Сұрақтарға жауап беріңіз:
Адамның дене мүшелеріне нелер жатады?
Адамның басмүшесіне нелер орналасқан?
Көзбен көруге болатын дене мүшелерін атаңыз
Көзбен көруге болатын дене мүшелерін атаңыз.
«Денсаулықтың кепілі - тазалық» деп неге атайды?
Адамның қаңқасы деп нені айтады?
Асқазан, бауыр, бүйрек, жүйке, жүрек, өкпе, тамақ, ішті неге көзбен көруге болмайтын мүшелер деп атайды?
Адамның қаңқасына нелер жатады?
Келесі сұхбаттарды тыңдаңыз:
11-тақырып
Емханада
Сәлеметсіз бе, ата! Қай жеріңіз аурады?
Барлық жерім ауырады: қолым, аяғым, тізем, кеудем, жүрегім, бүйрегім, бауырым, өтім, өкпем, асқазаным, ішім, белім, тамағым, басым, көзім, құлағым ...
Тоқтаңыз, тат, асықпаңыз. Біз сізді тексерейік, содан соң емделесіз. Жөтеліңіз, тұмауыңыз бар ма?
Әрине, бар. Жөтелемін де, түшкіремін де, тұиауым да бар.
Кәне, тамағыңызды көрсетіңіз, тексерейін. Тамағыңыз қызарып тұр екен. Шешініңіз, өкпеңізді және жүрегіңізді тыңдайын, қызуыңызды өлшейін. Сізге қатты суық тиген екен.
Тұмау емес пе?
Тұмау да бар, баспа ауруы да бар. Қазір сізге рецепт жазып беремін. Дәріні дәріханадан алып, күніне үш рет ішіңіз. Төсекте жатып емделіңіз, бал қосқан сүт ішіңіз. Енді емханаға жұма күні келіңіз.
Басқа жерімді тексермейсіз бе?
Тексеремін. Әуелі мына ауруларыңызды жазып алайық. Емделіңіз, жазылыңыз, ауырмаңыз. Өзіңіз білесіз, денсаулық- зор байлық.
Рахмет, қалқам. Сау бол!
Сау болыңыз!
12-тақырып
Дәріханада
– Сәлеметсіз бе! Сіздерде бас аурудың дәрісі бар ма?
Сәлеметсіз бе! Иә, бар. Сізге ампула ма, әлде таблетка ма?
Маған таблетка болса.
Нешеу аласыз?
Екеу.
Тағы не аласыз?
Дене қызуын басатын қандай дәрілер бар?
Сироптар, ьаблеткалар бар.
Қалай әсер ететін дәрілер?
Мына сироп тез әсер етеді. Аласыз ба?
Жақсы, аламын. Неше теңге тұрады екен, қанша төлеуім керек?
Мың бес жүз теңге.
– Сізде мына дәрілер бар ма?
Қандай дәрілер? Рецепті болса, көрсетіңіз.
Міне.
Бұл дәрілер бар. Оларды күніне үш рет ішу керек.
Тез жазылу үшін тағы қандай дәрілерді ішу керек?
Қазақстанда, Ресейде жасалған дәрілерді ішу керек. Олар тез көмектеседі. Шөптердің қайнатпасын да ішуге болады.
Жақсы, рахмет.
Тезірек жазылуға тапсырыңыз. Денсаулықты сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |