Сабақ жоспары
План урока
Plan of the lesson
Мектеп:/школа/school: Рудный қаласы әкімдігінің №13 орта мектебі» ҚММ
Күні/Дата/Date: 14.11.2015
Сынып/Класс/Class: 6 «Ә»
Оқушылар саны/всего учащихся/all students: 30
Тақырып/Тема/Theme:: Әдептіліктен озбайық
Құндылық/Ценность/Value: әдептілік, сыйластық
Қасиеттер/Качество/Quality: айналасындағы адамдармен сыйласу, оларды бағалай білу
Оқытушы/Учитель/Teacher: Сражатова Надежда Даниярбекқызы
Мақсаты: оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне үйрету, олардың әдеп, әдеп сақтау ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеті:
- оқушыларға әдеп, әдеп сақтау туралы түсініктерін тереңдету;
- оқушылардың этикалық қарым-қатынастарын дамытуға ықпал ету;
- оқушыларды ізетті, ілтипатты, сыпайы болуға тәрбиелеу.
|
Көрнекі құралдар:
Суреттер, кітаптар, үлестірмелі қағаздар, интерактивті тақта, видео, колонкалар
|
Сабақ барысы/ход урока/course of the lesson
Психологиялық ахуал тудыру.
Жабырқама!
Сабақтың ережесін құру
-әр пікір құнды
-сыйластық
-әдептілік
-тыңдау
-уақытты үнемдеу
Үй тапсырмасын тексеру
І тоқсан бойынша алған білімдерін жинақтау.
Өткен сабақтармен байланыс орнату
-Өз бетімен танып-білуге құштарлық, талпыныс ізденіс адамның еркі мен мінезін шынықтырып, шыңдайды. Өмірдегі әр түрлі жағдайлардағы қиындықтарға қарамай, мақсатқа жетуге көмектеседі. Ізденіс алдыңа қойған мақсатқа жетуге ұмтылдырып, талпындырады
|
Ескерту
_______________________________________________________________________________________________________________________
|
Сабақ тақырыбын ашу.
Тақтадағы сөздер жиынтығы.
Көмектесу, ата-ананы тыңдау, тәртіптілік, көмектесу, үлкенді сыйлау, өтірік айтпау, кешірім сұрау – сөздер арқылы сұрақ – жауап әдісі арқылы сабақ тақырыбын ашу.
«Дәйексөз» ар
«Әдептілік, ар – ұят – адамдықтың белгісі»
Халық мақалы
Талдау. Қорытындылау.
|
_______________________________________________________________________________
|
Мәтінмен жұмыс. Әңгімелесу
ӘДЕП
Бiр жүрттың бас әкiмi екiншi бiр байға жолығысып сөйлесiп тұрғанда, қасынан бiр жарлы мұжық өтiп бара жатып иiлiп, бас ұрып сәлем бердi дейдi. Оған қарсы әлгi үлкен әкiм төре онан да төменiрек бас ұрып сәлем алды. Қасындағы бай:
– Тақсыр, осынша жүрттың үстiнен қараған әкiмсiз, осы бiр мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? – деп айтты дейдi.
Сонда әкiм:
– Ешбiр iлiм-бiлiм үйренбеген мұжық сонша иiлiп, әдептiлiгiн көрсеткенде, мен онан әдепсiз болып қала-йын ба? – дедi дейдi.
Талдау. Қорытынды жасау
Жағдаят шешу
Әдептілік пе, әдепсіздік пе?
Серік партада тамақ жеп отырды. Сыныпқа бір үлкен кісі кіріп, мұғалімнің қайда екенің сұрады. Ал Серік тамағын жеп отырып, кітабын ақтарып, әлгі кісіге білмеймін деп жауап берді.
Балалар, бұл әдептілік пе, әдепсіздік пе?
Қалай жауап беру керек еді?
Ия, бұл әдепсіздік. Үлкен кісі жөн сұрап тұрған кезде мұғалімнің қайда екенің анықтап, жауап беру керек. Сыныпқа кірген үлкен адаммен бірінші кезекте сәлемдесу керек.
«Әдепті бол, балам» атты диалог әңгімені оқушылардың өздері жүргізеді.
Мұндағы мақсат сөйлеу кезінде әдеп сақтауды, үлкен адамның алдында әдепті, кішіпейіл болуға үйрену.
|
______________________________________________________________________________________
|
Бейнебаянмен жұмыс.
Үлкендерге деген құрмет көрсету туралы әлеуметтік ролик көрсету.
Талқылау. Қорытынды
|
____________________________________________________________________
|
Шығармашылық жұмыс.
Оқушлыарға егер де біз біреуді өз әдепсіздігімізбен үлкен кісілерде ренжітіп алсақ, соларға хат жазайық.
|
________________________________________________________________________________
|
Дәптермен жқмыс:
1. Үлкендердің алдын-
2. Кішкене баланы-
3. Құстарды-
4. Қыз баланы-
5. Сабақтан-
6. Үйге жүгіріп-
7. Үлкен кісіні-
8. Оқу –құралдарын-
9. Сыныпта айғайлауға-
10.Ысқыруға-
11.Құстың ұясын-
|
|
Үйге тапсырма.
«Әдептілік» туралы өлең шығарып келу.
|
_____________________________________________________________
|
Тыныштық сәті.
Бұл әдістемелік тәсілді Динейк методикасы арқылы төмендегідей мазмұнмен ұйымдастыру.
Көздеріңді жұмып, манаураған қалыпқа келіңдер.
«Мен өз ағзамның қорғаныс күшіне сенемін».
«Мен жайдары, ақкөңіл бола бастадым».
«Мендебәрі де жақсы, бәрі өзімойлағандай – мен бақыттымын».
Әрбір фразаны көздерің жұмулы күйінде 10 рет қайталау керек. Санау ды саусақпен немесе жіптегіт үйіндер бойынша жүргізу қажет. Оқушыларға тынысты жеңіл және ұнамды болатындай етіп жайлап, еркін алу керектігін ескертіледі.
|
________________________________________________________________________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |