Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы



Pdf көрінісі
бет38/56
Дата08.02.2022
өлшемі6,63 Mb.
#124220
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56
Байланысты:
Монтессори

 
 
МАТЕРИАЛДАР ТОБЫ: ӨЗ-ӨЗІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ 
Түймелі рама. 
 
Материал: 
көлемі 30x30 см. ағаштан жасалған рама, рамаға екі 
бөліктен тұратын мата керілген. Оның біреуінде көлденеңнен бес ілмек 
кесілген, екіншісінде диаметрі екі сантиметрде бес ілгек тігілген. Матаның 
үстіндегі ілгектер анық көрінетіндей және жұмыс барысында балалардың 
саусақтары жылжып кетпестей етіп, жиектерінің кемершесі бар түймелер 
болуы қажет.
Мақсаты
: түймелерді ағытып және тағып (салып) үйрену.
Жанама мақсаты
:
ұсақ моториканы дамыту, зейін тұрақтандыру, 
дербестікті дамыту. Алғашқы таныстыру:

Балаға түймелі рамалардың қай жерде тұрғанын көрсетеміз де, 
ілмектері бар раманы алуды ұсынамыз.

Рамаларды бір - бірімен қатар, ілмектері бар рама оң жақта болатындай 
етіп қоямыз.

Ағытуды жоғарыдан бастаймыз. Оң қолдың екі (сұқ және ортаңғы) 
саусағымен жоғарғы түйменің оң жиегін сәл көтеріп, бас бармақпен үстінен 
ұстаймыз.

Сол қолдың екі (сұқ және ортаңғы) саусағымен ілмектегі матаның 
шетін сәл көтеріп, бас бармақпен оны жоғарыдан қысамыз.

Екі қолмен бірдей қозғалып түйме мен матаны екі жаққа ажыратамыз. 
Ілмек ашылатын тәрізді.


47 

Түймені ілмекке еңкейтіп, оны ішіне сұғамыз.

Қолымызды аламыз. Енді оң қолдың (сұқ және ортаңғы) саусақтарымен 
матаны аламыз да, оны қайырып, көзге көрінген түйменің шетін сол қолдың 
сұқ саусағымен көрсетеміз.

Сол қолдың үш (сұқ, ортаңғы және бас бармақ) саусағымен түйменің 
көзге көрінген шетін ұстап (сол сәтте оң қолмен матаны ұстаймыз), түймені 
ілмектен шығарамыз.

Ілмегі бар матаны қайырып, түйменің ағытылғанын көрсетеміз.

Осылайша, тағы да екі түймені ағытамыз, содан соң балаға қайталауды 
ұсынамыз.

Барлық түймені ағытып болған соң балаларға: «Ағыттық», - деп 
айтамыз. Матаның екі жартысын да қайырамыз. Оң жақтағы матаны 
қайырған кезде сол қолмен оның жоғарғы бұрышын, оң қолмен төменгі 
бұрышын ұстап тұрамыз. Сол жақтағы жарты матаны кері тәртіппен 
қайырамыз.

«Ал енді, тағып үйренеміз». Матаның екі жартысын да жабамыз. 
Түймені тағуды жоғарыдан бастаймыз.

Оң қолдың үш саусағымен жоғарғы ілмектен матаны аламыз. Сұқ және 
ортаңғы саусақты матаның үстінгі сыртқы бетіне, ал бас бармақты матаның 
ішкі жағына саламыз. Матаны қайырамыз.

Сол қолдың үш саусағымен түймені ұстаймыз. Сұқ және ортаңғы 
саусақты түйменің астына тығып, бас бармақпен үстінен қысамыз. Түймені 
жартылай ілмекке тығамыз. Матаны да, түймені де босатамыз. 

Қолымызды ауыстырамыз. Оң қол ілмектен шыққан түймені, ал сол 
қол ілмектегі матаны ұстайды. Дәл сол саусақтармен жұмыс жасаймыз. Екі 
қолмен бір мезгілде мата мен түймені екі жаққа жылжыта отырып, түймені 
ілмекке кіргіземіз.

Балаға: «Тақтық», - деп айтамыз.

Осылайша тағы бір немесе екі түймені тағамыз да, балаға қайталауды 
ұсынамыз. 

Барлық түймелер тағылғаннан кейін, тексереміз. Қос алақанды жарты 
маталардың үстіне қойып, екі жаққа кереміз. Егер барлық түймелер 
тағылмаған болса, ол көрініп тұрады және де дұрыс тағылмаған болса, онда 
түймелер ағытылып кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет