Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


Тәлімгер ретінде келесідей  критерийлерге ие дайындалған мамандарды тағайындайды



бет16/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)
ОСӨЖ-2 ГЕНЕТИКА, ОСӨЖ-1 тағ микр, осөж-14 БТ негиздери Абитова А, 10 класс (каз)жаратылыстану бағыты, 601746.pptx, әш 15 апта

Тәлімгер ретінде келесідей  критерийлерге ие дайындалған мамандарды тағайындайды:


  • кәсіби дайындығыжоғары деңгейдегі;

  • дамыған коммуникативтік дағдылары мен қарым-қатынасқаикемділігі;

  • тәрбие және әдістемелік жұмыс тәжірибесі;

  • жұмыстағы тұрақты нәтижелері;

  • педагогикалық қызмет өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс.

Тәлімгерлердің қызметіне басшылықты МДҰ басшысы мен әдіскер жүзеге асырады.
Тәлімгерлердің жұмысын ынталандыру үшін МДҰ басшылары МДҰ - ның педагогикалық кеңесінде әзірленіп, бекітілген Ережеге сәйкес моральдық көтермелеу шараларын қарастыру керек.


Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтау
Әрбір педагог осы мәртебеге сәйкес болуы және Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларын және Педагогикалық әдеп қағидаларын сақтауы тиіс.
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері педагогикалық әдептің жалпы қағидаттары мен нормаларын басшылыққа алуға міндетті.
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары:
-адалдық;
-әділдік;
-өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу;
-жалпы адами құндылықтарды құрметтеу;
-кәсіби ынтымақтастық;
-үздіксіз кәсіби даму.
Педагог қызметкерлер өз қызметінде Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермеуі тиіс, өзінің қызметтік міндеттерін адал және сапалы орындай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қолдануы, өзінің шыншыл, адалжәне әділ мінез-құлқымен үлгіболуы тиіс.
Педагог өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болуы маңызды.
Білім беру ұйымдарында, білім беру ұйымдарынан тыс мінез-құлық мәдениеті педагогтің жоғары атағына сәйкес болуы тиіс.Педагог мектепке дейінгі білім беру саласының беделін түсіретін педагогика қағидалары мен талаптарына қайшы келетін мінез-құлыққа, интернет-кеңістіктегіпікірлерге жол бермеуі тиіс.
Педагог құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі органдарына өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтау фактілері туралы дереу хабарлауға міндетті.
Сондай-ақ, педагог құқық қорғау органдарына кәмелетке толмағандардың қылмыстық немесе әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар әрекеттер (әрекетсіздік) жасау фактілері туралы, ұйымдардан тыс жерде кәсіби қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы хабарлауға тиіс.
Педагог тәрбиеленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес береді, оларға оқыту мен тәрбиелеудегі ортақ жауапкершілік қағидаларын түсіндіреді.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында түрлі қажеттіліктерге (оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу, жөндеу жұмыстары, туған күндер, мерекелерге және т.б.) ақша жинауға мәжбүрлеугетыйым салынады. Барлық шығындар бюджетте қарастырылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет