металдар коррозиясы процестері туралы білімдерді жүйелеу және қорытындылау; осы процестердің сызба нұсқасын құрастыра білу себебін оларды қолдана отырып есептер шығаруды жетілдіру.

Тапсырмалар:

1.Электролиз сызба нұсқасын (енжар электродтармен)

құрастырыңдар: а) магний хлоридінің балқымасының; ә)

күміс нитратының ерітіндісі;

2.Егер анодта 67,2 м3 (қ.ж.) газ бөлінсе, онда калий хлориді

балқымасының қандай мөлшері (моль) электролизге

ұшырағаны?

Сұрақтар:


  1. Неліктен қалайылған ыдыс (қалайымен қапталған темір)

қорғаныш қабаты бүлінгенде таттанады және тез бұзылады

  1. Мына металдармен қапталған болат бұйымдардың жемірілуінің сызбанұсқасын жазыңдар: а) никель ә) қалайы б) хром.

Әдебиеттер: 1,2,6(56-57 б)
ООӨЖ №17.

Тақырыбы: Натрий және калий қосылыстары.

Мақсаты: Сілтілік медалдардың маңызды қосылыстарының құрамы және қасиеттері туралы білімдерін жүйелеу; оқушыларды натрий және калий қосылыстарының қолданылуымен, олардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызымен таныстыру.

Тапсырма:

  1. 2 кг 25 ٪ калий хлориді ерітіндісін электролизге ұшыратқанда

сілтінің қандай массасын алуға болады?

  1. 20 г натрий гидроксидімен 20 г хлорсутек әрекеттескенде

қанша г тұз түзіледі?

3. 300 г 2٪ -тік натрий хлориді ерітіндісімен 300 г 2٪ -тік күміс

нитраты ерітіндісі әрекеттескенде түзілетін тұнбаның массасы

қанша?


Сұрақтар:

1. Натрий және калий гидроксидтері мен оксидтерінің қасиеттері.

2. Күнделікті тұрмыста және өндірісте натрий мен калийдің қандай

қосылыстары қолданылады?



Әдебиеттер: 1,2,6 (61-63 б)
ООӨЖ №18.

Тақырыбы: Магний және кальций қосылыстары.

Мақсаты: магний мен кальций қосылыстарына жататын оксидтер, гидрооксидтер және тұздар туралы, олардың табиғаттағы, тұрмыстағы және өнеркәсіптегі маңызы туралы оқушылар білімдерін жүйеге келтіру; оқушыларды кальций карбонаттары мен гидрокарбонаттары айналылымының процестерімен таныстыру.

Тапсырма:

1.Егер өнімнің шығымы теорииялық мүмкіндіктің 85٪-ын

құрайтын болса, құрамында 20 қоспасы бар 200кг әктастан қанша

сөндірілмеген әк алуға болады.

2.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін

жазыңдар:

А)Са →СаО→Са(ОН)2→СаСО3→СаО→Са3(РО4)2

Ә)MgCl2→Mg→MgO→Mg(OH)2→MgCO3→Mg3(PO4)2



Сұрақтар:

1.Кальций және магний оксидтері мен гидроксидтерінің химиялық

қасиеттерін сипаттаңдар, дәлелдейтін реакция теңдеулерін

жазыңдар.

2.Құрылыста қолданылатын кальций және магний қосылыстарының

атауларын және формулаларын келтіріңдер, жүретін реакция

теңдеулерін жазыңдар. 3.Кальций және магнийдің табиғатта

айналымының сызбанұсқасын бейнелендер.

Әдебиеттер: 1,2,6 (63-64)
ООӨЖ №19.

Тақырыбы: білімді қорыту және жүйелеу.

Мақсаты: оқылған тақырып бойынша оқушылардың білімді меңгеру деңгейін тексеру; алынған нәтижелер негізінде қолданған оқыту әдісінің тиімділігін талдау.

Тапсырма:

1.Мына айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция

теңдеулерін жазыңдар:

А) Ғе→ҒеСІ3→Ғе→ҒеСІ2→?→Ғе(ОН)3→?→Ғе

Ә)Cr→CrCL3→Cr(OH)3→Cr2O3→Cr2(SO4)3→K2Cr2O7

Б)Zn→ZnS→ZnCL2→Zn(OH)2→Na2ZnO2

Сұрақтар:

1.Химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі орналасу

тұрғысынан мыстың, мырыштың, темірдің, хромның атом

құрылысын, валенттік мүмкіндіктері,физикалық және химиялық

қасиеттерін сипаттаңдар.Сәйкес реакция теңдеулерін келтіріңдер.

2.Мырыш тұз қышқылымен сутек түзе әрекеттеседі,мырышты мыс

хлоридінің сулы ерітіндісіне салғандада, сутектің белсенді,

бөлінетіндігін көруге болады.осы құбылысты түсіндіріңдер.

Әдебиеттер:1,2,4,6 (66-67)

ООӨЖ №20.
Тақырыбы: Көміртектің маңызды қосылыстары.

Мақсаты: Оқушылардың көміртектің қосылыстарымен: оксидтердің (ІІ),

(IV), көмір қышқылының және карбонаттардың маңызды қасиеттерімен, олардың практикада қолданылуымен таныстыру, жылы жай эффектісі, көміртектің биохимиялық рөлі және табиғаттағы көміртек айналымы туралы мағлұмат беру.



Тапсырма:

1.Натрий карбонатын натрий сульфатынан қалай алуға болады?

мүмкін болатын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.


  1. Массасы 8 гр калий мен натрий карбонаттарының қоспасын

күкірт қышқылымен өңдегенде 10,24 гр осы металдардың сульфаттарының қоспасы алынды. Бастапқы қоспадағы әрбір тұздың массалық үлесін (٪) есептеңдер.

Сұрақтар:

1. Көміртек (ІІ, ІV) оксидтері.

2.Көмір қышқылы және оның тұздары.

Әдебиеттер: 1,2,3

ООӨЖ №21.

Тақырыбы: Білімді қорытындылау және жүйелеу (ІІІ А, IV А,V Атоп элементтері).

Мақсаты: Д.И. Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесінің

ІІІА - VА топтарының р-элементтері туралы білімді қортындылау және жүйелеу.



Тапсырма:

  1. Массасы 9 гр алюминий мен мыс қоспасын тұз қышқылымен

өңдегенде, реакция аяқталған соң 5,6 л (қ.ж.) газ жинап алынды. Қоспадағы мыстың массалық үлесін есептеңдер.

2. массасы 10 гр кремний мен көмір қоспаларын конц.сәілтінің артық мөлшерінің ерітіндісімен қыздыру арқылы өңдеу нәтижесінде көлемі 5,6 л қ.ж. сутек бөлінді. Осы қоспадағы көміртектің массалық үлесін есептеңдер.



Сұрақтар:

1.р-элементтерде қандай электрондар валенттік электрондар

болып табылады?

2.Атомдардың және иондардың радиустары электртерістігі және

тотығу дәрежесі қалай өзгереді?

3.Бір типті байланыстардың сипаты қалай өзгереді?

4.Период және топ бойынша оксидтер мен гидроксидтердің

қышқылдық негіздік және тотығу-тотықсыздану қасиеттерінің

өзгеріу бағыттары?

5.Сутектік қосылыстар қасиеттерінің өзгері сипатында қандай

тенденциялар байқалады?



Әдебиеттер: 1,2,3,6 (60-65)

ООӨЖ №22.
Тақырыбы: Оттектің маңызды қосылыстары. Озон, Су.

Мақсаты: VI топ элементтеріне жалпы сипаттама беру; оттектің периодтық

жүйесіндегі орнына байланысты оны VI топ элементі ретінде сипаттау,

оқушыларды олардың аллотропиялық түр өзгерістерімен, құрылысымен

физикалық және химиялық қасиеттерін, оттегінің табиғаттағы рөлімен

және практикада қолданылуымен, табиғаттағы оттек айналымымен

таныстыру; оның өзіне тән физикалық қасиеттерімен табиғаттағы су

айналымымен таныстыру.

Тапсырма:


  1. Озон мен оттектің қоспасын сутек бойынша тығыздығы 18-ге

тең.Қоспаның көлемдік құрамын табыңдар.

2.Егер озонатордан шыққан газ сол жағдайда 16 л көлем алса,

озонатор арқылы қанша көлем оттегі өткізілген.

3.Лабораторияда және өнеркәсіпте оттекті қандай жолдармен

алады?Химиялық реакция теңдеулері жазыңдар және олардың

жүру жағдайларын көрсетіңдер.



Сұрақтар:

1.Атмосферада оттек құрамының тұрақтылығы және оның қалпына

келу көздер (фотоситнез)

2.Оттек молекуласының құрылысы және парамагниттік қасиеттері.

3.Оттекті алу жолдары,оттектің тотықтырғыш қасиетттері және

жанудың адам өркениеті дамуындағы рөлі.

4.Оттектің табиғатта ролі және ғылым мен теникада қолданылуы.

5.Оттек аллотропиясы. Озон және оның тотықтырғыш қасиеті.

Атмосферадағы озон қабатының проблемасы.

Олардың табиғаттағы адам және өсімдіктер өміріндегі ролі.

6.Су әмбебап еріткіш.Судың өзіне тән физикалық қасиеті.

7.Судың химиялық қасиеттері. Гидролиз.



Әдебиеттер: 1,6
ООӨЖ №23.

Тақырыбы: Білімдерді жүйелеу және қорытындылау (VIIA, VIA, VA топ элементтері)

Мақсаты: Алынған білімді тереңдетіп, жүйелеу; оны практикада қолдана білу, жетілдіру.

Тапсырма:

1.Мына заттардың қайсысымен конц.азот қышқылы әрекеттеседі:

а)темір (ІІ) сульфиді, б)кальций; в) темір (ІІ)оксиді; г) көміртек,;

д) көмірқышқыл газы; е) темір.Ион алмасу реакциялары үшін

иондық теңдеулерін, тотығу-тотықсыздану реакциялары үшін

электрондық баланс құрастырыңдар.



Сұрақтар:

  1. VII, VI, V, ІVтоп элементтері – бейметалдарды мына жоспар

  2. бойынша сипаттаңдар: а) элементтер атомдарының құрылысы, олардың валенттік мүмкіндіктері;ә)химиялық сипаты және топтағы химиялық белсенділігінңі өзгеруі;б)жай заттардың құрылысымен физикалық қасиеттері;г)жай заттардың химиялық қасиеттері жәнне оларға тән химиялық қасиеттері.

Әдебиеттер:1,2,6

ООӨЖ №24.
Тақырыбы: Металл құймалары

Мақсаты: Құймалар алудың жолы, тәсілдері, олардың ғылым мен техникадағы рөлі туралы оқуы.

Тапсырма:

1.Әшекей бұйымдарды жасау үшін алтынның әр түрлі

сынамадағы құймалары қолданылады, ол 1000 гр құймадағы

алтынның гр санын көрсетеді. Массасы 8 гр сынамасы 583

сақинада қанша гр алтын бар екенін анықтауға болады.

Сұрақтар:

1.Құймалар.

2.Құймаларды жіктеу.

3. Кең таралған құймалардың қасиеттері.

4.Құймаларды алудың жалпы тәсілдері

5. Құймаларды тұрмыста ғылымда техникада және өнеркәсіпте

қолдану.

Әдебиеттер: 1 (294-296),2
ООӨЖ №25.
Тақырыбы: Силикат өнеркәсібі шыны өндірісі. Цемент және басқа сикат металдарының өндірісі.

Мақсаты: Оқушыларды силикат өнеркәсібі өнімдерінің негізгі түрлерімен және оларды өндіру технологияларымен таныстыру.

Тапсырма:

1.Na2O*CaO*6SiO2 терезе шынысын алу негізінде жатқан

химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Шыны құрамындағы мынадай оксидтердің: Na2O SiO2 Al2O3

PbO BaO рөлін түсіндіріңдер.

3. Шыны бұйымдарының кемшіліктері мен жетістіктері.



Сұрақтар:

1. Силикат өндіріс және оның негізгі бағыттары.

2. Керамика, керамикадан жасалған құрылыс материалдары.

3. Цемент өндірісі. Цементтің,бетонның,темір бетонның

қолданылуы.

4.Шыны өндірісі, шыны түрлері және олардың қолданылуы.



Әдебиеттер: 1,2,


ООӨЖ №26.
Тақырыбы: Минералды тыңайтқыштар өндірісі.

Мақсаты: Оқушыларды Қазақстанның химиялық өнеркәсібі мысалында калий, азот, фосфор және кешенді минералды тыңайтқыштар өндірісінің технологиясымен қысқаша таныстыру.

Тапсырма:

1. Қай элементтер өсімдік тіршілігінд аса маңызды оөл атқарады.

2.Қандай тыңайтқыштар минералды деп аталады?

3.Азот, фосфор тыңайтқыштары өсімдіктің дамуында қандай роль

атқарады, олардың қоректік құндылығы

4. Қандай тыңайтқыштар кешендік деп аталады?

5.Минералды тыңайтқыштарды өндіру және қолдану саласында

қандай экологиялық мәселелері бар?



Сұрақтар:

1. Тыңайтқыштардың маңызы

2.Тыңайтқыштарды жіктеу

3.Сұйық және түйіршіктелген тыңайтқыштардың ұнтақ

тыңайтқыштардан артықшылықтары.

4. Азот фосфор,калий, тыңайтқыштарының сипаттамасы

5. Микротыңайтқыштармен тыңайтылған қоспалар.

6.Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі.



Әдебиеттер: 1,2,6
ООӨЖ №27.

Тақырыбы: Күкірт қышқылы өндірісінің жанасу әдісі.

Мақсаты: Оқушыларды жанасу әдісімен өндірілетін күкірт қышқылы өндірісінің технологиясымен таныстыру.

Тапсырма:

  1. Күкірт қышқылын алудың қандай өнеркәсіптік жолдары бар,

олардың әр біреуінің негізінде қандай химиялық реакциялар мен

физикалық процестер жатыр.

2.күкірт (ІV) оксидін күкірт (VI) оксидіне тотықтыру үшін қандай

жағдай тиімді.

3.Олеум деген не?

Сұрақтар:

1. Шикізатты таңдау

2.Өндіріс негізіне жататын химиялық реакциялар олардың

ерекшеліктері.

3. Реакция жүргізу үшін тиімді жағдайды таңдау

4.Негізгі апараттардың жұмысы мен құрылысы.

5.Өндірісте қолданылатын негізгі технолоүгиялық ұстанымдар.

Әдебиеттер: 1,2,6

Ломоносов атындағы № 5 орта миектеп-лицейі

Жаратылыстану – математикалық бірлестігі

Бақылау жұмысын ұйымдастырудың әдістемелік

нұсқауы және мазмұны.

Талдықорған 2015ж



Бақылау жұмыстары тақырыптары


  1. Химияның бастапқы түсініктері

  2. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі және атом құрылысы

  3. Химиялық байланыс және зат құрылысы

  4. Химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары

  5. Металдардың жалпы қасиеттері

  6. Маңызды S элементтер

  7. d– элементтердің жалпы сипаттамасы

  8. р – элементтердің химиясы

  9. Маңызды химиялық өндірістер

  10. Бейорганикалық химиядан білімдерді қорытындылау

Ломоносов атындағы №5 орта мектеп- лицейі

Жаратылыстану және математикалық бағыт.

Химия пәні бойынша 10 сыныпқа арналған.

Сарамандық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау және мазмұны.

Талдықорған қаласы 2015жыл


1 Сарамандық жұмыс.



Тақырыбы: «Металдар» тақырыбы бойынша тәжірибелік есептер шешу.

Жұмыстың мақсаты: Металдар мен олардың қосылыстары туралы оқушылардың алған білімдерін практикада қолдана білулерін тексеру.

Құрал-жабдықтар: сынауықтар,спирт шамы, қысқыш.

Реактивтер: индикаторлар (фенолфталеин, лакмус) мырыш, мырыш сульфаты, мырыш хлориді, натрий карбонаты, натрий хлориді, натрий сульфаты, натрий гидроксиді, натрий сульфаты, калий гидроксиді,темір,темір(ІІІ) хлориді, темір(ІІІ)сульфаты, темір (ІІ) сульфаты, мыс (ІІ) хлориді, кальций хлориді, кальций карбонаты, магний хлориді,магний сульфаты,

Берілген 16 есептің ішінен тапсырмаларды мынадай нұсқалармен орындалады.

І нұсқа – 1,6,10,13.

ІІ нұсқа – 2,5,11,15.

ІІІ нұсқа – 3,7,10,16.

ІV нұсқа – 4,8,9,14.



Мазмұны: 1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет