Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет21/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
АТА-АНАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС 
 
Монтессори отбасына үлкен көңіл бөлді. Отбасы Монтессори жүйесін 
түсініп, қабылдап, белсенді қатысуы тиіс. Егер ата-аналар бұл жүйені 
қабылдамайтын болса, педагогтардың іс-әрекеті пайдасыз болады, ал бала 
өзін үнемі жағымсыз сезінеді. 
Отбасы өз баласына Монтессори-ортада дамуына көмектесуі керек. 
Қолда бар құралдармен үйде шағын дамытушы орта құруға болады. Бұл 
балаларға мектепке дейінгі ұйымдардағы білімін үйдегі күнделікті өмірімен 
психологиялық байланыстыруға көмектеседі. Монтессори бойынша бала мен 
ересек адам тең жағдайда болуы тиіс. Сондықтан ата-аналар өз балаларына 
Монтессори философиясына сәйкес қарым-қатынас жасауы қажет.
М. Монтессори ата-аналар үшін қарапайым ереже дайындады: 

балаларды өзін қоршаған орта үйретеді. 

егер балаларды жиі сынаса – олар айыптауды үйренеді.

егер балаларды жиі мақтаса – олар бағалауды үйренеді. 

егер балаларға өшпенділік көрсетсе – олар төбелесуге үйренеді. 

егер балалармен әділ болса – олар әділдікке үйренеді. 

егер балаларды жиі мазақтаса – олар жасқаншақ болуға үйренеді. 

егер балалар қауіпсіздік сезімімен өмір сүрсе – олар сенуге үйренеді. 

егер балаларды жиі масқараласа – олар өздерін кінәлі сезінуге үйренеді. 

егер балаларды жиі қолдаса – олар өздеріне жақсы көзқараспен қарауға 
үйренеді. 

егер балаларға жиі мейірімді болса – олар сабырлылыққа үйренеді. 

егер балаларды жиі көтермелесе – оларда өзіне деген сенімділік пайда 
болады. 

егер балалар достық ахуалында өмір сүрсе және өздерін қажет сезінсе -
олар осы өмірде махаббат табуды үйренеді. 

балаларды олардың көзінше де, оларсыз да жамандамаңыз. 

балаларда жақсы нәрсенің дамуына назар аударыңыз, сол кезде жаман 
нәрсеге орын болмайды. 

сізге сөйлеген балаларды әрдайым тыңдаңыз және жауап беріңіз. 


33 

қателік жіберген, оны қазір немесе кейінірек түзете алатын балаларды 
сыйлаңыз. 

ізденісте жүрген балаларға көмек көрсетуге және барлығын тапқан 
балаларға байқаусыз болуға дайын болыңыз. 

бұрын игермеген нәрсесін игеруге көмектесіңіз. Бұны қоршаған әлемін 
қамқорлыққа, ұстамдылыққа, тыныштық пен махаббатқа толы етіп істеңіз. 

балалармен қарым-қатынаста әрдайым жақсы үлгіні ұстаныңыз –
өзіңіздің бойыңызда бардың жақсысын ұсыныңыз. Тек осындай амалдарды 
қолданғанда ғана балалар үйлесімді және дамыған тұлға болып өседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет