27
мен хабарлама келесі жоспарланбаған жалпы сабақтарға түрткі болуы жиі
кездеседі. Оқушылар жаңа сұрақтар қоюы немесе мұғалім тақырыпты басқа
қырынан қарастыруды немесе баяндамада айтылғандарға басқа көзқараспен
қарауды ұсынуы мүмкін. Баяндама, зертханалық тәжірибе бойынша есеп
дайындау барысында әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеу кезінде балалар
анықтамалық және энциклопедияларды қолдануды, өте көлемді емес
мақалалар бойынша конспект жасауды, оқығанын айтып беруді, өз
жұмыстарын рәсімдеуді үйренеді. Мұның бәрі келесі сыныпта (9-12 жас)
жеке және топтық жобалар бойынша жұмысты жүргізуге көмектеседі.
Бағдарлама сыныптарға бөлінбейді, тек жас шамасы бойынша бөлінеді
(6-9 және 9-12 жас). Бұл бөлу мазмұндық тақырыптар арқылы емес, тереңірек
және оларды қайта қарау тәсілі арқылы бөлу. Әдетте «6-9 жас» сыныбында
балалар нақты материалдарды пайдалану арқылы жұмыс істейді, бірте-бірте
абстрактілі деңгейге өтеді. «9-12 жас» сыныбының оқушылары сол
тақырыптарды қарастырады, бірақ көбінесе абстрактілі деңгейде талдау,
салыстыру, жинақтау, ережені өздігінен құрастыру, анықтау, заңдылықтар
қорытындысын шығару жұмыстарын жүргізеді. Дегенмен барлық балалар
бірдей емес, бірдей жастағы балалардың жұмыс істеу деңгейі мен тереңдігі
әртүрлі болуы мүмкін.Мұғалім кез-келген тақырыппен сол балаға қолжетімді
деңгейде жұмыс істеуге дайын болуы тиіс.
- өз бетінше тәжірибе жасай алуы, көргенін бақылай және талдай алуы;
- логикалық ойлауын, қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
М.Монтессори методикасы құрылған күнінен бастап бүгінгі күнге дейін
танымал болып, үлкен жетістіктерге жеткен. Берілген методика - Монтессори
сыныбындағы тақырыптық аймақтар баланың жан-жақты дамуы үшін үнемі
материалдармен толықтырылып отырады.
Мысалы, қозғалыстық, музыкалық, өнер және басқа да аймақтар.
Әлеуметтік даму аймағының мазмұны алғашқы әлеуметтік
сипаттамаларды меңгеру мақсатына және балаларды әлеуметтік қарым-
қатынасқа енгізуге бағытталған, бұл мынадай міндеттерді шешуден тұрады:
-
Қоғамда қабылданған нормалар мен құндылықтарды, оның ішінде
моральдық және адамгершілік құндылықтарды (балалармен бірге
«әлеуметтік өмір сабақтарында», мұның сыртында бір-бірін құрметтеу,
қолдау, көмек көрсету және т.б. нормалары бар) өмірлік жағдаяттарда
меңгеру.
-
Баланың ересектермен және құрдастарымен қарым - қатынас
дағдыларын дамыту, Құрдастарымен бірлескен іс-әрекетке дайындығын
қалыптастыру (педагог балалардың бір-бірімен жағымды қарым –қатынас
жасауға, даулы жағдайларды шешуге ұмтылысын қолдау арқылы).
-
Дербестікке, мақсатқа бағытталушылыққа өз іс-әрекетін өзі реттеуге
қалыптасуы (баланың кез - келген іс-әрекетінде дербестік көрсетуін және
проблемалық жағдайлардың шешімін табуына ұмтылысын қолдаудың арқасында).
-
Өзінің отбасына сыйластық қарым-қатынасы сезімін қалыптастыру және
балалар мен ересектер арасындағы қоғамдастықта шынайы сезімді
қалыптастыруды ұйымдастыру (баланың отбасы мүшелерімен отбасылық
28
альбомын жасауы, отбасы тарихының таспасын, отбасы ағашы мен отбасы
таңбасын жасау арқылы).
-
Әлеуметтік және эмоциональдық интеллектісін дамыту, эмоционалдық
бауырмалдық
және
жанашырлық
таныту
(балаларда
эмоционалдық
бауырмалдықты және жанашырлықты дамыту үшін өмірдегі әртүрлі
жағдаяттарды пайдалану: өзінен әлсіз балаларға және кез - келген көмекке
мұқтаж адамдарға көмектесу арқылы).
Еңбектің және шығармашылықтың әр түріне оң көзқарасты
қалыптастыру (әр балаға өзіне өзі қызмет көрсетуді және қоршаған ортаға
қамқорлық жасау жаттығуларын көп рет іс - тәжірибеде қолдану мүмкіндігін
беретін дайындалған орта арқылы).
Тұрмыста, әлеуметтік ортада, табиғатта балалардың қауіпсіз мінез-
құлық негіздерін қалыптастыру (педагогтың қоршаған ортадағы қауіпсіз
өзара іс-әрекет түрлерін көрсетуі. Балалармен назар салу мен абай болуды
талап ететін мүмкін жағдайларды ойнау және талқылау арқылы).
Бала тұлғасын әлеуметтендіруді қалыптастыру бойынша ұсынылған
барлық міндеттер негізінен тек ойын іс-әрекеті арқылы жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: