Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы мектепалды жастағы балаларға шахмат ойынын үйрету



бет3/3
Дата18.03.2017
өлшемі0,53 Mb.
#11738
1   2   3

ТАҢҒАЖАЙЫП ТОРКӨЗДЕР
Дымбілмес Қарындашқа бізге шахмат тақтасын жасап берші, – деп өтінді.

Қарындаш ойланып жауап қатты:

– Есіме түсті! Торкөздері әртүрлі ашық және қою түстерден тұрады.

Алдымен Қарындаш ашық түсті торкөзді салды.

Қою түсті торкөзді – жанына салды.


  • Бұл шахмат жолдары, –деп түсіндірді Дымбілмес.

  • Ашық түсті торкөздер – ақ жолақта. Қою түсті торкөздер – қара жолақта. Бұл солай, бауырларым.

Ашық түсті және қою түсті торкөздері және жолақтарға жан бітіп қозғалып олар күле бастады.

Содан кейін олар бір–біріне қарап томсырайды.

Бір– бірін итеріп, әр жаққа қарай қаша бастады.


  • Жолақтар, тоқтаңыздар! – деп Қарындаш айқай салды. – Мен әлі шахмат тақтасын салып бітірген жоқпын.

Ақ және қара жолақтарды Қарындаш тез–тез сала бастады. Бірақ, ол үлгеріп салып аяқтағанына қарамастан, бұлар да әр жаққа қарай қаша бастады.

Қарындаш қанша торкөздері керек болса, сонша салды, шаршадым деп үн қатты көңілді адамдарға:



  • Болды, енді ұстаңыздар оларды!

Көңілді адамдар айқай-шумен тентек торкөздер-жолақтарды арттарынан қуа бастады.

Бірақ жолақтар Буротиноның тұмсығының астынан ұстатпай, Чиполлиноның қолынан сырғып шығып, Дымбілместің екі аяғынның арасынан өте шықты. Бәрібір барлық торкөздер ұсталынды, бірақ бір қатарға қара жолақтар мен ақ жолақтар бірге тұрудан бас тартты.



  • Олар өте қап–қара, – деді, қырсығып ақ жолақтар.

  • Олар өте ап–ашық, –деді, бұрқылдап қара жолақтар.

Сол кезде Ақ Король ашуланып, түнеріп булықты, Қара Король ашуланып бозарды, екі Король да бір дауыспен бұйрық беріп қорқытты:

  • Егер, қазір, өз орындарыңа тұрмасаңдар, біз басқа шахмат тақтасын тауып аламыз, ал сендермен ешкім ойын ойнамайтын болады.

Ақ және қара жолақтар қорқып, бір–бірін қапсыра қатты құшақтады, сол кезде шахмат тақтасы пайда болды. Дымбілмес шахмат тақтасынының бір жағына шығып, ал қалған көңілді адамдар шахмат тақтасының келесі жағына орналасып отырды.

  • Қазір, біз сіздермен қарсыласпыз, бауырларым. Ойыншы - шахмат ойынын қарсылас болып ойнады. Менде ақ түсті оң жақ жолақ, – демек, шахмат тақтасы арамызда дұрыс тұр.

Сол кезде жолақтардың іші пысты, бір–бірін қапсырып құшақтап тұрудан, олар қайтадан бұрыш–бұрышқа қаша жөнелді. Көңілді адамдарға қайтадан жұмыс табылды тентек жолақтарды қуып ұстауға.

Қосымша 3


ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
Өткен материалдарды пысықтау үшін балаларға арналған тапсырмалар:

– екі түрлі түсті кубикты шахмат тақтасына қойып, ақшыл және қою түсті кубиктарды кезектесіп орналастыру;

– асфальт үстіне бормен шахмат тақтасынын үлгісін сызу;

–шахмат тақтасынан басқа, шахмат тақтасындай тәртіппен орналасқан торкөздер қайда болатынын еске түсіру;



  • шақпақ дәптердің жарты бетін, шахмат тақтасы тәрізді бояу (қоңыр және сары қарындашпен немесе толық қарамен);

– Өздеріңіздің және қуыршақтар алдындағы шахмат тақтасын дұрыс орналастырып қою.

Балаларға шахматтық тақтаның төрттік жолақтары - ОРТАНЫ көрсету.


Шахмат ойынының қарсыластарын басқадай ӘРІПТЕСТЕР деп атайтынын түсіндіру.

Қосымша 4


«ЕР ЖҮРЕК ПЕШКІ» АТТЫ

І ШАХМАТТЫҚ ТУРНИРІНІҢ ӨТКІЗІЛУ СЦЕНАРИІ
Турнирге қатысушылар: балалар, көрермендер - ата-аналар мен тәрбиешілер.

Мақсаты: шахмат ойыны барысында икемділігі мен ойлау әрекетін, ойынға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын дамыту.

Қажетті атрибуттар: шахмат кілемшесі, магнитті шахматтық тақта, тәж бейнесіндегі шахмат фигуралары (36 фигура, 8 артық тәж пешкілері), ашық түсті ойыншықтар, музыкалық аппараттар, 2 микрофон.

1-жүргізуші:

Құрметті қонақтар мен көрермендер! Біз сіздерді балабақшамыздың бірінші шахматтық турнирінде көргенімізге қуаныштымыз. Бүгін сіздер «Біздің шахматтық корольдігімізде» қойылымын тамашалайсыздар. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Қойылымымызды бастаймыз.

Турниріміздің қатысушыларын ортаға шақырайық.

Әуен ойнайды. Балалар залға кіреді, 1-ші жүргізуші балаларды таныстырып болған соң балалар өз орындарына отырады. Әрқайсысының басында шахматтық фигуралар.

1-жүргізуші:

Біздің планетамыздың барлық бұрышында шахмат ойынын біледі және жақсы көреді. Алдымен ол данышпандардың және билеушілердің таңдаулы ойыны болып саналған, бірақ біртіндеп барлығының жүрегі мен ақылын жаулап алған. Ал бұл ойын көп ғасырлар бұрын өте алыс, сыры шертілмеген Индия елінен келген.

Сен менің досымсың, қауіпсізсің,

Қысылмастан кіріс,

Тамаша ертегілер әлеміндегідей

Осы өлке ақ-қара



1-жүргізуші: Әлем чемпионын ( Асаубаева Бибисара) таныстырады, ол өзі туралы, өзінің марапаттары туралы (марапаттарын балаларға көрсетеді) айтады, балалардың сұрақтарына жауап береді.

2-жүргізуші: Біздің кішкентай қойылымымызды бастамас бұрын, біз сіздерге шахмат туралы жұмбақтарды жасырамыз. Сонымен, жұмбақтар!

  1. Кішкентай, аласа, барлық өрісды жүріп өткен және пішінді тапқан... (Пешка)

  2. Бір рет өледі, ал екі рет туылады. (Пешка)

Құрметті пешкалар, шахмат кілемшесіне өтіңіздер және өз орындарыңызға орналасыңыздар.

Пешкалар кілемшедегі өз орындарына орналасты.

2-жүргізуші: Ал енді мына жұмбақтың жауабын тауып көріңіздер.

Ең шетінде тұрамын,

Мені ашшын-жақындайын,

Тек түзу жүремін,

Атымның кім екенін айтпаймын. (Ладья).

Құрметті ладьи! Өз орныңызға орналасыңыз.



Кілемшеге екі Ладьи шығып өз орындарына орналасады.

1-жүргізуші:

Аң көрмесінде тұрмайды,

Базарлықтарды алмайды,

Ол қиғаштай жүреді,

Тұмсықпен ол жүргізеді. (Піл).

1-жүргізуші: Ал енді мынадай жұмбақты шешіңіздер?

Екі ағайынды бір әскерде қызмет етеді,

Ал кездесе алмайды.

(Қараланған және ағарған пілдер).

Сендер де, арғы жақтарыңдағы қонақтар да, өз орындарыңа орналасыңдар.



Пілдер өздерінің орындарына орналасады.

2-жүргізуші: Тұяқтың дүрсілдеген дыбысы.

Естисіңдер ме, асыр-тасыр тынбайды.

Ол кім? (балалар жауап береді)

Дұрыс!


Ат секіреді, тағалардың дыбысы!

Әрбір қадамы ерекше:

Олай да, бұлай да «Г» әріпі

Ирек пайда болады.

Аттардың тағалары

Өзгеше және күлкілі:

Жасырынып тұрған сияқты

Арқасымен секіреді.



  • Аттар өз орындарыңа орналасыңдар

1-жүргізуші: Басты фигура жоқ.

Әуен қосылады (баяу). Пешкалар корльдің шлейфін ұстап алып келеді.

Хан әскерінде дайын бол-

Ол ханды қорғау керек.

Егер хан қамқорсыз өлсе

Фигуралар күресті жалғастыра алмас еді!



2-жүргізуші: Есінде болсын, Король барлығынан басты, барлығынан маңызды,

Шахматтың қосында болу- көсемдерге маңызды!

Жылдам музыка қосылады.

Корольдің оң және сол жағында тұрған барлық фигуралар иіліп тағзым жасап өз торларына орналасады.

Ал ханның досы және қарауылы кім ғой? (Ферзь)

1-жүргізуші: Ферзьдің қадамы өте үлкен

Ферзь, Ладья және Піл сияқты жүре алады.

Түзу және қиғаштап,

Оңға, солға, алдыға және артқа...

Ал мен алысқа және тірекке ұрамын.

Ақ-қара қарапайым тақталар

Маған тар сияқты

Пешкалар (барлығы, Ферзь үшін қарады):

Жақында және алыста Ферзь өте қауіпті

Сен неғұрлым оған көңіл аудар!



Ферзь өзінің орнына тұрады.

1-жүргізуші: Міне, енді барлық шахмат фигуралары келді,

Біз шахмат шайқасын бастай аламыз.



2-жүргізуші: Сонымен, ақ жасақ, қара жасақ –

Бір-біріне қарама-қарсы екі әскер тұр.

Бір жасақта қатал тәртіп,

Екіншісінде де дәл осылай.

Әрбір жасақты сен өзің қара-

Екеуінің де бұрыштарына Ладьи орналасқан.

Ладьимен қатар Аттар тұр,

Аттар мен қатар Пілдер тұр,

Ортасында кім екен?

Ферзь Корольмен бірге-

Ең бастысы өзінің әскерінде.

Ладьи мен Аттың алдында:

Пілдің, Корольдің және Ферзьдің алдында... Пешкілер

Бала пешкалар қабырға бойымен тұрды

Бізге осы ертегінің ұрысын бастау үшін!

Балалар, әзірге өз орындарыңа орналасыңдар.



Балалар өз орындарына орналасады.

II. Балалармен бірге ойын. Фигуралар сөреде, мольбертте, магнитті шахмат тақтасында тұр. Жарыс екі команда арасында өтеді.

Мектепалды даярлық және ересек топ балалары 16 адамнан екі топқа бөлінеді (бастарында шахмат бейнесіндегі фигуралар), ортаңғы топ және жаңадан келген балалар көрермен болып отырады.

Жүргізушінің тапсырмасы:

1) Қазір команданың әрбір баласы (есімі бойынша) кезекпен тақтаға жақындайды және өздерінің тәждеріндегі фигураны таңдап оны қажетті орнына қояды.

2) Шахмат фигураларының жүрісі туралы сұрақтар (білім деңгейлерін ескере отырып, әрқайсысына кезекпен 2 сұрақтан қойылады).

Балалар көрермен болып отырады.

III. Мектепалды даярлық және ересек топ балалары 5 адамнан кезекпен үстелге жақындап жеңімпазбен ойнайды. Бұл кезде екінші жүргізуші ортаңғы топ және жаңадан келген балалармен ойын өткізеді.

Ортаңғы топ және жаңадан келген балалармен бірге ойын басталады.



  1. Сиқырлы дорбаша. (Балалар көздерін жұмып ұстаған фигураларының атын атап, ол туралы не білетіндігі туралы айтады)

  2. Шахмат кілемшесіндегі ойын (торда ойыншық тұр, және осы ойыншықты жей алатын фигуралардың жүрісін көрсету керек).

  3. Шахмат кілемшесінде фигуралардың жүрісін көрсету. (жүргізуші фигураны атайды)

IV. Музыкалық нөмір

V. Ойынның қорытындысы және марапаттау бойынша төрешілерге сөз беріледі.

Шахмат турниріне қатысқандары үшін барлық балалар марапатталады

VI . Балалардың ата-аналарымен әңгімелесу және ұсыныс.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Сухин И. Г. «Тек кішкентайларға арналған шахмат» ата-аналар мен балалардың бірігіп оқуына арналған ертегі кітаптар. – Москва, 2013ж.

  2. Селиванов А.В. Яков Владимировтың гроссмейстердің таңдаулы тапсырмалар жинағы.

  3. Дэвид Притчард.Үйренушілерге арналған шахмат оқулығы.


МАЗМҰНЫ



Түсіндірме жазба ...............................................................



3


Жалпы ереже ......................................................................


5




Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері мен

әдіскерлерін шахмат ойынының теориясы мен

практикасының негіздеріне даярлауға

арналған әдістемелік ұсыныстар ......................................


7




5-6 жастағы балаларды шахмат ойнау практикасы

мен теориясына үйрету мен дайындаудың әдістемелік

ұсыныстары ........................................................................


10




Перспективалық жоспар (ересек топ)

Оқудың алғашқы жылы ...................................................

11




Күнтізбелік-тақырыптық жоспар (ересек топ)

Оқудың алғашқы жылы .....................................................

12




Қосымша 1. Дидактикалық ойындар ................................

20



Қосымша 2. Таңғажайып торкөздер ................................

23



Қосымша 3. Әдістемелік нұсқаулар .................................

24



Қосымша 4. «Ер жүрек пешкі» І шахмат турнирінің

өткізлу сценариі .................................................................


25




Қолданылған әдебиеттер ...................................................

29



Мазмұны ..............................................................................

30




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет