Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» баұо ақ филиалы жамбыл облысы бойынша біліктілікті арттыру институты



бет32/66
Дата18.10.2022
өлшемі4,08 Mb.
#153599
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66
Жағдаяттық тапсырманы орындаңыз:
Сіздің үлкен қалалардың біріне пойызбен барасыз. Анықтама бюросынан бұл қалаға қандай пойызбен баруға болатынын анықтап алыңыз.


Сұхбаттасыңыздар:
А) Жолаушы мен жолсерік арасындағы сұхбат.
Ә) Анықтама бюросының қызметкері мен жолаушы арасындағы сұхбат.
? Сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. Жазда Сіз қай қалада демалдыңыз? 2. Ол қалада немен бардыңыз? 3. Сіз билетті алдын ала сатып алдыңыз ба? 4. Сіздің орныңыз қай купеде болды? 5. Жолда пойыз неше тәулік жүрді?




23-тақырып
Қазақ әдебиетінің алыптары:
М.Ж. Көпейұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров.
& Мәтіндерді түсініп оқыңыз
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931)


Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданындатуған) — ұлы ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы.
Мәшһүр-Жүсіп араб және парсы тілдерін жетік білгенімен қоймай,көп тілді білген ғұлама.
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққа аманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқын сауаттандыруға жұмсады десек те болады. ҚАЗАҚТЫН ЖЕРІ, “Күн батысы – Сырдария, күншығысы – ұзын аққан Ертіс, оңтүстігі – Жетісу өзені, солтүстігі – Еділ, Жайық. Бұл қазақ иесіз жатқан жерге келіп ие болған жоқ, ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен кеше Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек заманында жаннан кешіп, сусын орнына қызыл қан ішіп, жаудай алысып, жаттай салысып, күні-түні атысып, қара қанға батысып, шыбын жанын нысанаға байлап, не маңғаз, сарбаздары жау жолында оққа ұшырап өліп, сөйтіп алған жері еді...”


Келесі тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Қосымша әдебиеттерді пайдаланыңыз, жоғарыда берілген шағын мәтінді толықтырыңыз.

  2. М.Ж. Көпеевтің бір өлеңін жаттап алыңыз.

  3. Сізге жерлес ақын-жазушыларымыздың қандай өлеңдері, шығармалары ұнайды?Олар туралы әңгімелеп беріңіз.

  4. Тақырыпқа кластер жасаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет