Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет17/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56
Байланысты:
Монтессори

Өнер аймағы.
М.Монтессори шығармашылық, соның ішінде балалар 
шығармашылығы дегеніміз қоршаған ортада сезім мен қол моторикасын 
дамыту көмегімен бастапқы интеллектуалдық материалдан жаңаны құрау 
деген идеяны жақтаушы болды. Көркем өнер баланың табиғатына сәйкес
«баланың қолын-қимыл әрекетке,көзін-көруге, жанын – сезінуге дайындауы» 
тиіс.
Мақсаты: өнер туындыларын (әдебиет, музыка, бейнелеу), табиғат 
әлемін қабылдауы мен түсінуін дамыту; 

қоршаған әлемге эстетикалық қатынасты қалыптастыру;

өнердің түрлері туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру; 

музыканы, көркем әдебиетті, фольклорды қабылдау;

көркем шығарма кейіпкерлеріне жанашырлығын қолдау;

балалардың өзіндік шығармашылық қызметтерін (бейнелеу өнері, 
құрастырушы -модельдік, музыкалық және т.б.) жүзеге асыру.
Көркем-эстетикалық дамудың аймағын шартты екі бағытқа бөлеміз

бейнелеу іс-әрекеті және музыкалық даму. Бұл бағыттар өзара байланысты 
және олар жобалық және шығармашылық іс-әрекет арқылы іске асырылады. 
Мысалы: балалар ойлап тапқан ертегіге театрланған қойылым дайындалуы
мүмкін, оған музыкалық сүйемелдеу таңдалады, импровизацияланған билер 
қойылады, балалар қарапайым декарациялар құрастырады және костюмдер 
дайындайды.Бейнелеу өнерін дамыту бойынша Бағдарламаның негізгі 
міндетті бөлігі жаттығулар үшін материалдары бар кеңістіктерде, 
дайындалған ортада,көркем өнер шеберханасы немесе ательеде жүзеге асады.
Балалар көркем өнер түрлерінің қолжетімді амалдары мен мәнерлеу 
техникаларына оқытылады. Бейнелеу өнерінде – сурет салуда, мүсіндеуде, 
жапсыруда; көркемдік құрастыруда – олар түстерді бір-бірімен араластыруға 


29 
үйренеді, композиция құрастыруға, түрлі көркем техникаларды игеруге, 
өзінің шығармашылығына әртүрлі материалдарды пайдалануды үйренеді.
Баланың ұстазына «Бұны менің өзім жасауыма көмектесіңіз» деген 
қаратпа сөзі М.Монтессоридің педагогикасының символына айналған, бұдан 
«адамның дамуына еркіндік беру» дегенге шақыратының көреміз.Ол
балалармен жас күнінен бастап үздіксіз жұмыс істеген. Ол педагогтарды 
бақылаушы ретінде қарастырған. «Егер ғылыми педагогикада жеке тұлғаны 
оқып-үйренсек, онда бұл оқып-үйрену еркін балаларды бақылау деп айтар 
едім», -деп жазады М.Монтессори. 
Педагогтың мақсаты – білім беру ортасын құру, өнімді және танымдық 
үдерісті ұйымдастыру, сондай-ақ бақылаудың көмегімен көркем-эстетикалық 
өсу көзқарасы арқылы балалардың өнімді іс-әрекетіне талдау жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет