Байланысты: МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)
21 ғасырдың түйінді құзыреттіліктері: креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілік және командада жұмыс істей білу. Креативтілік-шығармашылыққа деген қабілеттілік, жаңа нәрсені жасау мүмкіндігі.
Сыни ойлау дағдылары:
- затты қасиеттері мен белгілерін ауызша сипаттау бойынша табу;
- екі немесе одан артық нысандардың жалпы және түрлі белгілерін табу;
- ауызша сипаттау бойынша нысанмен жасауға мүмкін болатын әрекетті табу;
- бір затқа қолданылатын әрекеттерді басқасына ауыстыру;
- шығармашылық әңгіме, ертегі, жұмбақ құрастыру.
Сыни ойлау технологиясын қолдану- балаға тәрбиешінің сұрақтарына жауап беруден емес, өз сұрақтарына жауап алуға мүмкіндік береді.
Педагогтердің сыни ойлау технологиясының тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдануы балалардың өзіндік пікірін қалыптастырады, дербестігін, жауапкершілігін, әлеуметтік ортада бағдарлай білуіндамытады.