Ата-ана тәрбиесінің стильдері
Осы заманғы педагогтер және психологтар тәрбиелеуді екі жақты процесс деп қарастырады. Бір жағынан, бала дайын әлеуметтік тәжірибені меңгереді, екінші жағынан ол өзі белсенді түрде әлеуметтік ортаға енеді.
Психолог О.А. Карабановтың ойынша, отбасы бала өмірінің әртүрлі деңгейлерінде, әртүрлі мағынаға ие. Отбасы баланың әлеуметтік даму жағдайына енеді. Дәл осы себепті ата-ананың өз баласына деген қарым- қатынасы, баланың жеке-дара қасиеттерінің даму ерекшеліктері мен өз-өзін ұстай білу дағдыларының қалыптасуына әсер ететін тікелей фактор болып табылады [2].
Жүргізілген бірқатар психологиялық-педагогикалық және әдістемелік жұмыстарды зерттеу нәтижесінде ата-ананың нақты типтегі баламен қарым- қатынасы мен оның нақты жеке-дара мінез-құлқының сипаттамасы арасындағы байланыс айқындалып отыр. Соңғы жылдары ата-ана қарым-қатынасының әдістемелері мен үлгілеріне көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананың орны мен ұстанымдары – ата-ананың баламен қарым- қатынасының ең көп зерттелген қырларының бірі екенін атап көрсету қажет. Қазақстандық психологтардың ішінде осы сала бойынша А.Д. Давлетова, М. Смаилова және т.б. ғалымдар жүйелі түрде эксперименттік жұмыстар жүргізген.
Ата-ана қарым-қатынасының астарындағы балаға деген жүйелі немесе эмоционалды қарым-қатынастың бірігуін, ата-ананың баланы қабылдауы және онымен қарым-қатынас жүргізудің түрлерін аңғару қажет.
Отбасылық тәрбие берудің стиліне көбінесе тән сипаттамаларды айыра білу қажеттілігі, педагогикалық әсер етудің әдіс-тәсілдерін нақты пайдалану, сөйлеу арқылы және біріккен іс-әрекетті жасау кезінде байқалады.
Зерттеу көздерінен әдебиеттерде ата-ананың қарым-қатынасы жайлы кең- ауқымды жайтты байқауға болады, тәрбиелеу стильдерінде, сондай-ақ олардың балаға тән жеке-дара ерекшеліктерінің қалыптасуында байқалуын көрсетеді.
Заманауи ақпараттар ана мен бала арасындағы психологиялық қарым- қатынасты басынан екі жақты, екі бағытты үдеріс, бұл жерде әрбір психологиялық біріккен процеске қатысушы белсенді серіктес болып, ата- ананың балаға немесе баланың ата-анаға қарым-қатынасы әсерінің бір-біріне тең әлеуметтік қарым-қатынасты орнатушы болады. Отбасы ортасының, ата- ананың тұлғалық ерекшеліктерінің отбасылық тәрбиелеу стилі қалыптасуына тигізетін әсері зор. Ата-ана тәрбиесі стилінің ерекшелігін айтқан кезде баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін де ескеру қажет. Алайда, баланың жеке тұлғалық жас шамасына қарай психологиялық ерекшеліктерінің тәрбиелеу стиліне әсері жайлы Қазақстандағы зерттеулер әлі жеткіліксіз.
Осылайша, ата-аналардың баламен оның тұлғалық ерекшелігін ескере отырып біріккен тиімді іс-әрекет жасауы, сонымен қатар ата-аналар мен педагогтердің тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып баланы тәрбиелеу стилі мен оның мінез-құлқындағы өзгерістерді анықтауда ата-аналар мен педагогтерде өзара байланыс орнату қажеттілігі туындап отыр. Берілген мәселе
бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді сараптау нәтижесі бұл сұрақ бойынша толыққанды жұмыс жүргізілмегендігін байқатты. Сонымен қатар, мектепке дейінгі және төменгі сыныптағы мектеп балаларын тәрбиелеу стильдеріндегі айырмашылықтар жайлы ақпараттар жоқ десек те болады, сондай-ақ мектепке дейінгі және төменгі сыныптағы мектеп балаларын тәрбиелеу стильдерінің осы немесе басқа мүмкін болатын талаптар негізінде құрылуы жайлы ақпараттар да тапшы.
Психологтардың көпшілігінің ойынша, бала өзін қауіпсіз әрі алаңсыз сезінуі үшін анамен байланыс орнатуы өте қажет. Бірақ та, ананың махаббаты баланың тұлғалық кеңістігін тарылтпай, оның есеюіне кедергі келтірмеуі өте маңызды. Ана тек баласымен бірге болуды ғана ойламай, оны өзінен бөліп, жеке жібере де алуы қажет. Ананың бала жанынан табылуы, онымен сөйлесуі, эмоционалды қарым-қатынасқа түсуі – осының бәрі баланың әрі қарай өсуі мен денсаулығына және оның өмірлік жолына тікелей әсер етеді.
«Ана махаббаты – бұл баланың сөзсіз өмірі мен қажеттіліктерінің тұрақтануы. Аналардың көпшілігі баласына «сүт» және тағы кішкене бал береді. Аналық махаббат баланың өмірге деген махаббатын оятуы керек, ал оны тек бақытты әйелдер ғана жасай алады. Олай болмаған жағдайда, балаға алаңдаушылық сезімдері беріліп, оның бәрі баланың тұлғасына қатты әсер етеді. Аналық махаббаттың негізі – баланың өсуіне, өсіп келе жатқан баланы жақсы көруінде, оған жеке бөлінуді үйретуде жатыр. Бұған жақсы көре білетін әйелдер ғана қабілетті» – деп жазды Э.Фромм [3].
Баланың дамуы мен қалыптасуына алдағы өміріне тек ана ғана әсер етпейді, оның психологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыратын отбасы толығымен әсер етеді.
Танымал психологтардың пікірі бойынша (Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, Б.М. Теплов және т.б.) баланың психологиялық қажеттіліктерін отбасындағы жайлы ахуал толық қанағаттандырады екен. Отбасы баланың тек тұлғасының қалыптасуына көмектесіп қоймай, оның үнемі кеңіп отыратын қоғамдық қатынастарға табиғи түрде еңгізіп отырады, оның әлеуметтенуіне жағдай жасап отырады. Бала әлеуметтік ортада үнемі болып отыратын өзгерістерге жауап беріп үйренеді. Бала арқа сүйейтін ананың және басқада отбасы мүшелерінің арқасында, ол жаңа қарым-қатынастар орнатады, нақты рөлдер мен орындарды иеленеді. Оның өзіне деген сенімділігі, өз отбасындағы жылы сезімдерден пайда болған сенімділік, әлеуметтік ортаға бала кезіндегі бейімделуін және әрі қарай өсуін жеңілдетеді. Ересек адамда әлеуметтік ортада пайда болатын әртүрлі қиындықтар, оның бала кезіндегі отбасында болған шиеленісті жағдайлар мен жайсыз ахуал, тәрбиелеудің қарама-қайшылықтары бар түрлерімен тәрбиеленуі осы қиындықтарға әкеліп соғады.
У. Бронфенбреннердің зерттеулері қызықты, оның ойынша, жайсыз жайттар баланың психологиялық дамуына өз әсерін тигізбей қоймайды. Ол
«жастық сегрегация» ұғымының бар екендігін жазады, яғни бұл бала өмірінің соңғы жылдарында және жас буында байқалатын өзгерістерді сипаттайды. Жастық сегрегация – бұл жас адамдардың қоғам өміріндегі өз орнын табуға қабілетсіздігі. Бұл факт жас адамдардың басқа адамдардан бөлектенуі,
американдық психологияда шеттелу деген атқа ие болды. Бұл құбылыстың тамырын американдық зерттеушілер осы замандағы отбасының ерекшелігінен іздейді. Осылайша, болып жатқан келеңсіз жағдаяттар және олардың нәтижесі баланың психикалық дамуына кері әсер етеді. Оның бастапқы белгілері эмоционалдық және мотивациялық салада байқалады: жақтырмау, немқұрайлық, көп күш және табандылықты қажет ететін жұмысқа деген жауапкершілік пен қабілеттіліктің болмауы. Бұданда қиын жағдайларда нәтижесі ойлау қабілетінің төмендеуінен, бастапқы деңгейдегі түсініктерді және сандарды қабылдай алмауынан байқалады.
Қазақстандық және шетелдік психологтар әртүрлі отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін зерттей келе, мынадай тұжырымға келді, балалардың жеке дара қасиеттерінің қалыптасуы олардың отбасындағы қарым-қатынас пен біріккен іс-әрекеттеріне тікелей байланысты болып келеді. Бұдан әрі қарай отбасылық тәрбиенің негізгі стильдеріне мысалдар және олардың сіздің балаңыздың тұлғасының дамуына әсерін келтіргім келеді, - деді (М. Кравцова бойынша) [4].
«Ата-аналық стиль» немесе «тәрбие стилі» ұғымдары «позиция» ұғымының синонимі ретінде жиі қолданылады. Біз «стиль» терминін қалыптасқан ұғымдарды және талапқа сай мінез-құлықты білдіру үшін сақтауымыз дұрыс деп санаймыз, бұлар нақты баламен емес, жалпы балалармен қарым-қатынасты сипаттайды.
Келесі ата-аналық тәрбие стильдерін атап көрсетуге болады:
Демократиялық стиль.
Бақылаушы стиль.
Авторитарлық стиль.
Либералдық стиль.
Кері қайтару стилі.
Индифферентті стиль.
Гиперсоциалды стиль.
Эгоцентрикалық стиль.
Беделдік стиль.
Достарыңызбен бөлісу: |