Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



Pdf көрінісі
Дата15.11.2019
өлшемі480,49 Kb.
#51840
Байланысты:
file437 (3)
file437 (3)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ  

 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

  

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН

 

ТӘРБИЕЛЕУ-ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 

БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ

 

_______________________________________________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АСТАНА 


 

 2015  


 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің

 

«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген

 

  

 

 

 



 

Пікір жазғандар:  

А.Ж. Салиева, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент  

З.М. Иманбаева, Астана қ. №54 «Нұрай» балабақшасының меңгерушісі  

Г. Б. Кульджанова, Астана қ.  №63 балабақшаның әдіскері  

  

 



 

 

 



 

 

 



 

Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту  үдерісін 

ұйымдастыру бойынша әдістемелік құрал. −  Астана, 2015. − 21 б.  

  

Мектепке  дейінгі  ұйымдар  мен  ата-аналарға  арналған  балаларды  ерте  жастан  дамыту 



бойынша тәрбиелеу-оқыту үдерісін заманауи жұмыс түрлерімен және әдістерімен қамтамасыз 

етуге  бағытталған әдістемелік құрал. 

Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту  процесін  ұйымдастыру  

бойынша әдістемелік құралы «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығының 

ғылыми-әдістемелік кеңесінде (2015 жылғы 4 наурыздағы №2 хаттама) ұсынылған. 

 

 



 

 

 



 

 «Мектепке дейінгі балалық шақ» 

                                                                                        Республикалық орталығы, 2015  

 

 



 

МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе .............................................................................................................  



 

 



Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту  үдерісін 

ұйымдастыру бойынша отандық және халықаралық тәжірибені  зерделеу 



 

 



 

Балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту  үдерісін   

ұйымдастыру  бойынша  жұмыстардың  формалары  және  әдістерінің 

мазмұны ...........................................................................................................



 

 

 



 

 



Қорытынды .....................................................................................................

 

19 


 

Әдебиеттер ...................................................................................................... 



 

21 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ 



 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесін  дамыту  −  Қазақстан 

Республикасы мемлекеттік саясатының басым бағыттардың бірі.   

Еліміздің  зияткерлік  әлеуетінің  болашағы  мен  оның  гүлденуінде  

балаларға мектепке дейінгі сапалы білім беру мен ерте жастағы балалардың 

қабілеттерін  дамытудың қоғамдағы орны  өте маңызды.  

Ерте балалық шақ – туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезең адам өмірінің 

ерекше  сәті.  Баланың  денесі,  ақыл-ойы,  адамгершілік  дамуының  негізі 

қаланатын дәл осы жаста ересектердің балаларға беретін тәрбиесі мен білімі  

мазмұнды және ол балаға тікелей әсер ететін болса, онда  бала ағзасы барынша 

жылдам  қарқынмен  дамиды  және  оның  жан-жақты  дамыған  жеке  тұлғасы 

қалыптасады. 

Нақ  осы  кезеңдегі  ата-аналарымен,  отбасының  басқа  мүшелерімен, 

балалармен және ересектермен әрекеттері бала дамуына  ықпал етеді. 

Балалардың  ерте  жас  кезеңінен  бастап  денсаулығын  сақтауға, 

тамақтануға,  қауіпсіз  ортасына,  психологиялық-әлеуметтік  және  танымдық 

дамуына  деген  қажеттіліктері  назардан  тыс  қалмай,  бірін-бірі  толықтырып, 

өзара байланыста және асқан үйлесімділікпен қанағаттандырылуы қажет. 

Психология  ғылымының  қазіргі  мәліметтері  бойынша,  бұл  бала 

өміріндегі  шешуші  кезең  және  оның  болашақтағы  психологиялық  дамуына 

негіз  болады.  Бұл    жас  кезеңінде  балада  үш  негізгі  өмірлік  дағдылары:  тік 

жүруі,  тілдік  қарым-қатынас  жасауы  және  заттық  әрекеттері  қалыптасатын 

айырықша  маңыздылығымен    түсіндіріледі.  Ең  бастысы  бұл  жаста  баланың 

болашақтағы  мінез-құлқы,  зияткерлік  және  тұлғалық  дамуына  ықпал  ететін 

біліктерді, соның ішінде  түсінуі және адамдармен қарым  – қатынас жасауда 

тілді қолдану қабілеттерін игереді. 

Уақытылы және толыққанды бала дамуын қамтамасыз ететін шарттардың 

бірі  −  олардың  жақсы  және  орнықты  көңіл-күйі.  Ол  тіршілік  жағдайлары 

дұрыс  ұйымдастырылғанда  ғана  мүмкін  болады.  Жоғарыда  аталғандарды 

ескере  отырып,  педагогтар  мен  ата-аналарға  әдістемелік  көмек  көрсету 

мақсатында  балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту 

үдерісін ұйымдастыру бойынша осы әдістемелік құрал әзірленді. 



Әдістемелік  құралдың  мақсаты:  балаларды  ерте  жастан  дамытуға 

арналған  тәрбиелеу-оқыту  үдерісін  ұйымдастыру  бойынша  педагогикалық 

үрдісті заманауи  формалармен және әдістермен қамтамасыз ету. 

Міндеттері:  

балаларды  ерте  жастан  дамытуға  арналған  тәрбиелеу-оқыту  үдерісін 

ұйымдастыру  бойынша отандық және әлемдік  тәжірибені зерделеу; 



ерте жастағы балалардың даму ерекшеліктерін ашу; 

ерте  жастағы  балалардың  толыққанды  дене  және  психикалық  дамуын 

қамтамасыз ететін,  



денсаулығын сақтау мен нығайтуға мүмкіндік беру; 

ерте  жастағы  балаларды  тәрбиелеу  мен  оқытуды  ұйымдастыру  мен 

өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдармен қамтамасыз ету.  

 

 


 

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛЕУ-

 

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ

 

ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕНІ ЗЕРДЕЛЕУ 



 

Ғалымдар  туғаннан  бастап  3  жасқа  дейінгі  кезеңді  баланың  дамуындағы 

маңызды кезең - ерте балалық шақ кезеңі, − деп атап көрсетті.  

Дүниеге келген алғашқы күндері мен айларында және ересек пен баланың 

өзара  қарым-қатынасы  қандай  жағдайда,  қалай  қаланатын  болса,  баланың 

кейінгі  өмірдегі  қабілеті,  мінезі,  эмоциялық  және  денесінің  даму  жағдайы 

айтарлықтай  дәрежеде  соған  тәуелді  болмақ.  Аталған  мәселені  көптеген 

отандық және шетелдік ғалымдар мен педагогтар, психологтар және басқалар 

зерттеу үстінде. 

Ресей ғалымдарының (Г. Б. Корнетов, М. Ф. Шабаев және б.) ойларынша 

ерте жастан тәрбиелеу ерекше әлеуметтік қызмет болып табылады.  Жаңа туған 

нәресте уақытының көп бөлігін анасымен өткізеді, онымен тәрбиеленеді. Ана 

мен  баланың  арасындағы  байланыс  омыраумен  қоректендіру  арқылы  бекиді. 

Оның  денсаулықты  сақтайтын  маңызы  бар  және  бала  психикасының  дұрыс 

қалыптасуына мүмкіндік береді.  



Ағылшын ғалымы, врач-педиатрі туғаннан бастап балалардың қарқынды 

зияткерлік  және  дене  дамуы  бағдарламасының  авторы  Г.  Доманның  ойы 

бойынша  үш  жасқа  дейінгі  балаларда  ми  қызметін  ынталандыру  есебінен 

баланы ерте жастан дамыту әдістемесі өте бірегей. Автор өзінің зерттеулерінде 

баланың интеллектісін және фотографиялық есте сақтауын дамытуға, сондай-

ақ, күні бойы санаулы минуттар емес, тек секундтарды жұмсап, баланың алдағы 

жақсы оқуы үшін мықты іргетас қалауға болатынын ғылыми тұрғыда негіздеді.   

Балаларды  ерте  дамытуды  Франция,  АҚШ,  Жапония,  Германия, 



Италия, Перу, Кения және басқа да көптеген елдердің педагогтары тәжірибеге 

енгізуде.  Латын  Америкасы  ерте  дамытуды  қолға  алып,  әлемдік  ерте  даму 

жүйесіне үлестерін қостық деп санайды. Ресей ғалымдары (Никитиндер жүйесі, 

Зайцев текшелері), Жапония (Масару Ибука), ФинляндияАҚШ (Глен Доман, 

Сесиль  Лупан)  және  басқа  дамыған  елдерде  ерте  жастан  бастап,  балалардың 

интелектуалды  дамуына  қаржы  салу  арқылы  әл-ауқаттың  артуын 

байланыстырады.  

Бұл  мемлекеттердің  барлығында  мектепке  дейінгі  ұйымдар  желісі  мен 

жанұяда  жүзеге  асырылатын  интелектуалды  дамыған  баланы  тәрбиелеуде 

ғылым мен жаңа ақпараттық технологиялар жетістіктері қолданылады.  

Балаларды  ерте  жастан  дамыту  жөніндегі  көзқарастар  қазақ  жерінде  VII 

ғасырдан  бастау  алды.  Осындай  пікірлер  Орхон  Енисей  ескерткіштерінде, 

Иолық Тегін мен Қорқыт-ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмуд Қашқари, 

Ахмет  Иүгінеки,  Қожа  Ахмет  Яссауи,  Саиф  Сарай  сияқты  ойшылдар 

еңбектерінде  көрініс  тапты.  ХХ  ғасырдың  басында  Қазақстанда  мектепке 

дейінгі тәрбиелеу теориясының негізін салушылар Н. Құлжанова, О. Д. Мухля, 

Е.  Л.  Романова,  М.  Г.  Солдатова,  К.  Д.  Травина,  М.  Ф.  Покровский,  Ш. 

Бегімбетова  сияқты  және  басқа  көрнекі  педагогтар  мен  қоғам  қайраткерлері 


 

болды.    Н.  Құлжанова  1923  жылы  Орынборда  басылып  шыққан  «Мектепте 



дейінгі  тәрбие»  еңбегінде  балаларды  ерте  дамытуға  оның  физиологиясы  мен 

психологиясын  ескере отырып, арнайы жағдайлар жасаудың қажеттігі туралы 

айта  келіп,  3  жасар  баланың  даму  ерекшеліктеріне    тән  қарама-қайшылықты 

былайша  белгілейді:  бір  жағынан,  ол  белсенді,  білуге  құмар,  тапқыр,  ұшқыр, 

сөйлегіш, тыңдағанды ұнатады, екінші жағынан, оның зейіні тұрақсыз, алынған 

ақпараттарды жалпылай алмайды, өзінің ойын қысқа айтады.  

Аталған еңбегімен бірге, «Ана мен бала тәрбиесі» («Воспитание матери и 

ребенка»)  атты  оқу  құралы  отандық  педагогиканың  алтын  қорына  енді. 

Кейінрек  кезде  мектепке  дейінгі  тәрбие  мәселесіне  Б.  Б.  Баймұратова,                                

М.  С.  Сәтімбекова,  Г.  Х.  Дүкенбаева,  М.  Б.  Биғалиева,  т.б.  ғалымдар  өз 

үлестерін  қосты.  Баланың  мектеп  жасына  дейінгі  дамуы  мен  қалыптасуы 

жөнінде  зерттеулерді  С.  Н.  Жиенбаева,  Ф.  Н.  Жұмабекова  және  басқалар 

жалғастыруда.  

 «Таяу  уақытта  туғаннан  бастап  үш  жасқа  дейінгі  балаларды  ерте  жастан 

дамыту жүйесін құруға құруға көп көңіл бөлінетіні» Қазақстанның мемлекеттік 

саясатының  негізгі  бағыты  ретінде  Мектепке  дейінгі  білім  беру  саласы  және 

оның дамыту болашағы айқындалған. 

 Дамыған мемлекеттің ұрпағы дені сау, ақылды, адал, адамгершілігі және 

интелектуалды  әлеуеті  жоғары  болуы  керек.  Егер  бала  қоршаған  ортамен 

үйлесімде  болса,  онда  ол  болашақта  дені  сау  ұлттың  гүлденуін  қамтамасыз 

ететін, толыққанды психикалық, дене және рухани саулыққа ие болады.  


 

БАЛАЛАРДЫ ЕРТЕ ЖАСТАН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛЕУ-

 

ОҚЫТУ ҮДЕРІСІН  ҰЙЫМДАСТЫРУ  БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ 

 

ФОРМАЛАРЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІНІҢ МАЗМҰНЫ  

 

Тәрбиелеу-оқыту  үдерістері  екі  бағытта  −  ересектер  мен  балалардың 



бірлескен 

әрекеттерінде 

және 

баланың 


дербес 

әрекеттерінде 

ұйымдастырылады. 

1. Ерте  жастың  1-ші  және  2-ші  (туғаннан  2  жасқа  дейінгі)  топтарында 

арнайы  ұйымдастырылған  ойын-әрекеттерінде  және  1-ші  кіші  топтағы  (2 

жастан 3 жасқа дейін) ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінде; 

2. Баланы  ерте  жастан  дамытудың  ерекшеліктеріне  сәйкес  жүргізілген 

режимдік  сәттерде  (баланы  ертеңгілік  қабылдап  алғаннан  бастап,  серуен 

кезінде, ұйқыға дайындық, тамақтану кезінде) жүзеге асырылады. 

Ерте  жастағы  балалармен  жүргізілетін  тәрбие  жұмысының  негізі  арнайы  

күн  тәртібі  ережесімен  реттеледі.  Талапқа  сәйкес  баланың  белсенді  іс-

әрекеттері,  ұйқысы,  тамақтануы  уақытымен  және  белгілі  бірізділікпен  дұрыс  

жүргізілуі  тиіс.  Мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  стандартталған  күн  тәртібін 

балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  балалар  дәрігері  мен  педагогтар 

бірлесе  отырып    әзірлейді.  Күн  тәртібіндегі  барлық  үрдістер  біртінділік, 

бірізділік және жүйелілік ұстанымдарына  сай жүзеге асырылады. 

 

Баланың күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру 

Туғаннан  бастап  үш  жасқа  дейінгі  баланың  күн  тәртібі  дұрыс 

ұйымдастырылған жағдайда:  

- ішкі ағзалардың жұмысы реттеледі;  

- сыртқы ортаның ықпалына төзімділігі артады;  

- сыртқы  және  ішкі  факторлардың  өзара  байланысын  ескере  отырып 

мектепке  дейінгі  ұйымға  баруға  баланы  ерте  жастан  дайындау  жеңілдеу 

болады, бала тәртіпке үйренеді.  



Күн тәртібін сақтамау неліктен қауіпті:  

- ішкі ағзалардың жұмысы бұзылады, иммунитет төмендейді;  

- ағзасы шаршайды және жүйке жүйесінің дамуы бұзылады;  

- мәдени-гигиеналық  және  басқа  дағдылары  мен  біліктері  баяу 

қалыптасады. 

Үш жасқа дейінгі баланың күн тәртібі – бұл тәрбиенің негізі.  

Күн  тәртібін  жүйке  жүйесіндегі  жұмыс  қабілетінің  үш  жыл  бойындағы 

өзгерістерін  есепке  алып  сәйкесінше  өзгертуге  болады.  Ұсынылып  отырған 

балаларға арналған күн тәртібі, бұл жастың алғашқы айларынан бастап мұқият 

зерттелген және тәжірибеде кеңінен қолданып, тексерілген. 

Баланы ерте жастан дамыту мына жағдайларды сақтағанда:  

- ерте  жастағы  баланы  жалпы  дамытуды  көздейтін  заттық-кеңістіктік 

дамытушы ортаны ұйымдастырғанда;  


 

- баланы 



дамытуға  бағытталған  логикалық  тәсілдер  бойынша 

жинақталған ойындарды кеңірек қолданғанда; ойын тапсырмаларын орындау 

кезінде балаларға мүмкіндігінше дербестік бергенде

 

табысты жүзеге асады. 



Ерте  жастағы  балалармен  жүргізілетін  тәрбиелеу-оқыту  үдерістеріндегі 

жұмыстар мынадай талаптарға жауап беруі тиіс: 

- әрбір баланы дамытуды мақсат ететін дамыта оқыту ұстанымдарына;  

- ерте  жастағы  баланың  жас  және  даму  ерекшеліктеріне  сәйкес  тәрбие 

салаларын кіріктіру ұстанымдарына;  

- баланы  ерте  жастан  дамытуға  тікелей  ықпал  ететін  білім,  білік  және 

дағды (құзыреттілік) қалыптастыратын тәрбиелік, дамытушылық және оқыту 

мақсаттары мен міндеттерінің бірлігін қамтамасыз етуге; 

жоспарланған  шаралар  мазмұны  мен  түрлері  мектепке  дейінгі 



педагогиканың  баланы  ерте  жастан  дамытудың  жас  және  психологиялық, 

педагогикалық негіздеріне сәйкес  құрылады.

 

Туғаннан бастап үш жасқа дейінгі кезеңде бала айтарлықтай өзгереді, адам 



өміріндегі тұлға ретінде қалыптасатын, неғұрлым жедел дамитын кезеңі.

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БІРІНШІ ТОП  



(туғаннан бастап 1 жасқа дейінгі) 

Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру 

Балалар тәрбиесі мен  олардың өмірін дұрыс ұйымдастыру тамақтандыру 

мен ұйықтайтын уақытын қатаң сақтауды талап етеді. Сәби өмірінің алғашқы 

жылында күн тәртібіндегі сәл ғана өзгеріске сезімтал келеді. Тамақтандыруды 

немесе ұйқының уақытын сәл кешіктіру жүйке жүйесіне әсер етеді, яғни баланы 

шаршатады.  Күн  тәртібіндегі  аз  ғана  ауытқушылықтың  өзі  қосымша  

қиындықтар туғызады. Орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеті шапшаң арта 

бастайды. Сондықтан  да,  белсенді  сергіту  жаңа  туған  сәбиде  20-30  минуттан 

болса, бір жасқа келгенде 3 сағатқа дейін жететін болады.  

Күн тәртібі дәл орындалуы үшін қызметкерлер арасындағы міндеттемелер 

дұрыс  бөлінуі  қажет.  Тәрбиешінің  көмекшісі  күн  тәртібіндегі  барлық 

үдерістерде  тәрбиешіге  көмектеседі.  Мысалы,  педагог  тамақтандыруды 

бастайды,  күтуші  аяқтайды,  сол  кезде  тәрбиеші  балаларды  сергітуді 

ұйымдастырады, тамақтанған балалармен ойын-әрекеттерін жүргізеді.  

Тәрбиелеу - оқыту үдерісі бірінші топта баламен негізінен жеке жүргізіледі, 

ал 5-6 айдан 1 жасқа дейін жеке де, 5-6 айдан бастап шағын топпен (5-7 балаға 

дейін)  айналысуға  болады.Дұрыс  ұйымдастырылған  ұйқы  мен  сергіту 

балалардың  бұл  жас  кезеңіндегі  тәрбиелеу  мен  дамыту  үшін  қолайлы  жағдай. 

Бала  өмірінің  алғашқы  жылында  біліктер  баяу  пайда  бола  бастайды  және 

олардың қалыптасуы үшін жиі жаттығулар қажет болғандықтан, ойындарды күн 

сайын және күніне бірнеше рет жүргізу қажет болады. Ойын әрекеттері бірнеше 

рет қайталанатын, қысқа мерзімді (4-5 мин.аспайтындай) сипатта болады.  



Тамақтандыру 

 

Балаларды ерте жастан дамытуда тиімді және түрлендіріп тамақтандырудың 



маңызы зор. Ересектер тамақтандыру үдерісінде өзіне салынған үлесін тауысуға 

үйретуі қажет. Тамақтану кезіндегі дербес әрекеттерді: 2,5-3 айда ең қарапайым 

бөтелкені ұстауды, ауызына апаруды; 4-5 айдан бастап қасықпен тамақтануды; 

5-6  айдан  бастап  ересектің  көмегімен  ыдыстан  тамақ  ішуді;  7  айдан  бастап 

нанды, прәндік, печеньені өз бетімен жеуді дамыту. 

Бір  жасқа  таяу  өз  бетімен  тамақтану  дағдылары  қалыптасып  болуы  тиіс. 

Баланы 7-8 айға  дейін қолға ұстап, 8 айдан (өз бетімен отыруды үйренген соң) 

бастап  –  биік  үстелден  тамақтандыру  қажет.  Бала  11-12  айда  аласа  үстелге 

өздігінен келеді, орындыққа отырады.   

Бұл  кезеңде  балаларға  ересектердің:  «Тамақ  ішеміз»  деген  сөзін  түсіну  

үйретіледі.  Балаларды  үстел  әзірлеуге  қажетті  бірнеше  заттардың  атауымен 

(ыдыс, тарелке, қасық) таныстыру қажет, әрекеттерді (отыр, іш, нан же және т.б.) 

түсінуге үйретіледі. 

Баланың  белсенді  сөйлеуін  (ням-ням,  бер,  мә  және  т.с.с.)  қалыптастыруға 

тұрақты  жұмыстану  қажет.7-8  айдан  бастап  үстелде  қатар  отырған  екі  бала 

кезекпен тамақтандырылады. 8-9 айдан бастап мәдени - гигиеналық дағдыларды 

(қатар  отырған  балаға  ықылас  таныту,  сулық  қолдана  білу,  тамақтан  соң 

ересектерге  бас  изеу    немесе  жеңіл  сөздермен  алғыс  білдіру)  қалыптастыру 

қажет. 

 

Гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу  

Балаларды ерте жас кезеңінен бастап тазалыққа дағдыландыру керек. Ол 

үшін  дымқыл  және  лас  киімдер  жедел  түрде  ауыстырылуы  қажет.  Баланың 

киініп,  шешінуге  жағымды  қарым-қатынасты  дамытудың  да  маңызы  зор. 

Тәрбиеші  мен  тәрбиешінің  көмекшісі  баланы  киіндіріп,  шешіндіргенде, 

жағымды дауыспен абайлап сөйлескені дұрыс.  

Алғашқы  жарты  жылдықта  тәрбиеші  баламен  сөйлесу  арқылы,  оның 

дыбыстап жауап беруіне, тілді түсінуіне мүмкіндік береді. 9-10 айлығында сәби 

айтқанды түсініп, орындайтын болады. Ересектің ауызша ұсынысымен аяғын 

көтереді, отырады, жатады, қолын созады.  

Баланы  өзінің  физиологиялық  әрекеттерін  қадағалауға  үйрету  өте 

маңызды.  Бұл  дағды  4-5  айдан  бастап  қалыптасады.  Ұйқыдан  тұрған  (егер 

құрғақ  болып  оянса)  соң  және  тамақтанған  соң  15-20  минуттан  соң  түбекке 

отырғызу керек.  

Ал,  8-8,5  айдан  бастап  балалар  түбекке  еркін  отыра  бастайды.  Түбектің 

салқын  болмауы,  3-4  минуттан  артық  отырмауы  қадағаланады,  қажеттілігіне 

қарай қайталанады.  

 

Сергітуді ұйымдастыру және балаларды тәрбиелеу 

Ыңғайлы  ұйымдастырылған  сергіту  тәрбиелеуге  қолайлы  жағдай 

туғызады.  Туғаннан  бастап  алғашқы  айлардың  өзінде  сергіту  манежде,  7-8 

айлығынан  бастап  едендегі  қоршаудың  ішінде  жүргізіледі.  Манежде  жасына, 

дамуына  сәйкес  ойыншықтар  болады,  олар  жүйелі  түрде  алмастырылып 


10 

 

отырады.  Ойыншықтар  баланың  сенсорлық  және  қарапайым  заттық  (әртүрлі 



пішіндегі  сылдырмақтар,  доптар,  шарлар,  сақиналар,  дыбыстайтын  резинка 

ойыншықтар) әрекеттерінің дамуына ықпал етуі тиіс. Сәби ойыншықты қарап 

қоймай,  қолмен ұстап алатындай болып ілінуі қажет.  

 

Сергіту 

Ойын-әрекеттерін ұйымдастыруда және өткізуде оқыту үдерісінің мақсаты 

мен  жүйелілігі  сақталады.  Баланың  жағымды  эмоциялық  көңіл-күйіне, 

ересектерге белсенді  қарым-қатынасына    қолдау көрсету. Пайда болған жат 

қылықтарға  уақытында  ескерту  беру.  Балалардың  әрқайсысына  жеке  қарым-

қатынас жасау. Ойын материалдарын түрлендіру, жаңғырту және күрделендіру. 

Балалардың қызығушылығын  ескере  отырып, әрекеттерді алмастыру арқылы,  

дербес әрекеттерге және қозғалыстарға , белсенді тілдесулерге үйрету.  Әр бала 

ересектердің,  өзінің  және  басқа  да  балалардың  дауыстарын  (былдыры,  гуілі) 

ести  алатындай  топта  тыныш,  қолайлы  орта  құру.Топта  тәртіп  сақтау, 

шашылған ойыншықтарды жинастыру, оларды жүйелі түрде тазарту. 

 Сергіту  сәтіндегі  сылап-сипау  (массаж)  мен  гимнастиканы  мамандар 

жүргізеді.  



Ұйқы 

Бала  денесінің  дұрыс  дамуын,  денсаулығының  нығаюын  және  жақсы 

сезінуін  қамтамасыз  ету  үшін,  жасына  сәйкес  күнделікті  тыныш  және  терең 

ұйқыға  жағдай  жасалуы  қажет.  Әсіресе,  күндізгі  ұйқы  кезінде  5  ережені 

сақтаған жөн:   

тәулік ішіндегі ұйқының санына бақылау жасау; 

баланың қараңғыда қалып қоймауын қадағалау; 

ұйқы кезінде балалар бөлмесіне себепсіз кірмеу; 

ұйқы кезіндегі қауіпсіздігін сақтау; 

күн тәртібі бойынша ұйқыны қалыптастыру. 

 

Балаларды ойын-әрекеттерінде тәрбиелеу 

Ойын-әрекеттері педагогикалық үдерістерді ұйымдастырудың ерекше түрі 

болып табылады. Дамытушы ойындарды өткізу үшін  бала жеке манежге немесе 

құндақталатын  үстелге  орналастырылады.  Манежде  жасына,  дамуына  сәйкес 

ойыншықтар болады, олар жүйелі түрде алмастырылып отырады. Ойыншықтар 

баланың сенсорлық және қарапайым заттық (әртүрлі пішіндегі сылдырмақтар, 

доптар, шарлар, сақиналар, дыбыстайтын резинка ойыншықтар) әрекеттерінің 

дамуына ықпал етеді. 

Жеке  ойын-әрекеттердің ұзақтығы  – 2-3 минут,  шағынтоппен 5-7 минут. 

Бала өмірінің алғашқы жылындағы дамуды төрт кезеңге бөлуге болады:  

І.    Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейінгі; 

ІІ.   2,5-3 айдан 5-6 айға дейін;  

ІІІ.  5-6 айдан 9-10 айға дейін; 

ІV.  9-10 айдан 12 айға дейін.  


11 

 

Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейінгі кезеңде көруі және естуі қалыптасып 

дамиды,  эмоциялық  жағымды  көзқарасы:  жымиюы,  айтарлықтай  байқалады. 

Сәбидің көру және есту арқылы қабылдауының уақытылы дамуы қимылы мен 

тілінің дамуына ықпал етеді. Көз тоқтатуы мен естуі негізінде сәбидің белсенді 

сергуін қамтамасыз ететін жағымды эмоция пайда болады. Баланың көруі және 

естуі, эмоциялық жауап беруін дамыту мақсатында, мейіріммен сөйлесе отырып, 

түрлі-түсті ойыншық көрсету арқылы баяу жылжытып, заттың қозғалысын сәби 

көз тоқтатып қадағалайтындай дәрежеге қол жеткізу.  Біртіндеп бала жылы сөзге 

жымия бастайды, бас кезінде жымиюы сирек, ал 2-2,5 айлығында ересектерді, 

ойыншықтарды көргенде жиірек күлетін болады. Аталған біліктердің барлығы 

жеке ойын-әрекеттерінде, баламен жеке жұмыстар барысында қалыптасады. Бұл 

біліктерді бекіту үшін баланы белсенді сергітуге жағдайлар жасауды талап етеді. 

Манежге немесе кереуетке ілінетін әдемі ойыншықтар баланың көзінен 50-70 см 

қашықтықта  болуы  тиіс.  Өте  төмен  ілінген  ойыншықтар  көру  қабілетін 

нашарлатады.  



2,5-3  айдан  5-6  айға  дейінгі  кезеңде  көруі,  естуі,  эмоциялық,  дыбыстап 

жауап  қайтару  жетіле  түседі.  Қолдарымен  ұстап  алу  қимылы,  еңбектеуге 

дайындық қимылдары пайда болады және дамиды.  

Мақсаты: тыңдап - естуін, дыбыс шыққан тұсты табу білігін дамыту.  

Жабдықтары.  Дыбыстайтын  заттар:  сылдырмақтар,  қоңыраулар,  ерін 

сырнайы.  



Ойын-әрекеттерінің барысы  

Бала манежде болады. Тәрбиеші дыбыс шығаратын ойыншықты алып, бірде 

оң  жағынан,  бірде  сол  жағынан  дыбысын  шығарады.  Баланың  дыбысқа 

бұрылуына, іздеуіне мүмкіндік береді. 4 айлығында тәрбиеші дыбыс шығаратын 

ойыншықты  сылдырлатып  манеждің  айналасында  жүреді,  баланы  дыбыстың 

қозғалысын, шыққан тұсын іздеуге баулиды.  



5-6  айдан  9-10  айға  дейінгі  кезеңде  бала  еңбектеуге  үйрене  бастайды, 

былдырлайды,  гуілдеуі  жетіле  түседі,  айналасындағы  тілдесулерді  түсінуі 

дамиды.  

 9-10 айдан 12 айға дейінгі кезеңге тән сипаты негізінен баланың (белсенді, 

пассивті)  тілі  дамиды,  заттармен  мақсатты  әрекеттері,  өзбетімен  жүру 

дағдыларын меңгеруі қалыптасады.  



 

Заттық әрекеттерді дамыту  

9-12 айлық балалармен ойын-әрекеттері жеке өткізіледі. Заттық әрекеттерге 

баулу бірнеше кезеңге бөлінеді: 

 

1. Жаңа  әрекеттер  ересектің  айтуымен  және  оны  баламен  бірге,  оның 



қолымен  (пассивті  қимыл  әдісі)  орындалады.  Мысалы,  «Қуыршақты  жап»  деп 

айтады да баланың қолымен жабады.  

2. Тәрбиеші  баланың  көз  алдында, ауызша  ықпал  ете  отырып,  қуыршақты 

ашады және жабады (көрсету әдісімен).  



12 

 

3. Бір  жасқа  жақындағанда  бала  үйретілген  әрекеттерді  ауызша  айту 



бойынша, көрнекіліксіз орындай алатын дәрежеге жетеді.  

 

Қимылды дамыту 

9-10  айлық  балалар  кедергіден  асып  түседі,  төбешікке  шыға  алады.  11  ай 

болғанда  өз  бетімен  тұрады,  жүреді,  ересектердің  бір  қолынан  жетектеуімен  

жүреді. Сондықтанда сергіту сәттерінде балаларға қолайлы жағдайлар жасалады. 

Балаларды  тұруға  икемдеу  үшін  манеждің  немесе  қоршаудың  жиегіне  әдемі 

ойыншықтар қойылады. Бала өз бетімен алғашқы қадамын жасау үшін тәрбиеші 

әдемі  ойыншықты  көрсете  отырып  шақырады.  Жүруін  тежейтін  қорқынышын 

болдырмау үшін, құлап қалмауын қадағалайды.  

 

Музыкалық тәрбие  

Музыкадан ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балалар ересектердің әнін, 

музыканы  мұқият  тыңдауға  үйретеді.  Олардың  музыкаға  деген  қарапайым 

ынтасы дамиды. Көңілді әуеннің ырғағымен бала қимылдай бастайды, гуілдейді, 

былдырлайды. Сәбилер әуенге байланысты қимылдарды есте жақсы сақтайды.  

6-7  айға  дейінгі  балалардың  шағын  тобымен  жұмыс  әр  баламен  жеке 

өткізіледі.  Оларға  қысқа  музыкалық  әуендер  айтылады  немесе  үзінділер 

ойналады. Ересектер орындарын өзгертіп, манеждің басқа жағына шығады, сәби 

дыбыс  шыққан  тұсты  тауып  алу  үшін  әуендер  аралығында  үзілістер  жасайды. 

Музыка тыңдау 2-3 минутқа жалғасады. Музыкалық ұйымдастырылған оқу іс-

әрекетінің  құрылымы  әртүрлі  болады.  Өте  қарапайым  нұсқасы  екі  бөлімнен 

тұрады:  жеке  тыңдайды  және  жеке  билейді.  Егер  ұйымдастырылған  іс-әрекеті 

бірнеше  баламен  өтетін  болса,  оның  құрылымы  үш  бөлімнен  тұрады:  музыка 

тыңдайды, музыкалық қимыл көрсетеді және әр баламен билейді.  

6  айдан  12  айға  дейінгі  балалардың  шағын  тобында  ересектердің 

қолындағы  музыкалық  аспаптарды  көрген  бала  музыка  тыңдауға  әзірлене 

бастайды.  Музыка  аспабында  ойнап  тұрғанда  тәрбиеші  балаларға  жақындап, 

алыстап кетіп отырады, кейде жасырынады, музыканы тоқтатып қояды, кенеттен 

қайтадан ойнай бастайды. Бұл ойын әдістері баланы қуанышқа бөлейді.  

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлау 

Бұл  топта  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін  жеке  немесе  шағын  топпен 

өткізуге  болады.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  күн  сайын  тұрақты  түрде 

шағын  құраммен  өткізіледі.  Баланың  даму  деңгейінің  жалпы  қабылданған 

көрсеткіштерін  ескере  отырып  жеке  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетін 

жоспарлауға болады. 

 

 



 

 

 



 

13 

 

Тілді дамытудың дайындық кезеңіндегі 



 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті жоспарының үлгісі 

 

Жеке оқу іс-әрекеттерінің тізбесі мен міндеттері 

 

Баланың аты, жасы 

 

Дауысқа жауап беруін және тілін дамыту: 

 

 



 

1.Қысқа дыбыстармен жауап беру. Ол үшін дыбыстап жауап 

беретіндей мүмкіндік жасап, баламен асықпай, мейіріммен 

сөйлесу.  

 

Арман С. 2 ай      



Айнұр Т. 3 ай 

 

2.Баланың үстіне еңкейіп мейірімді дауыспен: а-гу, а-а-а 



әндету. 

 

Марат Б. 4 ай 



 

3.Баламен ба-ба, ма-ма буындарын қолданып сөйлесу. 

 

Асхат Ө. 5 ай 



 

4. Дыбыстар мен сөздерді қайталау: 

 

а) таныс буындарды қолдану 



 

ә) меңгерген буындармен қатар жаңа буындар пайдалану; 

 

    б)ойыншықтар көрсетіп, толық атауымен қатар, балаға ыңғайлы 



қысқаша үлгісін беру: ав-ав -ит 

 

 



 

Гүлназ М. 6 ай 

 

Мақсат А. 7 ай 



 

Айша Т. 8 ай 

 

5. Түсінетін сөздер қорын кеңейту: 



 

а) «Қуыршақ қайда?» «Ит қайда?» сұрақтарын беру, тұрған 

орнын тауып, сұраққа жауап беруге жаттықтыру; 

 

ә)  бөлменің  әр  жеріндегі  ойыншықтарды  көзбен  таба  білуін 



дамыту. 

 

 



 

Әмина А. 10 ай 

 

Арнұр М. 11 ай 



 

Бекнұр М. 12 ай 

 

 

Тілді дамытудың дайындық кезеңіндегі  



ұйымдастырылған

 

оқу іс-әрекеті 

(3-6 бала) 9-12 ай  



Бөпешім балаларға қонаққа келді  

Мақсаты:  Балаларды  қуыршақпен  таныстыру;    тілді  түсінуін  дамыту:  

«қайда?»  сұрағына  тауып  алуды  үйрету;  өзінен,  қуыршақтан  қолын,  аяғын, 

басын, көзін көрсете білуге тәрбиелеу.  

Жабдық: үлкен қуыршақ (балаларда үнемі қолданыста бола бермейді).  

МДҰ:   балалар   қоршаудың   ішінде   отыруы   немесе   тұруы 

 

мүмкін.  

Тәрбиеші балалардың алдында балалар орындығында отырады.  

Оқу іс-әрекетінің барысы 

Тәрбиеші «Бөпешім балаларға қонаққа келді» − деп қуыршақты көрсетіп, 

айтады. Балалардың әрқайсысының қолын алып амандасады:  

«Сәлематсың ба, Амина, Арнұр, Аяулым?» Тәрбиеші әр балаға қуыршаққа 

қолын  беруді  сұрайды.  Содан  кейін  қуыршақтың  қалай  жүргенін  қимылмен, 

сөзбен көрсетеді:  

«Бөпе келе жатыр: топ-топ. Бөпе отырды». Балалар қуыршақтың бетін 

қарап, көзін, мұрнын тауып көрсетеді. Тәрбиеші өздерінен көрсетуін сұрайды. 

Балаларды осылайша қарапайым тілдесуге баулиды. Оқу іс-әркетінің соңында 

«басқа  бөпе  бар  ма?»  алдын  ала  ойыншықтар  арасына  қойылған  қуыршақты 

іздестіреді. Әр балаға жеке- жеке қуыршақтың көзін, мұрнын, қалай жүретінін 

көрсетуін сұрайды. Осы қағида бойынша кез келген ойыншықпен (аю, ит, қоян) 

ойын өткізуге болады. 

14 

 

ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЕКІНШІ ТОП 



(

 1 жастан 2 жасқа дейінгі)

 

Бала 


өмірінің 

екінші 


жылында 

психикалық 

және 

физиологиялық 



ерекшеліктеріне қарай балалар екі топқа бөлінеді: 

бірінші −  1 жастан 1 жас 6 айға дейін; 

екінші – 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.  

Әр жастың шағын топтарына өзіндік күн тәртібі ұсынылады. 

 

Тәрбие мен оқыту мазмұны 

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу  және  оқыту  олардың дене, 

ақыл-ой,  адамгершілік,  эстетикалық  дамуына,  денсаулығын  нығайтуға,  білім, 

білік, дағды негіздерін қалыптастыруға бағытталған.  

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ерте жас тобында ұйымдастырылған оқу іс-

әрекеті аптасына 7 рет  7-10 минуттан өткізіледі .  

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіндегі ойын шағын топтармен жүргізіледі:  

1 жастан 1 жас 6 айға дейін − сергіту кезеңінің  екінші жартысында;  

1  жас  6  айдан  2  жасқа  дейін  −  таңғы  және  кешкі  сергіту  кезеңдерінде 

өткізіледі. 

Бала  өмірінің  екінші  жылында  ересектердің  тілін  түсінуі  және  белседі 

сөйлеуі  қалыптасады;  сенсорлық  дамуы,  заттармен  әрекеті,  қимылы,  дербес 

дағдылары дамиды. 

Үлкендер  мен  ересек  балалардың  әрекеттеріне  еліктейді,  көргендерін 

қайталайды. Заттармен әрекеті және ересектермен қарым-қатынас нәтижесінде 

балада  мазмұндық-бейнелік  ойындар  пайда  болады,  оларды  салыстыруға 

үйренеді. 

 

Ойын әрекеттерін өткізуге әдістемелік ұсынымдар 

Балалардың жасына қарай ойын әрекеттерінің мазмұны мен өткізу әдістері 

өзгеріп  отырады.  «Денсаулық»,  «Таным»,  «Қатынас»,  «Шығармашылық» 

салаларын  кіріктіру  аясында  жоспарланған  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті 

тәрбиелеу-оқыту  үдерісінің негізі болып табылады және атқарылатын жұмысты 

шартты түрде төрт кезеңге бөліп ұйымдастыруға және жүзеге асыруға болады. 

 

Тіл дамыту мен айналаны бағдарлау бойынша 

 ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті 

Бірінші кезең  

Суретпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті (12 айдан 1 жас 6 айға 

дейін)  

Бір ғана суретпен ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті кезінде ересектердің сөзі 

бойынша  бейнені  тану  білігін  дамыту  мақсаты  қойылады.  Балада  эмоциялық 

дыбыстар  тудыру  «ай»,  «а-а-а»  және  басқа;  жеңіл  сөздерді  қайталау  білігін 

қалыптастыру.  

Қолданылатын материал: 14х10 см көлемдегі балаға жақсы таныс заттар 

айшықты түстермен бейнеленген сурет.  



15 

 

Әдістері:  тәрбиеші  суретті  күтпеген  жерден  суырып  алып  көрсетіп, 

олардың  қызығушылығын  туғызады.  Бала  суретті  қарап,  онда  бейнеленген 

суретті  дәл, дұрыс  (ит)  және  жеңілдетіп  («ав-ав»)  атайтынына  көзін  жеткізеді. 

Бірақ бұл кезде баланың назары әлі де тұрақсыз болғандықтан, баланың суреттен 

басқа  жаққа  алаңдауын  күтпестен-ақ  суретті  «Ой,  жоқ!»  -  деп  жасырады. 

Баланың суретті көруге қызығушылығы қайта пайда болғанда, суретті қайтадан 

алып  онда  бейнеленген  бейнені  атап,  балаға  бейнені  саусағымен  көрсетуді 

үйретеді, содан кейін қайта жасырады.  

Басқа  екі  суретпен  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеттерін  өткізгенде 

ересектердің  сөзі  бойынша,  екі  суреттегі  бейнені  тану  мақсаты  қойылады. 

Тәрбиеші  таныс  суретке,  аты  да,  сыртқы  түрі  де  ұқсамайтын  жаңа  суретті 

мысалы, ит бейнеленген суретке, автомобиль суретін қосады. Әдістері алдыңғы 

сабақтағыдай,  балаға  алдымен  таныс  сурет,  кейіннен  жаңа  сурет  көрсетіледі. 

Соңында  екі  суретті  қатарынан  көрсетеді.  1  жастан  асқан  балаға  ересектердің 

ауызша нұсқауын орындау және екі суретті қатарынан бір уақытта көру арқылы 

қабылдауы оңай болмайды. Бала әдетте сұрақты тыңдамайды, суреттерді қарап, 

өзінің назарын аударған суретті таңдайды. Сондықтан да, алдымен «ит қайда?» 

деген  сұрақты  баланың  қабылдауына  беріп,  соңынан  суретті  көрсету  қажет. 

Сонан кейін суретті жасырып,  орнын ауыстырып, қайта көрсеткен дұрыс.  



 

Екінші кезең  

1 жас 3 айдан 1 жас 6 айлық балалармен жүргізіледі.  



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  сыртқы  белгілері  ұқсас 

заттар  бейнесін  ажырата  білу,  ересектердің  сөзі  бойынша  біртекті  заттарды 

жинастыра білу білігін қалыптастыру.   

Әдістері:  жұмысқа  сыртқы  түрінде  айырмашылығы  бар  екі  біртекті  зат 

бейнелененген  суреттермен  қатар,  қарама-қарсы  түстегі  үшінші  сурет 

қолданылады.  Интерактивтік  тақтада,  планшетте  ойнауға  болады.  Мысалы, 

автомобильдің  қасында  тұрған  ақ  ит  пен  автомобильдің  қасында  тұрған  қара 

иттің  суреттері.  Немесе  жеңіл  және  жүк  автомобилі  бейнеленген  екі  сурет,  ал 

үшіншісінде – мысықтың суреті. Бұл сабақта тапсырма күрделенген. Тәрбиеші 

сабақта бірнеше   суретті  қарастыруды  ғана  емес,  сол  сияқты  олармен  әрекетті 

ұсынады. Ол үшін сәйкесінше «ал», «саусағыңмен көрсет», «бер», «тап» сөздерін 

қолданады,  әртүрлі  нұсқалар  бойынша  іздеу  үшін  суреттердің  орнын 

ауыстырады.   



 

Үшінші кезең  

Заттармен  әрекеттердің  бейнесін  тану  (1  жас  3  айдан  1  жас  6  айлық 

баламен).   



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  таныс  заттар  және 

олармен әрекеттердің бейнелерін тани білуін бекіту, таныс заттар және олармен 

әрекеттерді дұрыс және жеңілдетілген атауымен атай білу білігін қалыптастыру.   

Әдістері: тәрбиеші алдымен ұйықтап жатқан қуыршақты, тамақ ішіп жатқан 

ит  бейнеленген  суреттерді  пайдаланады.  Алдымен  балаға  «Қуыршақ  қайда 



16 

 

ұйықтап  жатыр?»  деген  сұрақ  қойылады,  соңынан  екі  сурет  бірдей 



көрсетіледі.Балалар  суретті  қарастырады.  Тәрбиеші  суреттердің  орнын 

ауыстырып, жасырады да «Бұл не? Не істеп жатыр?» − деп сұрақ қояды. Балалар 

осылайша әрекеттерді тануға жаттығады. Әрекеттерді жинақтай білу біліктерін 

қалыптастыру  үшін  бірдей  әрекет  жасап  жатырған  бала  мен  жануардың 

суреттерін пайдалануға болады. Мысалы, үстелде сүт ішіп отырған қыздың және 

едендегі  ыдыстан  сүт  ішкен  мысықтың  суреттері.  Тапсырмаларды 

 осылайша күрделендіре беруге болады.  

  

Төртінші кезең  

Таныс көріністердің бейнеленуін тану біліктерін бекіту (1 жас 6 айдан 2 

жасқа дейінгі балалар үшін 



Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінің  мақсаты:  бала  тәжірибесінде 

кездесетін  таныс  көріністерді,  жеңіл  бейнелерді  түсінуін  дамыту;  көріністерді 

сөздермен білдіру, екі-үш сөйлем қолдану; сурет бойынша ересектердің шағын 

әңгімелерін  тыңдай  білу.  Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  қолданылатын 

материал: 25х30 см көлемдегі суреттер саны 2-ден 5-ке дейін .   

Суреттер  немесе  интерактивті  тақтада  осы  суреттерді  көрсете  отырып, 

сұрақтар  беруге  болады.  Мысалы,  анасы  сәбиді  шомылдыруда,  балалар 

қолдарын жуып, түстенуде; бала құлыншаққа жем беріп жатыр және т.б.  



Әдістері:  тәрбиеші  алдымен  сұрақ  бере  отырып,  суретті  көрсетеді:  «Бұл 

кім?  Не  істеп  жатыр?».  Егер  де,  бала  заттарды  атап  берсе,  қосымша  сұрақтар 

беріледі:  «Бала  не  істеп  жатыр?  Оның  қолында  не  бар?»,  «Құлыншақ  не  істеп 

жатыр?  Құлыншаққа  жем  берген  кім?».  Содан  кейін  сурет  бойынша  қысқаша 

әңгіме тыңдау ұсынылады.  

 

БІРІНШІ КІШІ ТОП 

(2 жастан 3 жасқа дейінгі) 

Үлгілік оқу жоспарына сәйкес бірінші кіші топта ұзақтығы 10-15 минуттан 

аптасына  9  рет  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  таңғы  және  кешкі  уақыт 

кезеңдерінде шағын топтармен өткізіледі. Күн тәртібінде ұйымдастырылған оқу 

іс-әрекетінің  әр  түрлі  түрлерінің  арасындағы  үзілістерді  қосқандағы  жалпы 

ұзақтығы көрсетілген.  

Тәрбиелеу-оқыту  үдерісінің  негізі  «Денсаулық»,  «Қатынас»,  «Таным», 

«Шығармашылық»  білім  беру  салаларын  кіріктіру  аясында  жоспарланатын 

ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттері болып табылады.  

Бала  өмірінің  үшінші  жылының  күн  тәртібін  құрғанда,  сергіту  сәтінің 

ұзақтығы  мен  сипатында  болған  өзгерістер  ескеріледі.  Бала  дербестігінің 

айтарлықтай 

артуына 

байланысты, 

органикалық 

қажеттіліктерін 

қанағаттандыруға  және  әртүрлі  гигиеналық  шаралар  өткізу  уақыты 

азаяды.Сондықтан да сергіту сәті әртүрлі ойын әрекеттерімен толықтырылады. 

Егер бір себептермен серуенге шығу мүмкін болмаса, орнына жоспарлы түрде 

міндетті  шаралар  (қажет  болса,  өзгерістерімен)  мен  қимылдық  ойындар 

өткізіледі. 


17 

 

Үш  жасқа  қарай  бала  неғұрлым  дербес  болғанына  қарамастан,  бұл  жаста 



олар ұзағырақ жалғыз ойнауға құлықсыз. Ересектер олардың белсенділігін үнемі 

ынталандырғаны  дұрыс.  Сондықтан,  сергітудің  әр  кезеңінде  баланың  дербес 

әрекеттері ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне (ҰОӘ) алмастырылады. 

 Күн  ұзағына  4  педагогикалық  шара:  2    ҰОӘ    және  2  мақсатты  серуен 

жүргізіледі.  Серуенде:  бақылау,  саяхат,  дидактикалық  ойындар,  қарапайым 

еңбек әрекеттері және міндетті қимылдық ойындар ұйымдастырылады. 

Шынайы-көрнекі  ойлаумен  қатар  көрнекі-бейнелі  ойлау  элементтерін 

қалыптастыру қажет болады. 

Балалардың қабылдауы, зейіні, есте сақтауы дамытылады. 

Айналаны бағдарлау тәжірибесі ұлғаяды, әртүрлі сенсорлық қабылдаулары 

байи түседі. 

Айналасын  қоршаған  заттар  туралы,  олардың  арасындағы  қарапайым 

байланыстары туралы түсініктері қалыптасады. 

Табиғат  құбылыстарына,  өсімдіктерге  ұқыпты  қарым-қатынас  жасауға 

қызығушылыққа тәрбиелеу. 

Балалардың тілін дамыту жалғасады. Сөздік қорын кеңейіп, сөйлеу тілінің 

грамматикалық құрылымын жетілдіріледі. 

Көрекіліксіз ересектердің тілін түсінуге үйрету. Балалардың тілі үш жастың 

соңына қарай бір - бірімен  толыққанды қарым-қатынас құралына айналуына қол 

жеткізу. 

Заттардың  сандық  және  сапалық  айырмашылықтары  туралы  алғашқы 

түсініктер қалыптастыру. 

Заттармен әртүрлі әрекеттер:  атауы біртекті заттарды жинау, түсі, көлемі, 

пішіні әртүрлі заттарды іріктеу жасауға үйрету. 

Ересектердің  еңбек  әрекеттеріне  қызығушылыққа  тәрбиелеу.  Мазмұндық-

ролдік ойындардың алғышарттарын қалыптастыру, құрдастарымен қатар ойнау, 

кейінірек бірігіп ойнау біліктерін дамыту. 

Балаларда  құрдастар  арасындағы  мінез-құлық  тәжірибесін  қалыптастыру. 

Құрдастарына ықылас таныту сезімдеріне, ата-аналары мен жақын адамдарына 

деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 

Көркемдік  қабылдауын  дамыту,  музыкаға  және  ән  айтуға  ықыласын, 

бейнелеу өнерін, әдеби шығармаларды түсінуге тәрбиелеу. 

 

«Не үшін?» дидактикалық ойыны 

( «Таным», «Қатынас» білім беру салаларын кіріктіру арқылы)  



Мақсаты:  ересектермен  және  құрбыларымен  біріккен  әрекеттерден 

қуаныш сезімдерін тудыру.  



Міндеттері: айналасындағы заттарды тануға және оларды атауға, не үшін 

пайдаланылатынын білуге, тәрбиешінің сұрағына жауап беруге, айналасындағы 

заттар  арасындағы  қарапайым  байланыстар  туралы  түсінік  қалыптастыру, 

тақырып бойынша сөздік қорын байыту. Назар аударуын, тілін, ойлауын, дүние 

танымын 

дамыту. 


Тәрбиешімен 

диалог 


жүргізе 

білуге, 


ниетіне, 

алаңғасарланбауға тәрбиелеу.  



18 

 

Материал: тіс щеткасы, киім щёткасы, жіп, түйме, сабын, бантик, орамал.  



Ойын барысы: тәрбиеші қапшықтан заттарды бір-бірлеп алады.  Балаларға 

сұрақ қояды:  



Бұл не? 

 

 



Бұл зат не үшін қажет?   

Оны қандай мақсатта қолданамыз? 

Мысалы: тіс щеткасы-тіс тазалаймыз, ал тісті не үшін тазалаймыз- тісіміз 

ауырмас үшін және т.б.  

Қоршаған ортамен танысу  

Қоғамдық  өмірдің  құбылыстарымен  танысу.  Кішкене  балаларда 

қоғамдық өмірдің құбылыстарына қызығушылық ерте пайда болады. Тәрбиеші 

оны мүмкіндігінше қанағаттандыруға тырысады.  

Дәрігер  Арнұрдың  тамағын  қарады.  Оған,  а-а-а  деп  айтқызды,  Әминаның 

кеудесінде сырыл жоқ па? Дәрігер сияқты қуыршақтың тамағын тексеріп көрші. 

Аюдың  кеудесінде  сырыл  бар  ма?  Балалар  алған  білім  «Таны  және  атын  ата» 

(еңбек  құралдары,  дәрігер  мен  күтушінің  әрекеттері),  «Мына  заттар  кімге 

қажет?» (шаңсорғыш, сыпырғыш, орамал, тарелке-күтушіге, градусник, шприц-

дәрігерге) дидактикалық ойыны арқылы нақтыланады және бекітіледі.   

Айналадағы заттармен таныстыру. Автобус. Дүкендер. Бақ. Автобуспен 

адамдар жұмысқа, қонаққа барады. Дүкеннен тамақ(нан, кәмпит, печенье) және 

заттар(көйлек,  жейде,  шұлық)  сатып  алады.  Бақта  балалар  ойнайды,  ересектер 

демалады. 



Табиғатпен таныстыру. Ағаштар, гүлдержапырақтар, жылы. 

Қандай ағаштар? (Үлкен және кіші; жасыл.). Талғат қанша жапырақ жинады? 

Жапырақтың түсі қандай? (Сары, жасыл). Қазір күн жылы. 

  

Тіл дамыту 

Баланың сөздік қорын қалыптастыру 

 «Қайда қою қажет?»  ойыны.  

Мақсаты:  балалардың  зат  есімнен  тұратын   сөздік  қорын  байыту,  дұрыс 

қолдануға жаттықтыру; ересектердің сұрағына балалардың дұрыс , анық жауап 

беруге үйрету. 

  

Ойынға қажетті заттар: жемістердің үлгілері; суреттер, киімдер бейнелері.  



Ұйымдастыру түрі: ойын. 

1. Алма, алмұрт, банан және апельсин − вазаға; 

2. Көйлек, бәтеңке, жейде − шкафқа. 

 

 



 

 

 

 

 

19 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 

 

Ерте  жас  –  адамға  тән  барлық  психологиялық  және  физиологиялық 

үдерістер жедел қалыптасатын кезең. Уақытында және дұрыс жүзеге асырылған 

тәрбие балаларды ерте жастан толыққанды дамытудың басты шарты. 

Ерте  жастағы  балаларды  дамытуға  арналаған  тәрбиелеу  –  оқыту 

үдерістерін  ұйымдастыруда  негізгі  педагогикалық  ережелерді  ажыратуға 

болады: 


1.  Сауықтыру және тәрбиелеу жұмыстарының бірлігі. 

2.  Тәсілдердің тұрақтылығы мен бірлігі. 

3.  Шаршаудың алдын алу. 

4.  Дербестігін дамыту. 

Балалық  шақтың  ерте  кезеңінде  −  баланың  жалпы  дамуының  іргесі 

қаланады.  Нақ  осы  ерте  кезеңде  сәби  саулығының  негізі  мен  интелектісі 

қалыптаса бастайды. 

Бұл әдістемелік құралдың міндеті – баланың бүкіл өміріндегі және жалпы 

дамуына  негіз  болатын  ерте  жастың  құндылықтарын  тәрбиелеу  үдерісінде 

қолдануға  ықпал  ету.  Балабақшадағы  күн  тәртібін  және  ойын  ортасын  құру, 

тіршілігін ұйымдастырудағы гигиеналық жағдайлар, әртүрлі аурулардың алдын 

алу  педагогикалық үдерістердің маңызды құрамдас бөліктері болып табылады. 

Тәрбиелеу  мен  оқытуды  ұйымдастыру  арнайы  оқу-әрекеттерінде, 

режимдік  сәттерде  және  күн  ұзағына  болатын  педагог  пен  балалардың 

бірлескен әрекеттерінде жүзеге асырылады. 

Ерте  жас  кезеңіндегі  балалар  әрекетін  ұйымдастырудың  ең  басты  түрі 

балабақшаның  барлық  режимдік  сәттері  арқылы  жүзеге  асырылатын 

педагогтың балалармен жеке әрекеттері болып табылады. 

Бала өмірінің үшінші жылында пішіні, көлемі және түстері бойынша 2-3 

затты таңдайтын; әуенді ажырататын; әндете бастайтын көру және есту бағдары 

жетіле  түседі.  Ана  тіліндегі  барлық  дыбыстарды  қабылдайды,  бірақ  оларды 

айтарлықтай ауытқуларымен айтады.  

Негізгі педагогикалық ережелердің бірі бала тәрбиесіне қатысы бар барлық 

тұлғалар  тарапынан  болатын  қарым  –  қатынастың  барлық  тәсілдердің  бірлігі 

мен тұрақтылығын қамтамсыз ету. Ерте жастағы балалардың балабақшаға келуі 

қарқын алған қазіргі кезде бұл міндеттің  өзектілігі айырықша мәнге ие. 

Ерте  жас  адам  өміріне  негіз  болатын  қабілеттер  қалыптасатын  жауапты 

кезең. Бұл кезеңде, танымдық белсенділік, әлемге құштарлық, өзіне деген сенім, 

адамдарға  мейірімді  қарым-қатынас,  шығармашылық  мүмкіндіктер,  жалпы 

өмірлік  белсенділік  сияқты  шешуші  қасиеттер  қалыптасады.  Алайда,  бұл 

қасиеттер  мен  қабілеттер  физиологиялық  жетілулер  нәтижесіндей  автоматты 

түрде  бірден  пайда  болмайды.  Оларды  қалыптастыру  үшін  тәрбиешілер, 

педагогтар , ата-аналар белгілі бір қарым-қатынас түрлері арқылы ықпал етеді 

және олардың баламен бірлескен әрекеттері талап етіледі. 

Сонымен,  ерте  жастан  бастап  тәрбиелеу  мен  оқыту  үдерісінде  сәби  өзін 

бақытты сезінетіндей болғаны дұрыс. 



20 

 

Тәрбиелеу  мен  оқытудың  басты  нәтижесі  ең  кішкентай  сәбилердің 



қанағаттанған  сезімде  болуы,  қуанышқа  бөленуі  бұл  барлық  әдістердің 

авторлары мен барлық ғылыми орта өкілдерінің пікірін бір арнаға тоғыстырған 

бірден-бір басты көрсеткіші болып отыр.  

 

Педагогикалық ұсынымдар 

• 

Педагогтар  басқа  іс  әрекеттерімен  ойынға  бөлінетін  уақыттан  уақыт 



алмауға тырысуы қажет.  

• 

Балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  даму  деңгейін  ескере  отырып  ойын 



ортасын  құру.  Ойын  ортасы  өзгермелі  болуы  тиіс.  Мазмұндық-рөлдік  ойын 

атрибуттары  балалардың  қолы  жететін  орында  болғаны  дұрыс.  Кейбір  кезде 

атрибуттар  арнайы  бекітілген  тәртіппен  қалыптастырылады,  ал,  кейбір  кезде 

балаларға ойын ортасын өзбетімен құруға мүмкіндік беріледі.  

• 

Ерте жас кезеңіндегі балалар ойынына басшылық жасаудың тиімді тәсілі 



педагог  басты  рөлге  тікелей  қатысады,  соның  ішінде  алғашында  әр  баламен 

жеке-жеке ойнайды, оқу жылының соңында балалардың шағын тобымен ойнау 

ұсынылады.  

• 

Балалармен ойынға басшылық жасаудың жанама тәсілдерінің маңызы зор, 



баланың  өзбетімен  ойнауға  кедергі  жасамайтын  дербес  ойындардың  бала 

дамуына ықпалы мол.  

• 

Балалардың  дербес  ойындарын  бақылау  негізінде  ойынға  басшылық 



тәсілдері құрылады.  

• 

Педагог мүмкіндігінше баланы «ересектердің» орнына жиірек қойып, бала 



дербестігінің дамуына мүмкіндік береді.  

 

 

21 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 

 

 

 

1.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  2007  жылғы  27  шілдедегі 



Заңы 

2.  ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Нұрлы  жол  − 

болашаққа бастар жол» Жолдауы 11 қараша 2014 ж. 

3.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы  № 

1118  Жарлығымен    бекітілген  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді 

дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік  бағдарламасы.  

4.  Қазақстан  Республикасы  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың 

мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, 2012 ж. 

5.  Балалар  бақшасында  тәрбие  мен  оқыту  бағдарламасына  әдістемелік 

ұсынымдар. М., Просвещение,1986.  

6.  Н.С.Құлжанова «Мектепке дейінгі тәрбие», Орынбор,1923.  

7.  Н.С.Құлжанова «Ана мен бала»,1927 

8.  Б.  Баймұратова  Тәрбиешілер  мен  ата-аналарға  арналған  құрал,  Мектеп, 

1989 


9.  Б.Баймұратова, М.Сәтімбекова «Балбөбек» бағдарламасы  

10. Л. Г. Голубева Гимнастика и массаж для самых маленьких. — М.: Мозаика-

Синтез, 2006-2010. 

11. Г. М. Лямина Развитие речи детей раннего возраста. — М., 2005.  

12. Ребенок  от  рождения  до  года  /  Под  ред.  С.  Н.  Теплюк.  —  М.:  Мозаика 

Синтез. 2008-2010. 

13. Ребенок  второго  года  жизни  /  Под  ред.  С.  Н.  Теплюк.  —  М.: 

МозаикаСинтез. 2008-2010.  

14. С.  Н.  Теплюк,  Г.  М.  Лямина,  М.  Б.  Зацепина  Дети  раннего  возраста  в 

детском саду. — М.: Мозаика-Синтез, 2005-2010.  

15. С. Н. Теплюк. Занятия на прогулке с малышами.  — М.: Мозаика Синтез, 

2005-2010.  



 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет