Байланысты: МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)
Ерте жастағы балаларды дамыту «Ойлау негіздері, ақыл-ой мен шығармашылық қабілеттер, жаңа дағдылар сонау бала кезден қалыптасады».( ҚРПрезидент жолдауы 5 қазан, 2018 ж.).
Баланың әлеуметтік-психологиялық бейімделудегі сәттілігінің қажетті шарты - ата-аналар мен тәрбиешілердіңкелісілген іс –әрекеттері, әр баланың жас ерекшеліктері менқолданатын ойын технологияларын ескере отырып, үйлестіру болып табылады.
Міндеттері:
ерте жастағы балалардың әлеуметтенуі үшін мектепке дейінгі ұйымда жағдай жасау;
әлеуметтік және өзін-өзі үйрету дағдыларын қалыптастыру;
МДҰ жағдайына балалардың әлеуметтенуінің тиімді әдістерін дамыту;
ата-аналарды балалармен бірлескен әлеуметтік маңызы бар әрекеттерге тарту.
Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесін жоспарлау. Білім беру процесі мектепке дейінгі ұйымныңжылдық жоспарына, өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға және апталық циклограмма сәйкес іске асырылады.Балалардың түрлі жас кезеңдерінде даму деңгейін бағалауға мониторинг жүргізіледі (2018-2019 оқу жылындағы әдістемелік нұсқау хаттың қосымшасын қараңыз).
Жылдық жоспарды қайта құру, оның мазмұнының қысқаша, сызба түрінде және білім беру процесінің әрбір қатысушысы үшін қол жетімді болуынан құралады.Жылдық жоспардың бөлімдері:
- салауатты өмір салтын ұйымдастыру;
- білім беру процесін ұйымдастыру;
- әлеуметпен жұмыс;
- бақылау және басшылық;
- кадрлармен жұмыс;