Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- заттарды үлгісі мен аталған санына қарай есептеу, сандарды ретіне қарай атау арқылы заттарды санау және қорытынды сан, «Барлығы қанша?» деген сұраққа жауап беру;
- сандарды ретіне қарай атау арқылы 5-ке дейін заттарды санау, «Қанша?», «Нешінші?» сұрақтарына жауап беру;
- заттардың екі тобын салыстыру, аз топқа қосу арқылы немесе үлкен топтан бір затты алу арқылы екі тәсілдің теңдігін анықтау, «қанша болды?», «қанша қалды?» сұрақтарына жауап беру;
- түрлі анализаторлардың көмегімен санау (көру, есту, сезіну арқылы);
- беске дейінгі цифрларды білу мен атау;
- ұлғаю және азаю тәртібінде көлемі әр түрлі 5 затқа дейін салыстыру;
- геометриялық пішіндер мен денелерді тану және атын атау: шеңбер, шаршы, үшбұрыш, тікбұрыш, текше, шар, цилиндр;
- әлдебір заттың өзіне қатысты орналасуын анықтау мен белгілеу;
- берілген бағытта қозғалу: алға, артқа, солға, оңға;
- тәулік бөліктерін ажырата білу және атау.
Құрастыру бойынша білім мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:
- құрылыс бөлшектерін ажырата білу және атын атау (текше, пластина, діңгек, кішкентай кірпіш);
- конструктивтік қасиеттерін ескере отырып, құрылыс материалдарының бөлшектерін пайдалану;
- құрылысқа талдау жасау: негізгі бөлшектерді көрсету және оларды шамасы мен пішінен қарай ажырата білу, осы бөлшектердің бір-біріне қатысты кеңістікте орналасуын анықтау;
- берілген тапсырмаға сәйкес құрылыстарды өзгерту;
- тікбұрыш парақты ортасынан бүгу;
- қағаз парақтарын көлемді пішіндерге өзгерту (мыжу, жырту, бұрау);
- жұмыс орнында тәртіп сақтау.
Достарыңызбен бөлісу: |