3. Қауіпсіз білім беру ортасы
Оқу жылында қауіпсіз білім беру ортасын құруға, балалардың, педагогтер мен ата-аналардың өмірі мен денсаулығын қорғау міндеттерін шешуге бағытталған денсаулық сақтау технологияларын қолдануға ерекше назар аударылатын болады.
Қауіпсіз білім беру ортасын құрудың негізгі міндеттері:
-материалдық-техникалық базаны нығайту, жаңғырту және цифрландыру.
Бұл міндет «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығын басшылыққа алу арқылы іске асырылады.
Сыртқы және ішкі бейнебақылау камераларын, электрондық турникеттерді, бейнедомофондарды, терезелерге қауіпсіздік бекіткіштері мен құлыптарын орнатуды, қоршауларды, спорттық жабдықтарды нығайтуды; барлық мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесіне қатысушылардың өмірін қауіпсіз ету үшін оңтайлы жағдайлар жасауды қарастыру қажет.
|