Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan



бет88/153
Дата06.02.2022
өлшемі2,16 Mb.
#34752
түріТезисы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153
Ахметбекова А.К.
Алматы/Қазақстан


ТҮРКІ СОПЫЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ МАДАҚ ӨЛЕҢДЕРІ

Сопылық поэзияны жанрлық тұрғыда қарастыру әлі бір шешімін таппаған мәселе. Сопылық поэзияның отаны болған араб әдебиетін зерттеушілер оның жанрларын тек сырт формасына қарай ғашықтық лирика және «қасыда» үлгісіндегі поэма деп бөледі. Орыс ғалымдары сопылық поэзияның түрлерін «ғазал», «шарап», «зухдийат» өлеңдері және поэма деп көрсетуге бейім. Яғни сопылық поэзияның жанрлары ішкі мазмұнына емес, сырт мазмұнына құрылған формаға қарай түрленеді.


Айтып кеткеніміздей, түркі сопылық поэзиясы бұл сыныптамаға келе бермейді. Өйткені араб-парсы поэзиясының ықпалында туған түркі поэзиясында ғашықтық лирика, «шарап» өлеңдерінің элементтері болғанымен, мазмұны басымдылық тартып, уағыз-насихат үлгісіндегі фәлсапалық шығармалар деген сипаттамаға лайық. Егер Йасауи бастаған түркі сопылық поэзиясын пішінмен, сырт мазмұнымен бағамдасақ, еш нәтижеге жетпейміз.Сондықтан түркі сопылық поэзиясын түрлендіруде, ғалым З.Қабдоловтың: «Демек, әр жанрдың айрықша қасиеті жалпы долбармен емес, нақты жағдайда, нақты көркем туындыға негізделе дәлелденуге тиіс»[1:307] деген сөзін басшылыққа аламыз.
Түркі сопылық поэзиясының өзгешелігін танытуда мадақ өлеңдерінің орны ерекше. Сопылық өлеңдерді айқындауда, ең алдымен, мадақ өлеңдерін қарастыруымыздың бірнеше себебі бар: 1) мадақта нақты персонаж көрсетіледі; 2) мадақта қоғамның идеалы, идеологиясы айқын танылады; 3) мадақталушыға деген қатынасынан мадақта автор туралы мағлұматтар қамтылады.
Жалпы сопылық әдебиеттегі мадақтар арқылы сопылық оқудың қоғамдағы орнын, оған деген ресми дінбасыларының қатынасын және оның даму бағытын анықтауға болады. Сондай-ақ мадақ жанр тұрғысында сопылық әлемде таным-тағылымдық функция және сопылыққа қатысты тұлғалардың өмірбаяндық шежіресі(агиографиялық) функциясын атқарғанын көреміз. Сондықтан да сопылық поэзияда тағылымдық мадақ және агиографиялық мадақ түрлерін атауға болады.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, мадақтарда қайталау, редифтер көп. Бұл қайталаулар түркі сопылығына аса қажет акті еді. Біріншіден, қайталау араб, парсы тілінен енген кірме сөздердің мән-мағынасын түсініктірек қылады. Сопылық әдебиет терминдерінің ұғымы түркілене бастады. Екіншіден, жат сөздерді белгілі бір ретпен қайталау предикатты байланысты сақтауға мүмкіндік берді. Үшіншіден, қайталау сопылық тезаурусты құлаққа сіңімді қылады. Сондықтан да өзінің тіке функциясымен қатар, мадақтар «самағ» атты сопылық жиында экстаз тудыру мақсатында да қолдана бастағаны байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   153




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет