2.НЕГІЗГІ БӨЛІМДЕР
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайларында білім беру процесі.
«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда (МДҰ жанындағы шағын орталықтарда):
-1 қыркүйектен 30 мамырға дейін Үлгілік оқу жоспарына сәйкес тәрбиелеу – білім беру процесі іске асырылады;
-1 маусымнан 31 тамызға дейін – жазғы сауықтыру кезеңі.
Жаз айларында білім беру процесінің мазмұнын қайталау жүргізіледі және шығармашылық, ойын, тәжірибелік-эксперименттік әрекетке ерекше назар аударылады.
Мектепке дейінгі ұйымда білім беру процесінің мазмұны Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Білім беру процесінің негізгі міндеттері:
мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыру;
мектепке дейінгі ұйымда балалардың табысты бейімделуі мен дамуы үшін жағдай жасау;
коммуникативтілік, креативтілік, сыни ойлау, ынтымақтастық және командада жұмыс істей білу дағдыларын меңгеру;
балаларды жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға баулу.
«Білім туралы» ҚР Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту отбасында, мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың мектепалды даярлық сыныптарында іске асырылады (30-бап 2-тармақ).
Мектепке дейінгі ұйымда оқу жылының басталуы мен аяқталуын сәйкестендіру үшін 1 қыркүйекке дейін толық жасқа жетуді ескере отырып, мынадай жас кезеңдері бойынша топтарды жасақтау қажет:
Достарыңызбен бөлісу: |