Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



бет1/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢМЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРЫНДА 2019-2020 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТУРАЛЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ



Нұр-Сұлтан, 2019

Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында 2019-2020 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хат – Нұр-Сұлтан: 2019.- 25 бет.


Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылында меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына, әдіскерлеріне, педагогтері мен мамандарына әдістемелік көмек көрсетуге арналған.
Аталған әдістемелік нұсқау хат «Мектепке дейінгі балалық шақ»республикалық орталығының Ғылыми-әдістемелік кеңесінің шешімімен ұсынылады (2019 жылғы 5 маусымдағы №4 хаттама).






  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы мектепке дейінгі ұйымдарда 2019-2020 оқу жылында білім беру процесін іске асыру үшін негізгі платформа болып табылады.


Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың басым бағыттары:

2019-2020 оқу жылында мектепке дейінгі ұйымдарға арналған Әдістемелік нұсқау хат мынадай негізгі бөлімдерді қамтиды:
1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұны жағдайында білім беру процесі.
2. Мектепалды даярлық.
3. Қауіпсіз білім беру ортасы.
4. Инклюзивті білім беру.
5. Педагогтің кәсибі құзыреттілігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет