Қазақстандық дизайнер Әлима Мұрзабекова
Жуырда Астана қаласында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Әлима Мұрзабекованың «Әлима» сән үйі ашылды.
Әлима – Еуропадағы ең алғашқы сән және дизайн саласындағы Марангони институтының түлегі. Миланда 1935 жылы негізі қаланған бұл институт Еуропадағы дизайн және сән әлеміндегі алғашқы жеке жоғары оқу орны болып табылады.
Институт түлектері – бүкіл әлемге әйгілі модельерлер Domenico Dolce, Franco Moschino, Alessandra Facchinetti, Maurizio Pecoraro. Сонымен қоса, Prada, Hugo Boss, Armani, Yves Saint Laurent, Valentino, Gucci, Benetton, Calvin Klein, Versace, Trussardiсекілді атақты компаниялар да аталмыш сән мектебінің негізінде қаланған.
2009 жылдың жазында фэшн-дизайнер мамандығы бойынша үздік диплом алған Әлима сол жылдың қазан айында Алматы қаласында өткен қазақстандық жоғары сән аптасының үздік дебютанты атанды.
2011 жылдың қаңтар айында 7-ші Қысқы Азия ойындарының қатысушылары үшін VIP- деңгейлі спорттық киімнің дизайнын жасаған сәнгер.
Ең бірінші көрсетілімім 2009 жылы Италияның Милан қаласында өтті. Топтамасының негізгі бағытын ғарыш тақырыбына арналған.
Топтамаларының негізгі түстері- аспан көк, қара, қызыл, канық көк және жасыл. Табиғи маталарды қолданады.
Оның сүйікті модельері – француздық дизайнер Николя Гескьер, Болашақта Антонио маррас, Николя гескьермен бірігіп жұмыс жасауды жоспарлайды.
? Келесі сұрақтардың жауабын мәтіннің ішінен тауып жазыңыз:
Әлиманың алғашқы көрсетілімі қашан және қай жерде болды?
Бүгінде қандай түстер ерекше сәнді?
? Өзіңізге ұнайтын сәнгер туралы эссе жазыңыздар.
? Қазіргі кездегі сән үйлері туралы не айта аласыз?
? Сәнгер болу оңай ма? Шығарма жазып келіңіз.
15- тақырып
& Болашақ қала
Менің ойымша, болашақта біздің қаламыз өте үлкен болады. Жаңа, әдемі үйлер салынады. Қалада ескі, жаман үйлер болмай-ды. Әр көшенің өз базары болады. Адмадар жақсы өмір сүреді. Себебі жаңа жұмысы орындары ашылады. Сондықтан адамдар далада тұрып нәрселерді сатпайды. Әсіресе азық-түлік. Қаламазда ұрлық деген блмайды. Әр адам адал жұмыс істейтін болады. Қаладағы мектептерді жаңа компьютерлермен, оқу құралдарымен қамтамасыз етеді. Қаланың жаңа автобустары мен троллейбустарына жолақы деген болмайды. Болашақта біздің қаламыз Астана сияқты әдемі болады. Мүмкін Алматыға ұқсар ... .
Достарыңызбен бөлісу: |