Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет26/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66
17-тақырып
& Табиғат байлықтары
Халық шаруашылығының түйінді мәселелерін білікті мамандар талқысына салып, ілгерілеу бағыттарын белгілеп отыру Үкіметтің көптен қолға алып келе жатқан ұтымды үрдістерінің бірі. Еліміздің табиғи байлықтарын тиімді пайдалану мәселелерімен айналысатын орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық инспекцияларының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың басшылары мен қосшылары қатысқан алқалы жиында биологиялық әртүрлілікті сақтау жөнінде атқарылған жұмыс егжей-тегжейлі қарастырылды.Ұлан-байтақ Қазақстанның орманды-тоғайлы өңірлері саусақпен санарлық. Сондықтан да мамандар әрбір жасыл дарақты сәбидей аялап өсіретіні жасырын емес. Бұл орайда соңғы жылдары ауыз толтырып айтарлықтай талай толымды іс тындырылды.


?Сұрақтарға жауап беру («Қызыл кітап», «Қазақстан қорықтары») мәтіндері бойынша:

  1. Мәтіндене туралы айтылған?

  2. 1962 жылы қандай одақ құралды?

  3. «Қызыл кітап» туралы не айта аласыңдар?

  4. Қазақстанның ғалымдары жазған «Қызыл кітап» неше бөлімнен тұрады?

  5. Қорық дегеніміз не?

  6. Қорықтың мақсаты қандай?

  7. Қазақстанның қорықтарын атаңыз

  8. Ғалымдардың есебінше дүние жүзінде жыл сайын ауаға қанша тонна көмір қышқыл газы шығарылды екен?



Жағдаяттық тапсырма:
Сіз Халықаралық табиғат пен табиғи ресурстарды қорғау одағының сессиясында құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлардың түрлері жөнінде баяндама жасайсыз. Қандай ұсыныстар жасар едіңіз?


Ой толғау:
Болашақта сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу үшін не істеу керек деп ойлайсың.


18- тақырып
& Табиғаттың, қоршаған ортаның
адам денсаулығына әсер етуі
Адамның күнделікті тіршілігі қоршаған орта жағдайларымен тығыз байланысты. Тірі ағзаларға тән көптеген касиеттер адам ағзасына да тән. Адамның тынысалуы, тамақтануы, өсуі, дамуы табиғи орта жағдайында өтеді. Сондыктан да адам тіршіліктің құрамды бір бөлігі болып есептеледі. Сонымен бірге адам — өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы саналы тұлға. Адамның өсуіне, дамуына жөне тұлға ретінде қалыптасуына әлеуметтік жағдайлардың ыкпалы зор. Баска ағзалар белгілі табиғи орта жағдайларында тіршілік етуге бейімделген.
Адам барлық табиғи орта жағдайларында тіршілік ете алады. Өзіне қажетті жағдайларды саналы түрде жасап алуға кабілетті. Жер бетінде өмір сүрген ежелгі адамдар басқа ағзалар сияқты орта жағдайларына тәуелді болды. Қоғамның даму дәрежесіне сәйкес адамның табиғатқа тәуелділігі бірте-бірте бәсеңдей бастады. Адам табиғи мақсатына қарай саналы түрде өзгертті.
Денсаулыққа әсер ететін жағымсыз факторлар
Адамның денcаулығына қоршаған табиғи орта жағдайларының әсері зор. Адамға дем алатын ауаның, күнделікті пайдаланатын ауыз судың, тағамның таза болуынын маңызы ерекше. Адамның мұкият ойланбай жасаған кейбір іс әрекеттері денсаулығына зиянды. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан орта жағдайларының зиянды өзгерістері адам денсаулығына кері әсер етеді. Әсіресе, бұл жағдай Қазакстанда ерекше байқалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет