Оқылым № 5
Орда
Орда – қазақ киіз үйінің ең таңдаулысы. Бұл – он екі қанатты киіз үйдің үлгісі. Көлемі 130-140 шаршы метрдей. Керегесінің биіктігі 240-250 сантиметр. Уығының ұзындығы 310-320 сантиметрдей. Ал шаңырағының диаметрі 200-220 сантиметрден кем емес. Үйдің жабынына ақ боз қойдың күзем жүні жаратылған.
Ордада салтанатты жиындар өткізіледі. Онда елшілер мен құрметті қонақтар қабылданады.
Орданың бір жағына хан шатыры – аса құрметті қонақ түсетін үй; екінші жағына ханның алты қанат ақ үйі орналасқан.
Қорған ішінде саялы бақ, су тартатын шығыры, құдығы болады. Ал көрші қорғанда ханның арғымақтары, күйме арбасы қойылған.
Оңтүстік Қазақстандағы Сайрам ауданының Қарабұлақ қыстағынан терістікке қарай алты шақырым жерде Арыс өзенінің иініне орналасқан Абылай ханның ордасының осындай болғаны ықтимал.
Қорғандағы қақпаның аузына, бұрыштама мұнараларға қоршаудың үстімен әрі-бері жүріп тұратын күзет қойылады екен. Күзетшілер найза, айбалта ұстап, садақ, мылтық асынған.
Орданы әшекейлеуге ағашты, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті молынан пайдаланған.
Оқылым № 5 Мәтін бойынша тест тапсырмалары.
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А)Ордада салтанатты жиындар өткізілетін
В)Қорған ішінде саялы бақ, су тартатын шығыры, құдығы болатын
С) Қоршаудың үстімен әрі-бері күзет жүретін
Д)Күзетшілерде найза, айбалта, садақ, мылтық болатын
Е)Хан шатырында аса құрметті қонақтарды күтпеген
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А)Қорған ішінде күзетшілер болмайтын
В)Солтүстік Қазақстанда Абылай ханның ордасы болғаны ықтимал
С)Қорған ішінде су болатын
Д)Орданың бірінші жағында аса құрметті қонақтарды күтетін
Е)Шаңырақтың диаметрі 220-250 сантиметр
3.Қазақ үйінің ең таңдаулысы - ......
А)Қорған
В) Орда
С) Шаңырақ
Д) Қақпа
Е) Мұнара
4.Антонимдерді табыңыз
А)үстімен, астымен
В)ең тәуірі, қымбатты
С)молынан, кеңінен
Д)саялы, салқын
Е)салтанатты, қадірлі
5.Үйдің киізіне қандай жүнді пайдаланған?
А)қара қойдың күзем жүнін
В)ақ боз қойдың күзем жүнін
С)ала қойдың күзем жүнін
Д)сиырдың күзем жүнін
Е)түйенің күзем жүнін
6.Синонимдерді табыңыз
А)салқын, молынан
В)терістік, түстік
С)мүмкін, ықтимал
Д)кем, артық
Е)нашары, таңдаулысы
7. Орданың екі жағына қандай үйлер орналасқан?
А)хан шатыры, ханның үш қанат ақ үйі
В)хан шатыры, ханның төрт қанат ақ үйі
С)хан шатыры, көрші қорған
Д)хан шатыры, ханның алты қанат ақ үйі
Е) хан шатыры, ханның жеті қанат ақ үйі
8.Қорған ішінде не бар?
А)саялы бақ, шығыр, күйме арбасы
В)саялы бақ, шығыр, арғымақтар
С)саялы бақ, шығыр, бұлақ
Д)саялы бақ, шығыр, қақпа
Е)саялы бақ, шығыр, құдық
9.Қорғандағы күзет қай жерге қойылған?
А)қақпаның аузына, қоршаудың үстімен
В)қақпаның аузына, бұрыштама үстіне
С)қақпаның аузына, бұрыштама мұнараларға
Д)қақпаның аузына, мұнараларға, қорғанға
Е)қақпаның аузына, бұрыштама жерге
10.Орданы әшекейлеуде қандай заттар қолданған?
А)ағашты, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті
В)шөпті, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті
С)теріні, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті
Д)ыдысты, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті
Е)шыныны, сұйекті, алтын-күмісті, әр түрлі тастарды, былғарыны, киізді, иірілген жіпті
Достарыңызбен бөлісу: |