Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Министерство


Отбасы тәрбиесінің бала дамуына әсерін күшейту бойынша әдістемелік ұсыныстар



бет5/13
Дата02.06.2022
өлшемі138,7 Kb.
#145772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ata ana
здік ж мыс а (СО Ж, С Ж) арнал ан тапсырмалар, здік ж мыс а (СО Ж, С Ж) арнал ан тапсырмалар, аналитиалық эссе[1], Баяндама[1], Баяндама[1], Kashykbai 11111

Отбасы тәрбиесінің бала дамуына әсерін күшейту бойынша әдістемелік ұсыныстар


Әр ұлтта өзінің тәрбиелеу талаптарының жүйесі бар. Мысалға, жапондық тәрбиелеу жүйесінде мектепке дейінгі балаларға жұмсақ қатаяды, яғни қаталдық пен талаптар күшейеді. Тәрбиелеудің еуропалық үлгісінде балаға ерте жастан бастап тәртіптер мен қатаң талаптар қойылады, бірақ баланың өсуіне байланысты сыртқы бақылау азаяды. Шығыс халқында дербестік, заңға бойұсынушылық, қоғамның әлеуметтік негіздерін бағаламау және қабылдамау, еңбексүйгіштік, отбасылық құндылықтарды сыйлау, әлеуметтік бойұсынушылық басым. Қазақстандық тәрбиенің басты ерекшелігі – туған жерге деген махаббат пен құрмет, отбасылық құндылықтарды бәрінен жоғары қою, үлкендерді сыйлау, адалдық, қонақжайлылық, толеранттық.


Отбасы тәрбиесінің бала дамуына әсерін күшейту мақсатында отбасылық тәрбиелеудің принциптер жүйесі жасалуы керек.
Мысалы:

  • балалар жақсылық пен махабаттың ортасында өсуі керек;

  • ата-аналар баласын қандай болса сол күйінде қабылдауы керек;

  • тәрбие жұмыстары жас шамасына, жынысына және жеке ерекшеліктеріне қарай жүргізілуі керек;

  • диалектикалық шынайы бірлік, тұлғаға деген терең құрмет, жоғары талап қою отбасылық тәрбиенің негізінде болуы керек;

  • ата-ана – балалар үшін үлгі болатын мінсіз тұлға;

  • тәрбие тек жақсылыққа, сенімділікке негізделуі керек;

  • отбасында ұйымдастырылатын барлық іс-әрекеттер ойын түрінде жасалуы керек;

  • отбасында оптимистік көзқарас, балалармен қарым-қатынас стилі мен мәдениеті болуы керек.

Бала үшін онымен сөйлесу мәдениеті маңызды жайттардың бірі болып табылады.
Еркелету, жұмсартылған және баяу интонация, әзілдесу және әзіл бұлар орынды, ең бастысы, бала өзінің осыған қатысын біліп, үлкендердің оған деген қызығушылығын сезінуі қажет.
Зерттеулер көрсеткендей, заманауи отбасыларда ештеңеге араласпай бейбіт өмір сүру тактикасы қолданылады, ата-аналар балалар өз басына ұқыпты, еркін, азаттықта өмір сүруі керек деген принципті ұстанады. Бұдан түйіндейтініміз – өз-өзін ұстауға қойылатын талаптарды барынша азайту. Мұндай тәрбиелеудің нәтижесі – ата-аналар мен балалардың бір-бірінен алыстауы, эмоционалдық автономия.
Отбасында балалармен бірігіп жұмыс жасау керек, ол махаббат, құрмет және отбасының басқа мүшелері сияқты оларға деген талаптармен теңестірілуі керек.
Әр отбасында өзіндік отбасылық дәстүрлер болуы керек. Отбасы, басқа әлеуметтік институттар сияқты, дәстүрлерді жасап шығару арқылы, нақты іс- әрекет үлгілерін қайталай отыра өмір сүреді, оларсыз отбасының өзіндік дамуы
мүмкін емес.
Отбасының әртүрлі саладағы іс-әрекеті үлгілердің түрлерімен сәйкестендіру арқылы жасалады, олар жаңа жас отбасылардың дүниеге келуімен жаңарып, жаңа отбасын жасау арқылы реттеліп отырады: ерлі- зайыптылар, ата-аналар арасындағы қарым-қатынас, үй шаруашылығын жүргізу, бос уақытты өткізу және т.б. Әр отбасының өзі және оның құндылықтары мәдениеттің пайда болуына жеткізетіндіктен, онда кез-келген материалдық және рухани іс-әрекеттің үлгісі отбасылық дәстүрдің пайда болуына негіз бола алады. Дәстүр – нақты жағдайларда белгілі бір іс- әрекеттердің дәл көрсетілуі. Дәстүрлер осы немесе басқа отбасылық қарым- қатынастардың буындарын тұрақтандырып, оларды жаңа ұрпақтардың өміріне енгізеді. Мысалы, балаларды бағып күту, қоғамдық орында өзін-өзі ұстау, қонақты қабылдау, отбасылық шығын мен кіріс кітабын жүргізу тәртібі және т.б. дәстүрлер. Дәстүрлер өзіндік мағынаға ие, бірақ үлгі формасында көрсетілмейді. Дәстүрлер не істеуге болады және не істеуге болмайтынын ғана көрсетеді, қандай болу керектігін нұсқамайды. Дәстүрдің негізі – дәстүрлі қылықтардың мәнін анықтайтын отбасы құндылығы.
Балаларды дамытудың тиімді шарты – жақсы көретін отбасының болуы. Жақсы көретін отбасы – бұл балалармен үйлесімді және өзара түсіністікке қол жеткізетін отбасы, бұл жерде балалармен қарым-қатынас жасау – үлкен қуаныш, мұнда оң және жақсылыққа негізделген эмоционалды мәдениет басымдылық танытады. Саналы махаббат баланы қабылдаумен, оған деген оң эмоционалды қарым-қатынаспен сипатталып, саналы талаптар және біріккен іс- әрекеттің кооперациясымен анықталады.
Ата-ананың балаға қатыстының барлығына, мейлі ол маңызды емес мәселелер болсын, қызығушылығының шынайы болуы, бала өмірінде не болып жатқандығын біліп отыру – міне осыдан ата-ананың балаға деген махаббаты көрінеді. Махаббаттың негізінде адамгершілік мәдениетін тәрбиелеуге болады: тек махаббат қана жақсы көруді үйрете алады.
Қазіргі уақытта ата-аналардың басым бөлігінен тәрбиелеу және баланы дамытуға қатысты жауапкершіліктен шеттелу үрдісі байқалады. Ата-аналар баланың даму кезеңдерінде жас шамасы мен жеке дара ерекшеліктері жайлы білімдерінің жеткіліксіздігінен, кейде соқыр түйсікке сүйеніп тәрбиелеу үдерісін жүргізеді.
Ата-ананың бала мүддесі жолындағы іс-әрекеті келесі жағдайларда: егер олар педагогтермен серіктес болғанда, баланы жақсы білуіне, оны түрлі жағдайларда көруіне және ересектерге олардың жеке ерекшеліктерін түсінуіне, олардың қабілеттерін дамытуына, құндылықты өмірлік бағдарлар қалыптастыруына мүмкіндік берген кезде ғана табысты болады.
Қорытынды

Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, әлеуметтің ажыратылмайтын негізгі бір бөлігі болып табылатыны барлығына мәлім. Қоғамдық өмір де отбасыға қажет рухани және материалдық үдерістермен сипатталады. Отбасының мәдениеттілік дәрежесі өскен сайын барлық қоғамның да мәдениеттілік дәрежесі жоғарылайды. Отбасылық қарым-қатынаста адамгершілік принциптері өте маңызды, олардың ең негізгілерінің бірі – басқаны сыйлау.


Психологтар мынадай қорытындыға келді, тұлғаның доминанттылық танытатын бір қыры әртүрлі жағдайға байланысты, әртүрлі формадағы жауапқа ие болады, содан соң, әрі қарай баланың тұрақты мінез-құлқына айналады. Тәрбиенің басқа іс-әрекет түрлерімен байланысы, тәрбиеге сол немесе басқа себептерге бағыну, сондай-ақ адам тұлғасындағы тәрбиенің орны – бұның барлығы әр ата-ана тәрбиесіне ерекше, қайталанбас, жеке дара сипаттама береді.
Осылайша, арнайы отбасы тәрбиесі мынадай ерекшеліктерге ие:

  • Туыстық сезімдерге негізделген отбасы тәрбиесінің эмоционалдық сипаттамасы.

  • Ата-ананың тәрбие арқылы балаларға әсер етуі өмірдің әртүрлі жағдайларындағы тұрақтылық пен ұзақ мерзімділігімен ерекшеленеді, бұл балаға терең әсер етуді қамтамасыз етеді.

  • Тек отбасы балада қауіпсіздік, махаббат, қабылдай білу сезімдерін тудыра алады.

  • Отбасында балаға әсер етудегі маңызды сипаттамалардың мазмұнын қамтамасыз ететін, әлеуметтендірудің психологиялық механизмдері жұмыс жасайды. Мұндай әлеуметтендірудің психологиялық механизмдеріне қосымша толықтыру және сәйкестендіру жатады.

  • Отбасы әртүрлі жастағы әлеуметтік топ ретінде балаға әртүрлі құндылықты бағыттарды қабылдауға, өмірлік құбылыстарды бағалаудың әртүрлі критерийлерін, әртүрлі идеалдар, көзқарастар, тұжырымдарды қабылдауға үйретеді.

  • Отбасы тәрбиесі ұзақ мерзімдік әсер ету диапазонына ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет