Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы балаларды толық КҮн болатын шағын орталықтарда


жастан 6 жасқа дейінгі ересектер тобына арналған



бет4/6
Дата27.12.2016
өлшемі1,29 Mb.
#5974
1   2   3   4   5   6

5 жастан 6 жасқа дейінгі ересектер тобына арналған

  • үлгілік оқу жоспары





    «Денсаулық» - 3

    дене шынықтыру

    2 сағат

    қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология

    1 сағат

    «Қатынас» - 4 сағат

    тіл дамыту

    0,5 сағат

    көркем әдебиет

    0,5 сағат

    сауат ашу және жазу негіздері

    1 сағат

    мемлекеттік тіл

    2 сағат

    «Таным» - 3 сағат

    қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру

    1 сағат

    құрастыру

    1 сағат

    қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері

    1 сағат

    «Шығармашылық» - 5 сағат

    сурет салу

    1 сағат

    мүсіндеу

    1 сағат

    жапсыру

    1 сағат

    музыка

    2 сағат

    «Әлеуметтік орта» - 2 сағат

    қоршаған ортамен таныстыру және экология

    0,5 сағат

    көркем әдебиет

    0, 5 сағат

    өзін-өзі тану

    1 сағат

    Мектепке жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің жалпы көлемі

    аптасына 17 сағат,

    36 оқу аптасы



    Вариативтік компонент*

    Ағылшын тілі

    3 сағат

    2 сағат

    * мектепке дейінгі ұйымның тақырыптық бағытында жұмыс істеу, эксперименталды жұмыс, педагогтардың шығармашылық жұмысы, қабілетті балалармен жұмыс істеу, балалардың қызығушылықтары бойынша жұмыс істеу және шет тілдерін үйрену, бұл ұйымдастырылған іс-әрекет аясынан тыс жұмыс болып табылады.

    «Денсаулық» білім беру саласы (108сағ)

    1. Мақсаты: денсаулық сақтау құзіреттіліктерін қалыптастыру, өз денсаулығын дұрыс күтуге тәрбиелеу, қимыл белсенділігін арттыру және дене сапаларын қалыптастыру.

    2. «Денсаулық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    3. - дене шынықтыру, 72 сағ. («Дене шынықтыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді:

    - негізгі қимыл түрлерін дамыту жаттығулары (жүру; жүгіру; секіру; лақтыру, тастау, ұстау; бауырлап жүру мен өрмелеу; тепе-теңдік; құру және қайта құру; музыкалық-ырғақ қимылдары);

    - жалпы дамытушы жаттығулар (қол мен иыққа; аяққа; кеудеге арналған жаттығулар; күш беретін жаттығулар; белге арналған жаттығулар);

    - спорт жаттығулары (шанамен сырғанау; сырғу; шаңғы тебу; велосипед немесе самокат тебу; жүзу, гидроаэробика);

    - спорт ойындарының элементтері (городки, баскетбол, бадминтон, футбол, хоккей);

    - қимыл-қозғалыс ойындары (жүгіріп ойнау; секіріп ойнау; жер бауырлап немесе өрмелеп ойнау; лақтырып ойнау, тастап ойнау және ұстап ойнау; кеңістікте бағдарлана білуге ойнау, эстафеталық ойындар; суда ойнау);


    1. - қауіпсіз мінез-құлық негіздері, валеология, 36 сағ. («Қауіпсіз әрекет негіздері, валеология» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өзіңді таны; тамақтану; аурудың алдын алу; өзіңе және басқаларға көмектес; табиғаттағы қауіпсіз әрекет; қоғамдағы қауіпсіз әрекет) және балалардың өмірі мен тәрбиесін ұйымдастыру арқылы – дербес қимыл белсенділігі, шынығу, сауықтыру жұмысы, мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

    2. Дербес қимыл белсенділігі баланы дамытуға қажетті шарт, сондықтан ойын әрекетін дамытуға ықпал ететін түрлі жабдықтар және спорт құралдарымен қамтылған қимыл-қозғалыс ортасын құру.

    3. Дене шынықтыру ойын-сауығы айына 1 рет, ұзақтығы 25 минут.

    Дене шынықтыру мерекесі – жылына 2 рет (қысқы және жазғы), ұзақтығы 45 минутқа дейін.

    Денсаулық күні - айына 1 рет, ұзақтығы 30 минутқа дейін.



    1. Дене шынықтыру бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    2. - дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде денсаулықты нығайтумен және дене дайындығын арттырумен байланысы туралы; дене шынықтыру ұйымдастырылған іс-әрекетінде қауіпсіздік техникасын сақтау туралы түсінікке ие болу;

    3. - дұрыс мүсін қалыптастыруға бағыталған жаттығулар кешенін орындау;

    4. - таңғы жаттығу кешенін, тыныс алу жаттығуларын орындау;

    5. - қимыл-қозғалыс ойындарын ойнау;

    6. - түрлі тәсілде жүру; көзді жұмып 3-4 м жүру;

    7. - 1,5-2 минут үздіксіз баяу қарқында жүгіру;

    8. - орташа жылдамдықпен кезектесе жүріп, 80-120 м қашықтықта жүгіру;

    9. - шамамен 5,5-6 секунд ішінде 20м жылдамдықпен жүгіру;

    10. - 5-6 заттан тікелей және жанымен секіріп өту;

    11. - түрлі тәсілде секіріп өту: бір ақыпен, екі аяқпен, бір орында, 3-6м қашықтықта алға жылжып;

    12. - бір орында тұрып кемінде 80 см-ге секіру; жүгіріп келіп кемінде 100 см ұзындыққа секіру; жүгіріп келіп биіктікке секіру (кемінде 30-40 см-ге.);

    13. - 20 см-ге дейін биіктікке секіру, 30 см биіктіктен белгіленген орынға секіру;

    14. - допты жоғары лақтырып, оны ұстап алу, допты жерге 10 ретке дейін соғу;

    15. - заттарды ұзақтыққа лақтыру (кемінде 5-9 м); 3-4 м қашықтықтан көлденең және тік бағытта лақтыру.

    16. - қарқынды өзгерте отырып гимнастикалық қабырғаға өрмелеу (биіктігі 2,5 м);

    17. - заттардың арасымен төрт аяқтап жүру;

    18. - тепе-теңдікті сақтай отырып, түрлі тәсілде шектелген беткеймен өту;

    19. - біреулік колоннадан үшеулік, төртеулік колоннаға келіп қосылу;

    20. - музыкамен таныс физикалық жаттығулар жасау;

    21. - жалпылама дамыту жаттығуларын жасаған кезде, бастапқы орынды білу, орындау реттілігін сақтау;

    22. - төбешіктен шанамен өз бетінше сырғанау, бұрылыстар жасау, бір-бірін шанамен сырғанату;

    23. - айнымалы сырғитын қадам жасап, 2 км қашықтықта шаңғы тебу, төбешікке көтерілу және одан қайта түсу;

    24. - екі доңғалақты велосипед пен самокатта сырғанау;

    25. - еркін жүзу;

    26. - спорт элементтері бар ойындарға белсене қатысу: городки, бадминтон, футбол, хоккей, баскетбол;

    27. - таныс қимыл-қозғалыс ойындарын өз бетінше ұйымдастыру, тәрбиешінің көмегімен берілген сюжеттерге ойын ойлап табу;

    28. - дене дайындығы деңгейін көрсету.

    29. Қауіпсіз мінез-құлық және валеология негіздері бойынша жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    30. - адам денесінің құрылымын, маңызды органдарының іс-әрекетін және адам денсаулығы үшін олардың дұрыс жұмыс істеу маңыздылығын білу;

    31. - негізгі азық-түлік өнімдерін білу мен атау, олардың сапасын анықтай білу;

    32. - гигиеналық жеке заттарды пайдалана білу;

    33. - жұқпалы аурулар және олардың белгілері туралы түсінікке ие болу;

    34. - аурудың алдын алу және денсаулықты нығайтудың негізгі шаралары туралы түсінікке ие болу (шынығу, күн тәртібін сақтау, мүсінді дұрыс сақтау);

    35. - жануарлармен, жәндіктермен қауіпсіз қатынас жасау тәсілдерін білу, сақтық шараларын сақтау;

    36. - улы және дәрілік өсімдіктер туралы түсінікке ие болу;

    37. - үйде, көшеде және қоғамдық орындарды қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау;

    38. - өзінде және басқа адамдарды аурудың алғашқы белгілері пайда болғанда, ересектердің көмегіне дер кезінде жүгіне білу;

    39. - көмек алу үшін полицияға, кассирге, сатушыға және басқа да жұмыс істейтін адамдарға дер кезінде жүгіну;

    40. - дененің ауырғанын жеңілдете білу;

    41. - шұғыл көмекке шақыра білу;

    42. - жақын айналада, балабақшаның аумағында, өз үйінде бағдарлана білу;

    43. - жалпы мақсаттағы жабдықты дұрыс және ұқыпты пайдалана білу (телефон-автоматтар, лифтілер).



    44. «ҚАТЫНАС» білім беру саласы (126 сағ)

    45. Мақсаты: ана тілінің негізгі құндылықтарын меңгерген, мемлекеттік және басқа тілдерде әлеуметтік өзара әрекетке дайын, вербальды және вербальды емес құралдар арқылы қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға қабілетті мектепке дейінгі көп тіл білетін тұлғаны тәрбиелеу.

    «Қатынас» білім беру саласының мазмұны мектепке дейінгі ересек жаста ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    - тіл дамыту, 36 сағ. («Тіл дамыту» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетін дамыту; сөздікпен жұмыс істеу; тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру; әңгімелеуге үйрету (монологтық тіл); ауызекі тілді қалыптастыру (диалогтық); шығармашылық әңгімелесу;

    - көркем әдебиет, 18 сағ. («Көркем әдебиет» тарауының мазмұнына келесі тараулар кіреді: оқу мен әңгімелеуге арналған шығармалар; оқығанын айтып беру; жаттау);

    - сауат ашу және жазу негіздері, 36 сағ. («Сауат ашу және жазу негіздері» тармағының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: бастапқы оқу дағдыларын қалыптастыру; қолды жазуға дайындау);


    1. - орыс тілі, 36 сағ. (тараудың мазмұнына келесі бағыттар кіреді: тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу; сөздікпен жұмыс істеу; тілдің грамматикалық жағын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеуді дамыту);

    Тіл дамыту бойынша білім материалын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - тілдің шынайылығы туралы қарапайым түсінікке ие болу (дыбыс, сөз, сөйлем туралы); сөз басындағы дыбысты бөлектеп көрсету; дыбыстарды ажырата білу;

    - дыбыстарды буынға біріктіру; сөз тіркестері мен сөйлемдерді құрастыру, оның ішінде жаңа сөздермен құрастыру;

    - педагогтың сұрақтарына жауап беру, өз сұрақтарын қою;

    - жай сөйлемдерді қолдану;

    - ертегіні қайталап айтып беру, тірек иллюстрациялары бойынша әңгімелеу (мазмұны жағынан қысқа);

    - сурет, бірнеше сюжеттік картиналар бойынша ауызша әңгіме құру;

    - түрлі оқиғаларды әңгімелеу, ертегілер ойлап шығару, ұйқасы және сөзі бар ойындарға қызығушылық таныту;

    - тілде көп мағыналы, жалпылама сөздерді, антонимдерді, синонимдерді, теңеуді пайдалану;

    - құрдастарымен және ересектермен диалогқа еркін қатысу, тілдік және тілдік емес құралдар арқылы өз сезімдері мен ниеттерін білдіру, сыпайылық формаларын игеру.



    Көркем әдебиет бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - көркем мәтінді тыңдай және ести білу;

    - әдеби шығармалардың мазмұнына эмоционалды, белсенді түрде мән беру, әдеби кейіпкерлермен бірге күйзелу, сезіну;

    - мәтіннің мазмұнына сәйкес келетін ойын әрекеттерін орындау;

    - мәтіннің мазмұны мен иллюстрациялар бойынша қарапайым сұрақтарға жауап беру;

    - әдістемелік шығармаларды жатқа білу (өлең, шағын фольклорлық жанрлар);

    - мәтіндегі жеке сөздерді, айтылымдарды есте сақтау; оқылған, естілген мәтінге қатысты өз ойын білдіру;

    - кейбір әдеби жанрларды білу мен атау;

    - шағын театр қойылымдарын ұжым болып көрсетуге қатысу;

    - кітапқа қызығушылық таныту, бірнеше танымал әдеби шығармаларды, сондай-ақ қазақстандық жазушылардың шығармаларын, ұлттық фольклор туындыларын атау;

    - кітапты ұқыпты және мұқият пайдалана білу.

    Сауат ашу және жазу негіздері бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - тілдің негізгі бірліктері туралы түсінікке ие болу (дыбыс, буын, сөз, сөйлем);

    - орыс тілі дыбыстарын артикуляциялау, дұрыс артикуляция, жақсы дикция тиімді қарым-қатынас жасауға ықпал ететінін түсіну;

    - айтылым тұрғысынан өз дауысының дыбысталуын, қарқынын, дауыс қаттылығын бағалау;

    - барлық дыбыстарды дұрыс, анық етіп айту және дыбыстарды айқын айту;

    - сөздерден дыбыстарды бөліп айту, белгілі бір дыбысқа ие сөздерді айту, сөз ішіндегі дыбыстың орнын анықтау;

    - түрлі дыбыстық құрылымға ие үш-төрт дыбыстық сөзге дыбыстық талдау жасау, дыбыстарды сипаттау (дауысты – дауыссыз, екпінді - екпінсіз, қатаң - ұяң);

    - сөйлем туралы бастапқы түсінікке ие болу;

    - берілген тақырыпта тірек сөздер бойынша сөйлем құрау;

    - 12 баспа әріптің бейнесін тану (6 дауысты: А, У, И, Ы, О, Э; 6 дауыссыз: М, Н, Л, Р, Т, С);

    - жазу кезінде дұрыс орналастыру ережелерін білу;

    - қарындашты, қаламды дұрыс ұстай білу, парақтың жазықтығында бағдар тұту, жеке элементтер ырғақты орналасатын қарапайым бордюрлерді салу.



    Орыс тілі бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - базалық лексикаға құрылған үлгілік дидактикалық-ойын жағдайларында сөзді есту арқылы түсіну;

    - қарапайым сұрақтарға жауап беру;

    - дыбыстар мен сөздерді орыс тілінде анық айту;

    - өзі туралы (тегі, аты мен жасы), ата-анасы туралы әңгімелеу, үй мекен-жайын айту;

    - заттардың кейбір қасиеттерін атап айту;

    - қарапайым диалогқа қатыса білу;

    - сұрақтарға жауап беру: (Мынау не? Неше? Не істеді? Қайда? Қандай?);

    - екі-үш сөзден сөз тіркестерін, сөйлемдер, қысқаша әңгімелер құрастыру;

    - тілде жекеше және көпше зат есімдерді қолдану;

    - орыс тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту;

    - 10-ға дейін тура және кері санай білу;

    - жақын айналасындағы заттардың топтарын; жыл мезгілін және табиғаттың жекелеген құбылыстарын, көлемін, түсін заттармен жасалатын әрекеттерді білдіретін сөздерді атау.




            1. «ТАНЫМ» білім беру саласы (108 сағ)

    Мақсаты: әлемнің тұтас бейнесін түсіне білетін және өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін ақпаратты пайдалана алатын мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың танымдық қабілеттерін, танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру.

    Мектеп жасына дейінгі ересек топтағы «Таным» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүзеге асырылады:

    - қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру , 36 сағ. («Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру» тарауының мазмұны келесі бағыттардан тұрады: жиын; сан және санау; көлем; геометриялық пішіндер; кеңістікті бағдарлау; уақытты бағдарлау; салмақты бағдарлау);


    1. - құрастыру, 36 сағ. («Құрастыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: құрылыс материалдары мен конструктор бөлшектерінен құрастыру; қағаздан құрастыру; табиғи және жарамсыз материалдан құрастыру);

    2. - қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері, 36 сағ. («Қоршаған ортамен таныстыру» және «Экология негіздері» блогының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: өлі табиғаттын заттары мен құбылыстары; заттық әлемді меңгеру, кеңістікте бағдарлану; табиғаттағы маусымдық өзгерістер; өсімдіктер әлемі; жануарлар әлемі; табиғаттағы мінез-құлық ережелері).

    Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - жеке зат та, сондай-ақ тұтас топ та жиын элементі бола алатынын білу;

    - жиынның құрамдас бөліктерін көрсету, жұп және есеп құрастыру негізінде бөлшектерді салыстыру;

    - 10 шегінде сандар мен цифрларды білу;

    - 10 шегінде тура және кері санай білу;

    - қарапайым мысалдар мен есептерді шеше білу;

    - сөйлеуде «Қанша?», «Неше?», «Есеп бойынша нешінші?» деген математикалық терминдерді пайдалану;

    - затты бірнеше тең бөліктерге бөлу, бүтін мен бөлшекті салыстыру;

    - мөлшерінің ұлғаю (кішірею) шамасына қарай орналастырып, түрлі шамадағы заттарды салыстыру;

    - сөйлеуде көлеміне қарай заттардың арасындағы қатынасты білдіретін математикалық терминдерді пайдалану;

    - шартты өлшем көмегімен көлеміне қарай екі затты салыстыру;

    - геометриялық пішіндер (шеңбер, шаршы, үшбұрыш, төртбұрыш, тікбұрыш, сопақ, көпбұрыш) мен денелердің (шар, текше, цилиндр) атын атау және ажырата білу;

    - айналасынан геометриялық пішінді заттарды табу, олардың пішіндерін талдау;

    - сөзбен бір заттың келесі затқа қатысты жағдайын, заттар мен адамдар арасындағы өзіндік орнын анықтай алу және белгілей алу, қағаз бетінде бағдарлана білу;

    - түрлі оқиғалардың реттілігін белгілеу, тәулік бөлімдерін, апта күндерін, жыл айларын атау;

    - ұлғаю немесе кішірею тәртібінде орналастыра отырып, заттарды салмағына қарай анықтау; заттың салмағы оның мөлшеріне байланысты емес екенін білу.



    Құрастыру бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - құрылыс материалының негізгі бөлшектерін атау мен ажырата білу: кішкентай кірпіш, діңгек, цилиндр, текше, пластина;

    - заттың қарапайым конструкциясындағы бөлшектердің санын және олардың өзара орналасуын анықтау;

    - құрылысты талдау, конструктивтік шешімдер табу;

    - шарты мен түпкі ойы бойынша дайын бөлшектерден құрастыру;

    - құрдастарымен ізгі ниетті өзара қатынас орната отырып, ұжым болып жұмыс істеу;

    - қағаздан құрастыру тәсілдерін пайдалана отырып, қағаз пішіндерді көлемдік пішінге келтіру;

    - жұмыста шаблон, трафарет және дайын ойықтарды пайдалану;

    - құралдарды – қайшыны, желімді дұрыс пайдалану; атқаратын іс-әрекетіне қарай пайдалану, оларды дұрыс ұстау және дұрыс қимыл жасау;

    - жарамсыз және табиғи материалдан құрастыру, желім, сіріңке, ермексаздың көмегімен жеке бөлшектерді байланыстыру дағдыларын игеру;

    - еңбек мәдениеті ережелерін, жұмыс орнындағы тәртіпті сақтау;

    - ұсынылатын затты қарастыра білу, өзіне тән ерекшеліктерін көре білу; басқа соған ұқсас өзіндік ерекшелігі бар заттармен салыстыру: мөлшеріне, түсіне, материалына, құрылымына (конструкциясына) қарай;

    - өз ойы бойынша түрлі материалдардан конструкциялар жасау;

    - нәтижеге қол жеткізу үшін, түрлі құралдарды қолдану (схема, модель, сурет, үлгі және т.б.);

    - функционалды іс-әрекетіне қарай түрлі бұйымдар жасауға қатысу (мереке, спектакль үшін, интерьерге арналған безендіру, ойын үшін және т.б.).

    Қоршаған ортамен таныстыру және экология негіздері блогының мазмұнын игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - «өлі» және «тірі» табиғат ұғымын ажырата білу;

    - «өлі» және «тірі» табиғаттағы қарапайым өзара байланысты түсіну;

    - өлі және тірі табиғат нысандарын, табиғаттағы маусымдық өзгерістерді атау және ажырата білу; судың үш күйін білу;

    - табиғаттағы және жыл мезгіліндегі ауа райындағы маусымдық өзгерістердің атын атау және ажырата білу;

    - заттардың атын атау және ажырата білу, олардың мөлшерін, түсін, пішінін, олардың қай материалдан жасалғанын білу (шыны, металл, ағаш, қағаз және т.б.), атқаратын қызметін білу, оларды жіктей алу;

    - заттардан жасалған материалды өз бетінше анықтау мен атын атау, олардың сапасы мен қасиеттерін сипаттау;

    - ағаштардың, талдардың, шөп өсімдіктердің, гүлдердің, жидектердің, саңырауқұлақтардың, көккөніс пен жемістердің, дәрілік шөптердің бірнеше түрін атап, ажырата білу; өсімдіктің өсуіне қажетті шарттарды білу;

    - көкөністер мен жемістерді түсіне, дәміне, шамасы мен пішініне қарай ажырата білу;

    - өсімдіктің адам мен жануарлар өмірінде алатын маңызын, дәрілік өсімдіктердің маңызын түсіну;

    - өсімдік өсіруге қажетті шартарды білу, оларды көбейтудің кейбір тәсілдерін білу;

    - адам үшін өсімдіктердің маңызды екенін түсіну;

    - үй жануарлары мен жабайы жануарларды, қыстайтын және жыл құстарын, жәндіктерді, балықтарды атау және ажырата білу;

    - бүкіл жыл мезгілінде жануарлардың табиғи жағдайдағы өмірлері туралы түсінікке ие болу;

    - Қазақстанның «Қызыл кітабындағы» өсімдіктер мен жануарларды, олардың өсетін және мекендейтін жерлерін білу; табиғаттағы мінез-құлық ережелерін білу;

    - табиғатты сақтауда қолдан келгенше көмек беру;

    - табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларға күтім жасау дағдысын игеру;

    - қарапайым эксперимент жүргізуге қызығушылық пен білімге құмарлық таныту;

    - табиғатта демалу, еңбектену кезінде, қоршаған ортаға қатысты өз әрекеттерін болжай білу;

    - сынап көру әрекеттері арқылы түрлі мәселелерді шешу тәсілдерін табу, қарапайым себеп-салдар байланыстарын орнату.


    «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» білім беру саласы (180 сағ)

    Мақсаты: мектеп жасына дейінгі ересек топтағы балаларды өнер әлеміне баулу, эстетикалық талғамын, шығармашылық құзыреттілігін қалыптастыру, қиялын, шығармашылығы мен елесін, балалардың өз түсінігін, күйзелістерін, сезімдерін, ойларын көркем пішінде беруге ұмтылысын дамыту.

    «Шығармашылық» білім беру саласының мазмұны ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің алуан түрлерінде жүзеге асырылады:



    1. - сурет салу, 36 сағ. («Сурет салу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: заттан сурет салу; сәнді сурет салу; сюжеттік сурет салу);

    2. - мүсіндеу, 36 сағ. («Мүсіндеу» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: заттан мүсіндеу; сәнді мүсіндеу; сюжеттік мүсіндеу);

    3. - жапсыру, 36 сағ. («Жапсыру» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: заттық жапсыру; сәнді жапсыру; сюжеттік жапсыру);

    4. - музыка, 72 сағ. («Музыка» тарауының мазмұнына келесі бағыттар кіреді: музыка тыңдау; ән салу; музыкалық-ырғақтық қимылдар (жаттығулар; ойындар мен қол ұстасып ән айту; би және би шығармашылығы); балалардың музыкалық аспаптарында ойнау (Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттен тыс болуы мүмкін).

    Сурет салу бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары туралы бастапқы түсінікке ие болу;

    - заттар мен құбылыстарға тән белгілерді көрсете білу, оларды өз бейнелеу іс-әрекетінде көрсету;

    - бұйымға қарап және заттарды, гүлдерді, көкөністерді, жемістерді, силуэті қиын емес ойыншықтарды, жануарлар мен адамды елесетіп сурет салу;

    - адамның қарапайым қиылдарын суретпен беру;

    - сурет салуда мәнерлі құралдарды пайдалану (түс, пішін, композиция, ырғақ және т.б.);

    - гуашь, акварель, графиттік және түрлі-түсті қаламдармен жұмыс істей білу;

    - бояу жаққышпен жұмыс істеу тәсілдерін білу (бояу түсіру, жағу);

    - қарапайым пішінде ою жасау (шеңбер, сопақ, шаршы, жолақ);

    - ортасын, бұрыштарын, жиектерін көрсете отырып, розеткаға, үшбұрышқа, алтыбұрышқа сәнді суреттер салу;

    - оюға ырғақпен геометриялық пішіндерді және өсімдік элементтерін ырғақпен орналастыру;

    - қазақ ою-өрнектерінің алуан түрлілігі туралы, сәндік-көркем кәсіптердің эстетикалық ерекшеліктері туралы түсінікке ие болу (дымково ойыншығы, городец өрнегі);

    - қазақ ою-өрнектері элементтерін салу және силуэттерге орналастары отырып, онымен киімді, тұрмыстық заттарды безендіру;

    - бір мазмұнмен біріктіре отырып, суретте бірнеше заттарды бейнелеу;

    - сурет салуда алуан түрлі техниканы өз бетінше қолдана білу;

    - қағаз бетінің бүкіл жазықтығында бейнені орналастыра білу, заттардың кеңістіктік қатынастын беру;

    - ұжымдық жұмыстарды орындау, оймен сурет салу.

    Мүсіндеу бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - бұйымға қарап және көзге елестету арқылы пішіні мен көлемі алуан түрлі таныс заттарды, көкөністерді, жемістерді мүсіндеу; қозғалыстағы адам мен жануардың пішінін жасау; түрлі пішіндегі жіңішке бауларды пайдалана отырып, ыдыс, сәнді пластиналар жасау;

    - скульптуралық және конструктивтік мүсіндеу тәсілін меңгеру;

    - заттардың пропорциясын сақтап, оларды өзара салыстырып, бейнеленген заттарды біріктіру;

    - өз жұмысын үлгімен салыстыру;

    - халық кәсіптік ойыншықтары туралы, халық шеберлерінің еңбегі туралы түсінікке ие болу;

    - халық ойыншықтарының мотивтері бойынша образ жасау, айналадағы өмір тақырыбында, ертегілер мен әңгімелердің сюжеттері бойынша қиын емес сюжеттік композициялар жасау;

    - ұжымдық жұмыстарды орындау;

    - мүсіндеу, ермексаздарды, саз балшықты бөлу тәсілдерін іріктеуде өз бетінше әрекет ету;

    - аспаптарды — жіңішке бау, үтіктегішті дұрыс пайдалану: атқаратын іс-әрекетіне қарай пайдалану, оларды дұрыс ұстау және олармен дұрыс әрекет жасау;

    - еңбек мәдениеті ережелерін сақтау, жұмыс орнында тәртіп сақтау.

    Жапсыру бойынша білімдік материалды игеру нәтижесінде жыл соңында балалар мыналарды меңгеруі тиіс:

    - шаблондармен және трафареттермен, дайын үлгілермен жұмыс істеу;

    - өз жұмысын композиция, перспектива ережелеріне сәйкес құру; жұмыс тәсілдерін таңдау мен негіздеу; қайшыны дұрыс пайдалану; жұмыс материалдарын тиімді пайдалану;

    - екі бүктелген қағаздан симметриялық пішіндерді кесіп алу;

    - түрлі пішіндегі қағаздан халық өнерінің мотивтері бойынша геометриялық элементтерден ою жасау, түсінігі бойынша бірнеше бөлшектен заттар құрастыру;

    - заттарды қазақ оюымен безендіру;

    - халық қолөнері бұйымдарының негізгі элементтерін бейнелеу;

    - жұлу тәсілінде жапсыруды орындау;

    - Қазақстан табиғатын, адамдардың еңбегін көрсете отырып, ұжымдық композициялар жасау;

    - пішініне, пропорциясына көлеміне және перспективасына қарай жады бойынша заттан бұйымдар бейнелеу (ойып алу, жапсыру және т.б.);

    - өз жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру, жұмыс барысында тәртіп сақтау; еңбек қауіпсіздігі мен жеке гигиена ережелерін сақтау.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет