Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет34/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Туған жылы, жері

Еңбектері

Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы







Сұлтанмахмұт Торайғыров 







Жүсіпбек Аймауытов 







Иса Байзақов









И. Байзақов туралы мәлімет табыңыз.


24- тақырып
Қазақтың өнері мен мәдениеті. Өнер туралы
& Келесі мәтінмен танысыңыз.
Қазақ халқы –рухани зор байлықтың мұрагері. Қазіргі кезге дейін жеткен сөз өнері, музыка, театр өнері, сән және қолданбалы өнер, сәулет мұралары, қолөнер туындылары т.б. өздік стильде айрықша орын алады.
Қазақ сөз өнерінің негізі –көркем әдебиет.ХV-ХVІІІ ғғ. қазақ әдебиеті Алтын Орданың ыдырап, қазақ хандығының өмір сүрген дәуірін қамтиды. Қазақ хандығының өзінен бұрынғы мемлекеттік құрылымдардан ерекшелігі — оның анағұрлым кең және берік этникалық негізі болды да, оған қазақ халқын құраған этникалық топтардың бәрі дерлік қосылды. Сөйтіп, қазақ халқы тілі, территориясы жағынан тұтастанып қалыптасты. Сондықтан ғалымдар қазақтың таза өз тіліндегі төл әдебиеті ХV ғ. басталады деп есептейді. Бұған себепкер болған жай — 1456 ж. Шу бойында қазақ хандығының құрылуы, осының нәтижесінде қазақ халқының тарих сахнасына шығуы.
Бейнелеу өнері (ағылш. Visual arts) — дүниені көзбен көріп, түйсіну негізінде бейнелейтін пластикалық өнердің бір саласы. Бейнелеу өнеріне негізінен кескіндеме мүсін, графика жатады.
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистіңқұрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндеріндедиалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды.
Музыка-халықтың жаны.Орта Азиядағы түркі тілдес халықтардың , соның ішінде қазақ халқының орта ғасырдағы музыкалық мәдениетті ең алдымен сол заманнан бүгінгі күнге дейін жеткен музыка мұралары, музыка өнерін, музыка аспаптарын зерттеуге көптеген үлес қосқан орта ғасырлық ойшылдар, Әбу Насыр әл-Фараби (870-950жж), Махмұд Қашқари (1029-1101жж), Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551жж), сияқты үлкен ғалымдар, А.Левшин (1799-1879жж), Ш.Уалиханов (1835-1865жж), Н.Стремоухов, А.Затаевич және басқа көптеген ғалым-зерттеушілермен этнографтар көп жазды. 
Қолөнер қолданбалы өнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Қолөнершілер негізінен табиғи шикізаттарды пайдаланып, қарапайым еңбек құралдарының көмегімен көркем композицияның шешімімен тұрмысқа қажетті мүліктер, музыкалық аспаптар, қару-жарақ, құрал-саймандар жасайды. Әрбір қолөнер туындысы өз заманының материалдық мәдениетінің үлгісі және халық талғамының, әлеуметтік қоғамдық жағдайының, діни сенімінің, салт-дәстүрінің нақтылы көрінісі.
Өнердің барлық түрлері қазақ халқының өмірінен ерекше орын алады. Олар ғасырдан-ғасырға беріліп, өшпес мұраға айналады. Осы асыл қазыналарды бағалау әр азаматтың міндеті болып саналады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет