Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ


-балалардың мектепте оқуына сапалы дайындықты қамтамасыз ету



бет8/19
Дата06.02.2022
өлшемі70,38 Kb.
#82062
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
МДҰ -ға арналған әдістемелік нұсқау хат (1) (1)

-балалардың мектепте оқуына сапалы дайындықты қамтамасыз ету.
Бұл міндет ұйымдастырылған оқу қызметін жүзеге асыру, ерікті әрекетті қалыптастыру (не істеп жатыр?, неге бұлай жасап жатыр?, қалай жасайды?), өзін-өзі үйрету дағдыларын қолдану арқылы іске асырылады;
-балалардың мектепте оқуға ынтасын қалыптастыру.
Шығармашылық белсенділігін және қоршаған ортаны қабылдауын, бастамашылдығын, білуге құмарлығын дамытуға ықпал ететін алған білімдері арқылы іске асырылады.
-мектеп жасына дейінгі балаларды ерте дамыту.
Ерте жастағы балаларда әлеуметтікжәне өзбетінше үйрену дағдыларын дамытатын бағдарламаны (ҚР БҒМ 2018 жылғы 5 желтоқсандағы № 668 бұйрығы) енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Балаларды дербестікке, ашықтыққа, ересектермен және құрдастарымен бірге әрекет етуге баулу, әлеуметте өзара қарым-қатынас ережелерін сақтау арқылы жүзеге асырылады.
Стандарт мазмұнында 2-тараудың 10-тармағы қайта қаралды: «Қатынас» білім беру саласынан «Әліппе» мен «Драма» алынып тасталды.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді,
5 жастан бастап балалар үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі:
- «Көркем әдебиет» ҰОҚ-1 сағатты;
-«Қоршаған ортамен танысу»ҰОҚ-0,5 сағатты құрайды.
Үлгілік оқу бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:
«Қатынас» білім беру саласы:
-«Көркем әдебиет» ҰОҚ-нің міндеттеріне «Драма» ҰОҚ енгізілді;
- Инвариативтік бөліміндегі «Шет тілі» ҰОҚ вариативтік бөлімге ауыстырылды.
«Әлеумет» білім беру саласы:

  • «Экология негіздері» ҰОҚ-нің міндеттері«Қоршаған ортамен танысу» ҰОҚ-не енгізілді.

Барлық жас топтарында Үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу жүктемесінің көлемі сақталған.
Ағымдағы оқу жылының 30 тамызына дейін мектепке дейінгі ұйымдар базасында жазғы кезеңде балаларды мектепке қарқынды түрде дайындау жүзеге асырылатын мектепалды даярлық топтары жұмыс істейді.
2019 жылғы 29 шілдедегі ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес мектептерде мектепалды даярлық сыныптары үшін каникул кезеңдері айқындалған:
- күзгі каникул – 28 қазан – 3 қарашаны қоса алғанда (7 күн);
- қысқы – 30 желтоқсан –8 қаңтарды қоса алғанда (10 күн);
- көктемгі – 21 наурыз – 2 сәуірді қоса алғанда (13 күн).
Бірінші сыныптарда – 3– 9 ақпанды қоса алғанда(7 күн) қосымша каникул белгіленеді. Бұл күндері жалпы білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбының балалары да демалады.
«Балақайлар мектебі» - жазғы кезеңде балаларды мектепке қарқындытүрде дайындау
«Балақайлар мектебі» жыл сайын жазғы кезеңде мектептер жанында 3-айға құрылады. Министрлік ұсынған курстардың бағдарламасы ЖАО-ға жіберілді (ҚР БҒМ 2019 жылғы 12 шілдедегі № 11-6/607 хаты).
Негізгі міндеттері:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет