Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет64/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Оқылым № 6

Ертеде патшаның екі қызы болыпты. Патша екі қызын да жақсы көріп, қолынан келгенше олардың қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен. Дегенмен өсе келе қыздардың мінездері өзгере бастапты.


Бір күні білімді бір адам патшаға қонаққа келіпті. Патшаның қайғылы түрін көріп, себебін сұрапты. Патша: «Е-е-е ... сұрама, күлмейтін бір қызым бар, дертін ешкім білмейді» - дейді. «Патшам, рұқсат етсең, сарайыңызға қонақ болайын. Мүмкін қызыңыздың қайғысының себебін табармын», - дейді жолаушы. Патша қуана рұқсат етіпті. Сол күннен бастап саяхатшы екі қызды патша рұқсатымен жасырын анди бастапты. Қараса екеуі түнде жатар алдында жастықтарының астынан бір дәптер шығарып, бір нәрселер жазып, таңертең жазғандарын оқып, орындарынан тұрады екен. Саяхатшы бір күні қыздар ұйықтағаннан кейін дәптерлерін алып оқыса, кіші қыз өзіне жасалған жақсылықтарды, ал үлкен қыз тек болмашы әділетсіздіктерді жазыпты. Ертеңінде саяхатшы кіші қыздан рұқсат алып, оның дәптерін үлкен қыздың жастығының астына қояды. Таң атысымен патшаның үлкен қызы жастық астынан дәптерді алып оқыпты. Сарайдағылар екеуіне де бірдей қарағандықтан, ол дәптерде жазылғандарды жатырқамай оқып шығыпты. Өзіне жасалған жақсылықтар есіне түсісімен жүзі жадырап, қуанғаннан ән сала бастапты. Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз көзіне өзі сенбепті.
Бірден саяхатшыны шақырып, бұны қалай істегенін сұрапты. Саяхатшы: «Патшам, өмір айна сияқты. Оның жақсы жақтарын ойласақ, бізге әдемі көрінер. Сіздің үлкен қызыңыз өмірінің жаман жақтарын ойлағаны үшін бақытсыз болған», - деп жауап береді. Патша үлкен қызын шақырып, оған енді дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазуға кеңес беріпті. Сол күннен бастап патшаның екі қызы да бақытты өмір сүріпті.


Оқылым № 6 Мәтін бойынша тест тапсырмалары.
1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз
А) Білімді кісі патшаға қонаққа келіпті
В) Патша екі қызын жақсы көріпті
С) Патшаның үлкен қызы кайғылы болған
Д) Патша саяхатшыдан кеңес сұрапты
Е)Патшаның үлкен қызы ән салды
2.Мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз
А)Өмір - айна емес
В)Патшаның екі қызы күлмейтін еді
С)Саяхатшы кіші қыздан рұқсат алды
Д)Патша тек үлкен қызын жақсы көрді
Е)Патшаның кіші қызы дәптеріне әділетсіздіктерді жазыпты
3.Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.
А)Саяхатшы қыздарға қандай тапсырма береді?
В) Патшаның үлкен қызы не себептен күле бастайды?
С)Сарайдағылар қыздардың ісіне қандай баға береді?
Д)Патша қызына қандай жақсылықтарды жазуға кеңес береді?
Е)Саяхатшы қай жерден келіпті?
4.Антонимдерді табыңыз
А)бастау, аяқтау
В)ең тәуірі, қымбатты
С)молынан, кеңінен
Д)саялы, салқын
Е)салтанатты, қадірлі
5.Мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз.
А)Патшаның үлкен қызы бақытсыз болған
В)Үлкен қызы өмірінің тек бақытсыз жақтарын ғана ойлаған
С)Үлкен қызы өмірінің тек жаман жақтарын ойлаған соң, бақытсыз болған
Д)Патшаның үлкен қызы өмірінің тек жаман жақтарын ғана ойлайды екен
Е) Үлкен қыз дәптеріне әділетсіздіктерді жазыпты
6.Мәнмәтіндегі (контекстегі) асты сызылған сөз тіркесінің мағынасын ашыңыз
Олардың қалағандарын жасап, айтқандарын екі етпеуге тырысады екен.
А)сұрауға
В)орындауға
С)азайтуға
Д)сөйлесуге
Е)жазуға
7. Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз
А) Саяхатшы өмірдің жақсы жақтарын ойлауды түсіндіреді
В) Білімді адам патшаға қонаққа келді
С) Патша үлкен қызының қуанғанын көріп, өз көзіне өзі сенбеді
Д) Кіші қызының дәптерінде тек жасалған жақсылықтар ғана жазылған
Е) Саяхатшы патшаға көмектесті
8.Мәтіндегі І абзацтың мазмұнын қорытындылаңыз
А) Патшаның екі қызы болыпты
В) Патша екі қызын да бірдей жақсы көріпті
С) Патша қыздарының айтқандарын орындап отырған
Д)Патша қыздарының қалағандарын жасаған
Е) Қыздардың өсе-келе мінездері өзгере бастайды
9.Мәтіндегі ІІ абзацтың мазмұнын қорытындылаңыз
А) Білімді адам патша қызының қайғысын табады
В) Саяхатшы дәптерді үлкен қыздың жастығының астына қояды
С) Кіші қыз дәптерге тек өзіне жасалған жақсылықтарды жазады
Д)Патша қызының қуанғанын көріп, риза болады
Е) Үлкен қыз дәптерді оқып, қуанғаннан ән сала бастады
10.Мәтіндегі ІІІ абзацтың мазмұнын қорытындылаңыз.
А) Патша қызы өмірдің жаман жақтарын ойлап бақытсыз болды
В)Үлкен қызы дәптеріне тек жақсылықтарды ғана жазатын болған
С) Адам жақсылыққа бейім болса, жақсы ой түйіп, жақсы жағын жария етеді
Д)Өмір айна сияқты
Е) Патша үлкен қызына тек жақсылық туралы жазуға кеңес береді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет