Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет18/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 
ПӘНДІК-КЕҢІСТІК ДАМЫТУ ОРТАСЫНДАҒЫ 
ОЙЫН ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ РӨЛІ 
 
Мектепке дейінгі жастағы балалардың көпшілігінде әлеуметтік-
коммуникативтік жеке қасиеттері ойын арқылы қалыптасады. Монтессори 
балабақшасында педагогтар арнайы ұйымдастырмай-ақ, балалардың өздері 
туындататын ерікті сюжеттік-рөлдік ойындарына үлкен мән беріледі. 
Ересектер тек балалардың еркін ойыны және түрлі әлеуметтік-
коммуникативтік жағдаяттарды «әдейі» туындату үшін арнайы материалдық 
жағдай жасайды. Ұлдар мен қыздар үшін сүйікті тақырыптарда рөлдік 
ойындар бар.
Әрбір күн тәртібінде бір жарым сағаттан кем емес уақыт тек қана 
балалардың еркін (М.Монтессори термині) рөлдік ойындарды бөлмеде және 
көшеде өткізуіне арналған. Зерттеу мен тәжірибелік іс-әрекеттері сияқты 
мектепке дейінгі балалардың сюжетті-рөлдік ойындарға қажеттілігі табиғи 
болып табылады. Ғалымдардың бақылауы бойынша, қазіргі заманғы 
балалардың кеңінен таралған кенеттен туындаған ойындары құрылыс және 
кубиктерден құрастыру, әртүрлі үлкен формалар, ертегілердегі кейіпкерлерді 
ойнау, саяхат жасау, әсіресе ұшақпен немесе кемеде, дүкен ойыны, отбасы 
және т.б. Осы бақылауларға сүйене отырып, монтессори-педагогтары 
балабақшаның ойын кеңістігінде қозғалыстық және рөлдік құрамды 
біріктіретін балалардың әлеуметтік-коммуникативтік дамуына арнайы жоба 
дайындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет