Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ



бет14/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)
ОСӨЖ-2 ГЕНЕТИКА, ОСӨЖ-1 тағ микр, осөж-14 БТ негиздери Абитова А, 10 класс (каз)жаратылыстану бағыты, 601746.pptx, әш 15 апта
Инклюзивті білім беру


Инклюзивті білім беру (бірге білім беру) - ерекше білім алу қажеттіліктері мен түрлі жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, барлық тәрбиеленушілер үшін білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзету арқылы қолдау инклюзивті және арнайы білім беру аясында медициналық, педагогикалық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Инклюзивті білім берудің негізгі міндеттері:

  • Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы қолдау үшін жағдай жасау

Бұл міндет ерекше білім берілуқажеттілігі бар балаларда бар бұзушылықтарды түзету құқығын қамтамасыз етумен, оны жалпы білім беру процесіне және әлеуметтік бейімделуге енгізу арқылы жүзеге асырылады.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларында»жалпы дамытатын МДҰ жас топтарына ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды енгізу нормасы қарастырылған.Бір топқа осы категориядағы үш баладан көп емес балалар енгізілуі мүмкін, бұл ретте балалардың жалпы саны ерекше білім берілу қажеттіліктері бар бір балаға үш тәрбиеленушіден кемітіледі.

  • ерекше білім берілу қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық қолдауды қамтамасыз ету

Арнайы түзету оқу қызметі, шағын топпен, балалармен және ата-аналармен арнайы топтар мен инклюзивті оқытатын топтарда жеке және консультативтік жұмыс арқылы іске асырылады.
Ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларға олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог, педагог - психолог арнайы түзету сабақтарын өткізеді.
Инклюзивті білім беру топтарын ашу кезінде келесі жағдайлар ескерілуі тиіс:
- олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог, логопед, дефектолог педагог – психолог, тьютор мамандарының болуы;
- ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру үшін арнайы жағдайлардың болуы, оның ішінде кедергісіз орта құру;
- білім беру процесіне қатысушылардың ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаларға толерантты қатынасын қалыптастыру бойынша алдын ала жұмыс жүргізу.

  • Ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру:

- түзету жұмысының мақсаттарын, міндеттері мен бағыттарын анықтауға бағытталған ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балаға кешенді психологиялық-педагогикалық зерттеуді жүргізу;
- инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім берілу қажеттілігі бар балалардың жеке білім траекториясын жобалау және жүзеге асыру;
- ерекше білім берілу қажеттіліктері бар балалардың білім алуы мен әлеуметтенуін қамтамасыз ететін біріңғай түзету психологиялық-педагогикалық кеңістігін құру аясында басқа мамандармен өзара бірлесіп әрекет ету;
- ата-аналарды түзету-педагогикалық міндеттерді бірлесіп шешуге тарту арқылы жүзеге асады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет