Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру



бет9/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)

баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру.

Арнайы білім беру ортасын құру, зияткерлік – психологиялық ойындар өткізу, бірінші сыныпта жалғасатын психологиялық - педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету арқылы іске асырылады.

  • болашақ мектеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық» «Әлеумет» білім беру салаларын кіріктіру арқылы іске асырылады.
Баланың мектепте оқуға дайындығының көрсеткіштері:
жеке-тұлғалық дайындығы – оқуға ынтасы (мектепке барғысы келеді, оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін түсінеді, жаңа білімді алуға қызығушылық танытады);
әлеуметтік-психологиялық дайындық – жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімделе алуы (ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасай білуі); оқу міндеттерін қабылдай білуі (мұқият тыңдау, қажет кезде тапсырманы нақтылау);
танымдық дайындық – баланың ойлау қабілетінің даму дағдыларын меңгере білуі: талдау, синтез, салыстыру, жалпылау.
«Балақайлар мектебі» курсының соңында түлек мынадай біліктер мен дағдыларды меңгеруі тиіс:
-қолдың ұсақ моторикасы дамыған(қаламды, қарындашты, қылқаламды қолында дұрыс ұстай білуі, сызықтан асырмай заттарды бояу және штрихтау);
- сурет бойынша әңгіме құрастыру;
- әңгімені, ертегіні мазмұндау;
- сөздерді дыбыстық талдау;
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
- 20 көлемінде санау, 10 дейін сандар құрамы мен цифрларды білу;
- дәптердің, кітаптың парағында, кеңістікті, уақытты бағдарлау;
- қарапайым тапсырмаларды орындау;
-бейнелеу әрекетінің дағдыларын меңгеру (сурет салу, мүсіндеу, жапсыру).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет