Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет19/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 
 
 
 
 
 
 


30 
МОНТЕССОРИ – МАТЕРИАЛДАР 
 
Монтессори-материалдар– оқу құраладары мен дамытушы ойындардың 
арасындағы байланыстырушы құрал. Олар тек қана табиғи материалдардан 
жасалады. Монтессори - материалдардың кескіні ол дүниеге келген сәттен 
бері, 100 жылдан бері өзгеріске ұшырамаған. Ағаш бұйымдарды жасау үшін 
ағаштың өте бағалы түрлері пайдаланылады, әрі барлығы сапалы жасалады, 
кейбіреулерінің жасалуының өзі өте күрделі.
Материалдар баланың иіс сезу, қолмен ұстап сезу, сезіну тәрізді сезім 
мүшелерінің дамуы үшін арнайы жасалған. Бұл материалдар арқылы бала 
тыныштықты, әуендерді тыңдауды, барлық заттардың түрі мен түсі, салмағы 
мен ұзындығын анықтай алады.
Бала өзі жұмыс жасағысы келетін аймақ пен Монтессори - материалды 
өзі таңдайды. Бұл жұмысты ол өзі жеке немесе өзге балалармен де бірге 
орындауы мүмкін, ол таңдаудың барлығын баланың өзіне беру керек. Бала өз 
ырғағымен жұмыс жасайды, Монтессори педагогикасында өзара жарысу, 
бақталасу деген жоқ.
Монтессори - бақшалардың тәжірибесі бізді қоршаған ортаны әуенді, 
көркемөнер және би, шет тілі, өлкетану немесе патриоттық тәрбие беру 
аймақтарымен толықтыру қажеттігін дәлелдейді.
Ең қызықтысы М.Монтессори баланың шынайы заттармен жұмыс жасау 
барысында ойламаған жерден жасаған қылықтары мен әрекеттерін ойын 
әрекеті деп емес, «жұмыс» деп атайды. М. Монтессори ерекше атап 
көрсетеді: «баланың жұмысы ересектердің қалауымен немесе оқытумен 
байланыссыз қызметтің түрі». Бала өз әрекетінің барысында ойланбай әрекет 
жасайтындығы белгілі, бұл оның табиғи қажеттіліктерінен туындайтын 
дамуына қажетті құбылыстар. Оның мақсаты баланың жеке басын дамытуы 
мен құрылымдауы. Балаға ең бастысы жұмыстың өзі қызықты ол өзінің 
қимылдарын өзі қанағаттанғанға дейін бір емес бірнеше рет жасайды. Тек 
ішкі қанағаттану сезімі оянған соң ғана ол бұл жұмысты аяқтайды. Бала көп 
энергия жұмсайды, біз оны шаршайтын болар дейміз әрине, керісінше 
баланың жасаған жұмысы оған үстін үстіне энергия беріп, оны 
шабыттандыра түседі. Жұмыс барысында бала өзін мақтауды да, жазалауды 
да қажет етпейді, себебі ол өзінің жасаған жұмысына өзі қанағаттанып, 
ризашылық сезімінде болады.
Барлық құралдар баланы дамыту жоспарында өте маңызды ма? Олай 
емес әрине. Себебі баланың жан-жақты, толыққанды дамуы үшін оның өзін 
қоршаған әлем туралы шашыраңқы ойын жинақтау үшін ерекше материалдар 
берілуге тиісті, балаға кез-келгенді ұсынуға болмайды. «Материал — тек қана 
алғашқы баспалдақ десек те болады; онымен жасалған жұмыстар баланың алған 
білімін реттейді; баланың білімін анықтай отырып, оны ақыл-ой қызметіне 
жетелейді». Материал баланың айналаны қоршаған ортаны танып, білуіне 
арналған таптырмас құнды дүние болып есептеледі.
Бұл міндетті орындау үшін
материал автодидактикалық мінездемеге 
ие болуы, кез-келген қателікті жіберген сәтте оны бақылауды жүзеге асыра 


31 
білуге және түзеуге мүмкіндік беруі керек. Педагог материалмен жұмыс 
жасау барысындағы өнімділікті ғана емес, өзін-өзі бақылау мен қателіктерді 
жоюдың да жолдарын көрсетуі қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет