Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы


МОНТЕССОРИ ӘДІСІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ



Pdf көрінісі
бет13/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
МОНТЕССОРИ ӘДІСІ БОЙЫНША ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
Монтессори-топта балаларды бес аймақ бойынша дамыту көзделеді: 

сенсорика (сезім органдарын дамыту) 

практикалык өмір дағдылары 

математика 

ана тілі 

ғарыштық тәрбие 
Практикалық өмірдің аймағы
.
Күнделікті тәжірибелік жаттығулар 
(КТЖ) кішкентайлар үшін өте маңызды. Практикалық өмірдің аймағында 
бала өзін де, өзінің бұйымдарын да қадағалай алатындай көрнекі құраладар 
берілген.
Күнделікті тәжірибелік жаттығулар: 
-баланың өз-өзіне,қоршаған ортаға күтім жасауы; 
-қоғамдық өмірге дайындық; 
-қозғалысын үйлестіру және жетілдіруге ықпал 
ету; 
-айналасындағыларға 
деген 
жауапкершілік 
сезімін дамыту.
-қозғалысты үйлестіру және жетілдіруді дамыту; 
-моториканы, қозғалыс үйлесімділігін
дамыту;
Бұл жаттығулар ең алдымен өмірдің өзінен алынған дағдылар. Атап 
айтқанда қалыпты жағдайлар, мысалы аналар өз баласына аяқ киімінің бауын 
өзі байлауға, киімінің тиектерін салуға, көкөністерді тазалап кесуге, үстелді 
жабдықтауға рұқсат етпейтін кемшіліктердің орнын толтыруға арналған.
Монтессори топтарындағы балалар «Сен енді ересексің, барлық жұмыс 
өзіңнің қолыңнан келеді, өз міндетіңді өзің атқар» тәрізді сөздерді естіп, 


20 
өседі. Ұстазы балаға материалмен қалай жұмыс жасауды ғана көрсетіп 
береді. Жаттығулар бірінен біріне құю, көму, тасу, сараптау тәрізді баланың 
оқу, жазу, математикалық ойлары мен дағдыларын қалыптастыруға арналған 
қол жұмысын дамытуды көздейді.
Барлық құралдар шын дүние болуы керек, себебі Монтессори топтардың 
балалары шындық әлемінде өмір сүруі керек. Егер топтағы сәбидің бірінің 
қолынан құмыра жерге түсіп кетіп, суының барлығы төгіліп қалса, бала 
келесіде ондай қателіктерді жібермеуді бақылауды үйренеді.
Қозғалыстық аймағы қызығушылығы мен құндылық қарым-
қатынастарын, салауатты өмір салты құндылықтарын, мектепке дейінгі білім 
беру кезеңінде үйлесімді физикалық дамуын қалыптастыруға бағытталған. 
Мария Монтессори әдістері бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру еркін 
қозғалыс қағидасына сүйенеді. Балалар монтессори-материалдарымен жұмыс 
жасағанда күні бойы үнемі қозғалыста болады: мысалы, өмірдегі 
тәжірибелік жаттығулары, сенсорлық, математикалық, тілдік материалдармен 
жұмыстар баланың қозғалыс белсенділігін көздейді. М.Монтессоридің 
әдістемесінің негізгі қағидасы- балалардың белсенді қозғалысының уақытын, 
орны және түрін еркін таңдауды айқындайды. 
Бұл жұмыс орнын Еркін таңдау балаға мына мүмкіндіктерді береді: 
 
-
Бала тапсырманы үстелде отырып, сондай-ақ, кілемшеде отырып, 
немесе жатып орындауына таңдау еркіндігі беріледі. 
-
Балаға кез келген уақытта белсенді қозғалысты таңдауға, спорттық 
немесе тренажер залына, өз қажеттілігіне байланысты спорттық бұрышқа 
баруына мүмкіндік беріледі. 
-
Бала сол немесе өзге де қызметпен айналысуына, соның ішінде, қимыл 
қозғалысына қанша уақыт қажетсінсе, сонша уақыт беріледі.
Белсенді қоғалыспен қатар, режимдік сәттерді ұйымдастыру барысында, 
өзіндік қозғалыс белсенділігінде типтік оқу жоспарына сәйкес аптасына 3 
рет дене шынықтыру іс-әрекеті тікелей ұйымдастырылады - бір рет. 
-
әртүрлі жастағы балалардың дайындалған ортадағы еркін қозғалыс
белсенділігі (мысалы, тренажер залында немесе залда қойылған 
спорттық құрал-жабдықтармен), бір рет-шамамен жастары бірдей балалар 
тобында (шамамен 1 жыл айырмашылықтар бар) балалар жасына 
сәйкестендірілген тапсырмалармен, бір рет – көшеде ұйымдастыру көзделеді.
Далада серуендеу кезіндегі қозғалыс белсенділігі Монтессори-
педагогикасы қағидаларына сәйкес (жаттығуды таңдау еркіндігі, уақыт 
еркіндігі) ойын, еңбек, табиғаттағы тәжірибелік іс-әрекеттерді енгізе отырып 
жүзеге асырылады. 
Балалардың өрмелеу, секіру, тербелу, сырғанау, айналу жаттығулары 
үшін арнайы дайындық ұйымдастыруда педагог олардың бұлшық ет 
аппаратымен ғана дамытуға ғана көмектеспей, сенсорлық интеграция және 
басқа 
да 
когнитивтік 
(танымдық) 
саласын 
дамытуға 
қажетті 
нейрофизиологиялық үдерістердің қалыптасуына қолайлы жағдай құруы 
қажет. 


21 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет