Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы



бет6/6
Дата11.02.2020
өлшемі91,52 Kb.
#57836
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Силл Астрономия Косжанова 19-20



Пән бойынша бағалау тәртібі

Пән бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері емтиханға жіберу рейтингісінің бағасынан және емтихан бағасынан құралатын қорытынды бағамен анықталады.

Рейтинг ағымдық бақылаудың орташа бағасынан және аралық бақылаудың бағасынан құралады. Ағымдағы бақылауды ОБӨЖ дәрістік практикалық (семинарлық) сабақтарын жүргізетін тьютор жүзеге асырады. Ағымдағы бақылаудың орташа бағасы Р1 немесе Р2 жүргізу кезінде білім алушының алған барлық ағымдағы бағалардың орташа арифметикалық мәні ретінде есептеледі.

Аралық бақылау 7а (Р1) немесе 15а (Р2) рейтингтік аптада коллоквиум, бақылау жұмысы, тестілеу және т.б. түрінде жүзеге асырылады.

Қорытынды бағаны есептеу"Платонус" ААЖ баптауларында көрсетілген параметрлерге байланысты.

0-ден 100-ге дейінгі балдар, сондай-ақ Ж белгісі есепке алынатын ағымдағы орташа бағаны есептеу формуласы:




Сорт =

Тк1+Тк2+Тк2+Ткn

n

Сорт-пән бойынша ағымдағы орташа бағаның пайыздық құрамы;

Тк-сабақ түрлері бойынша ағымдағы бағаның пайыздық құрамы;

n – пәннің барлық сабақ түрлері бойынша бағалардың жалпы саны.
Қорытынды бақылауға жіберу рейтингісін есептеу формуласы (емтихан)):
Р = (Ср*0,4+(Р1+Р2)/2*0,2)*100/60
Р-қорытынды бақылауға жіберу рейтингісінің пайыздық құрамы (емтихан);

Р1 және Р2 – аралық бақылау бағасының пайыздық құрамы;

Ср – пән бойынша ағымдағы орташа бағаның пайыздық құрамы.
Қорытынды бақылауды есептеу формуласы:

Оитог = Р*0,6 + Э*0,4
Окорыт - Қорытынды бақылаудың пайыздық құрамы;

Р-қорытынды бақылауға жіберу рейтингісінің пайыздық құрамы (емтихан);

Э-пән бойынша емтихан бағасының пайыздық құрамы.
Пән бойынша қорытынды баға білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесінің келесі санаттарын пайдалана отырып, дәстүрлі баға шкаласы мен ECTS бойынша ауыстырылады.


Әріптік жүйе бойынша бағалар

Балдардың сандық эквиваленті

Балдар (%-тік құрамы)

Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

С

2,0

65-69

Қанағаттанарлық

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D-

1,0

50-54

FX

0,5

25-49

Қанағаттанарлықсыз

F

0

0-24


7. Пәннің саясаты

Оқытушының талабы – бұл оқытушының курсты оқыту барысында студентке қоятын талаптар жүйесі.

Төменде ұсынылатын талаптар тізімі көрсетілген:



  • сабақтан кешігуге оны жіберуге болмайды;

  • сабақ үстінде ұялы телефондарды өшіру;

  • барлық тапсырмаларды өз уақытында орындау;

  • сабақ үстінде сағыз шайнамау, оқытушы ұсынған сабақ жоспарын мұқият тыңдап, оған белсенді түрде қатысу;

  • себепті жағдаймен қатыспаған сабағын қайта тапсыру;

  • өз бетінше кітапханада және үйде дайындық жасау;

  • Академиялық этика ережесі:

  • тәртіп сақтау;

  • тәрбиелік;

  • адамшергілік;

  • шыншылдық;

  • жауапкершілігінің бар болуы;

Оқу топтарындағы келіспеушілік жағдайларды оқытушылар қатысуымен ашық түрде талқыға салу керек, шешілмеген жағдайда деканат қызметкерлері көмегімен қарастырылады.

8. Межелік және ағымдық бақылаудың үлгілік сұрақтары немесе тапсырмалары

8.1 1 межелік бақылаудың сұрақтары немесе тапсырмалары

8.2 2 межелік бақылаудың сұрақтары немесе тапсырмалары
8.3 Емтихан сұрақтары / емтихан тестілеуінің спецификациясы

  1. Астрономия ғылымының дамуына қандай қажеттілік себеп болды? Астрономия пәні нені зерттейді?

  2. Ғаламға нелер кіреді? Ғаламдардың мөлшер-көлемі қандай?

  3. Астрономия мен физиканың өзара байланысынан қандай қорытындылар жасауға болады?

  4. Астрономияның қандай салалары бар?

  5. Ғылымның, солардың ішінде физика мен астрономияның және математиканың тарихи қалыптасуы туралы екі түрлі көзқарас бар: бірі –барлығымен бір ғана ошақтан тараған деген көзқарас, екіншісі – көп ошақтардан тарап қалыптасқан деген көзқарас. Бұлардың қайсысы дұрыс? Дәлел келтір.

  6. Ертедегі Орталық Азия елдері ғалымдарынан кімдерді білесің? Олардың ғылыми еңбектері туралы қандай хабарың бар?

  7. Әл-Фарабидің «Екінші Ұстаз» аталуының басты себебі не?

  8. Туған өлкеңдегі ежелгі астрономиялық құрылыстардың, көне қорым-қорғандардың қазіргі күйі қандай?

  9. Аспан денелері туралы астрономиялық атаулар қалай қалыптасқан? Аспан денелеріне байланысты халық арасында айтылатын қандай аңыздарды білесіңдер?

  10. Қандай астрономиялық құрал-жабдықтарды білесің?

  11. «Планета» деген сөз нені білдіреді? Олардың бұлай аталуы неліктен?

  12. Планеталардың қозғалысы қалай бақылауға болады? Уран мен Шолпанның басқа планеталардан ерекшелігі неде? Әр планетаға жеке-жеке сипаттама беріңдер.

  13. Эклиптика деп нені айтады?

  14. Зодиак шоқжұлдыздары нешеу және олар қалай аталады? Зодиак белдеуі деген не?

  15. Күн мен түннің көктемгі және күзгі теңелу нүктелері қай шоқжұлдыздарға сәйкес келеді? Жазғы және қысқы Күн тоқырау қай күндері болады?

  16. Шын мәнінде Күн эклиптика бойымен қозғала ма? Оның көрінерлік қозғалысын қалай түсіндіруге болады?

  17. Птолемейше Әлем жүйесінің құрылысы қандай еді? Ол қандай жүйе деп аталады? Птолемей тұжырымдарына түзету енгізген қай ғалым?

  18. Бируни еңбектерінің маңызы неде? Ол қандай көзқарасты жақтады?

  19. Күн жүйесіне енетін неше планетаны білесіңдер? Олар қалай аталады?

  20. Төменгі планеталарға қандай планеталар жатады? Жоғарғы планеталарға қандай планеталар жатады? Олардың бұлай аталу себебі не?

  21. Қандай планеталар алып планеталар болып саналады?

  22. Н. Коперник теориясы бойынша Әлемнің құрылысы қандай? Ол жүйе қалай аталады? Коперник жүйесінің қазіргі кездегі Әлем жүйесінен қандай өзгешелігі бар?

  23. Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?

  24. Неліктен денелердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет