Эксперименталды іздену іс-әрекеті
- қарапайым тәжірибелер мен эксперименттерге қызығушылық таныту және қатысу;
- қарапайым себеп-салдар байланысын орнату;
- заттарды белгілі бір реттілікте тексеру тәсілдері;
-түрлі материалдармен, олардың сапасы және қасиеттерімен танысу.
«Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнын игеру нәтижесінде, жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- «өлі» және «тірі» табиғат ұғымын ажырата білу; «өлі» және «тірі» табиғат нысандарын атау және ажырата білу;
- табиғаттағы және жыл мезгіліндегі ауа райындағы маусымдық өзгерістердің атын атап, ажырата білу;
- қарапайым өзара байланыстарды түсіну (суық – жылы киіну керек, топырақ құрғады – гүлдерге су құю керек);
- ағаштардың, талдардың, шөптесін өсімдіктердің, гүлдердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың, көккөніс пен жемістердің, дәрілік шөптердің бірнеше түрін атап, ажырата білу;
- өсімдік өсіруге қажетті шарттарды білу;
- көкөністер мен жемістерді түсіне, дәміне, шамасы мен пішініне қарай ажырата білу;
- өсімдіктің адам мен жануарлар өмірінде алатын маңызын түсіну;
- үй жануарлары мен жабайы аңдарды, қыстайтын және жыл құстарын, жәндіктерді, балықтарды атап, ажырата білу;
- жануарлардың табиғи жағдайдағы өмірлері туралы түсінікке ие болу;
- табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу;
-табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау дағдыларын білу;
-қарапайым эксперимент жасауға қызығушылық және білімге құмарлық таныту;
- сынап көру әрекеттері арқылы түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін табу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.
Достарыңызбен бөлісу: |