Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан тарихы кафедрасы


«Қ.Р. мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы» курсының жұмыс бағдарламасы



бет2/9
Дата08.11.2019
өлшемі0,89 Mb.
#51271
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
KR mur teor prakt umkd

«Қ.Р. мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы» курсының жұмыс бағдарламасы


1 бөлім. Мұрағат ісінің теориясы.
Тақырып № 1. Кіріспе.

Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәннің объектісі. Пәннің оқу-білімдік және ғылыми мақсаты мен міндеттері.

Басқа пәндермен байланысы және негізгі әдебиеттерге сипаттама .

Бақылау сұрақтары:

1.Пәннің мақсаттары мен міндеттерін анықтау.

2. Басқа пәндермен байланысы және негізгі әдебиеттерге сипаттама беру.
Тақырып № 2. ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісі.

Алғашқы іс шаралар.Революциядан кейін Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы және алғашқы қиындықтар мен мәселелердің шешу жолдары.

Алғашқы қойылған талаптар мен шешімдер.Талаптар мен шешімдерге талдау жасау.

Қызылордадағы алғашқы конференция.Қаралған мәселелер .Тарихи маңызы.



Бақылау сұрақтары:

  1. 20-30 жж мұрағат ісінің дамуына сипаттама беру.

  2. Негізгі оқиғалар мен тарихи маңызын көрсету.


Тақырып № 3-4 . ХХ ғ. 40-80 ж.ж. мұрағат ісі.

ХХ ғ. 40-60 жж. мұрағат ісі. Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру.

1970-80 жж. мұрағат ісі. Мұрағаттарды басқару органының қайта құрылуы. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы БМБ-ның ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың стандартын іс жүзіне енгізуді бақылауға алуы.

Бақылау сұрақтары:

1.70-80 жж мұрағат ісінің дамуына сипаттама беру.

2. Мұрағатты құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану себебін анықтау.
Тақырып № 5. Ұлттық мұрағат қоры.

Ұлттық мұрағат қоры.

Мұрағаттағы жеке қор. Жеке қордың түрлері мен мазмұны.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұрағаттарға сипаттама беру.

2.Жеке қордың түрлері мен мазмұнын ашып көрсету.
Тақырып № 6. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі.

Тәуелсіз мұрағат ісі. Республиканың тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы.

1999ж «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы 2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасы.

Бақылау сұрақтары:

1.Заңдарды талдап, мазмұнын түсіндіру.

2.Мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасын талдау.
Тақырып № 7. Қызметшілермен жұмыс жасау. Мұрағаттағы маркетинг.

Қызметшілерге қойылатын талаптар. Ақпаратты маркетинг. Мұрағат ісін ақпараттандыру.Мұрағат маркетингінің негіздері. Мұрағат біліктілігін арттыру нысандары. Арнайы семинарлар ұйымдастыру мәселесі. Жұмыс орындарын автоматтандыру.Электрондық қорларды жасау. Құжаттар есебі.



Бақылау сұрақтары:

1. Қызметшілерге қойылатын талаптармен танысу.

2.Арнайы семинарлар ұйымдастыру мәселесін талдау.

3.Құжаттар есебін жасауды үйрену.


ІІ бөлім. Мұражай ісінің теориясы.
Тақырып № 8. ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуы.

Мұражай ісінің дамуы. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі .

Орталық мемлекеттік мұражай.

Бақылау сұрақтары:

1.Орталық Мемлекеттік мұражайына сипаттама беру.

2.Қызметімен танысу.
Тақырып № 9. Мұражайлардағы мәдени мұра.

Мәдени мұра . Фольклордың этнографиямен байланысы.

Мұражай халық мұрасы. Тарихи жыр-аңыздардың маңызы.

Бақылау сұрақтары:

1.Фольклордың этнографиямен байланысын көрсету.

2.Тарихи жыр-аңыздардың маңызын талдау.
Тақырып № 10-11. Мұражай концепциясының негізгі коммуникациялық ережелері.

Ережелеі, рөлі. Комуникациялық ережелердің жағдайаттары мұражай дамудың және мұражайлық салт-дәстүрдің коммуникациясының дамуындағы рөлі.

Мұражай қызметінің әлеуметтік ортасы.

Мұражай маркетингі. Мұражай менеджментінің және маркетингінің даму концепциясы.



Бақылау сұрақтары:

1.Негізгі ережелермен танысып, талдау.

2.Мұражай қызметінің әлеуметтік ортасын анықтау.

3.Мұражай маркетингі дегеніміз не?


Тақырып № 12-13. Мұражай және мұражай қызметінің дамуы

Тенденцияларға сипаттама. Мұражай және мұражай қызметінің дамуы Қазіргі заманғы әлеуметтік-мәдени ахуалдар. Мұражайлардың өзіндік жол іздеулерін, жаңа білімдерге ұмытуларын, жаңа ойлар, рухани құндылықтары.


Мұражайдың жаңа тұжырымдамасын теориялық жағынан негіздеу. Мұражай ісін дамытудың әдістемелік базасы ретіндегі мұражай коммуникациясының теориясы.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұражай және мұражай қызметінің дамуын анықтау.

2.Тенденцияларға сипаттама беру.
Тақырып № 14.Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы.

Мұражайлық іс әрекеттің қорлық сақтаушылық және ғылыми ақпараттық дамуы. Мұражай қорлық кешендеу тұжырымдамасын сараптаулар, “өзін-өзі тану”,

олардың рөлін және орнын түсінудің жаңа жолдарын табуға есептелген жоба. Қарым-қатынастық қызмет-қазіргі мұражай негізі.Экспозициялар жүйесінің дамуы.Экспозициялармен жұмыс. Мұражай кешенінің келешектегі дамуы мен мәртебесі.

Бақылау сұрақтары:

1.Экспозициялар жүйесінің дамуы қандай жағдайда?

2.Экспозициялармен жұмыс түрлерін ата?.

3.Мұражай кешенінің келешектегі дамуы мен мәртебесі қандай?



Тақырып № 15 Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісі.

Қазіргі кездегі мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы. Мемлекет Басшысының «1998 жылды Халық бірлігі және ұлттық тарих жылы деп жариялау Жарлығы, «Қазақстан‑2030» стратегиялық даму Бағдарламасы. Мұрағат ісінің басқа салалармен байланысы.

Мұрағат құжаттары - мемлекет байлығы. Мұрағат құжаттарына сипаттау. Олардың түрлері. Маңызы. Тарихты зерттеудегі рөлі.

Бақылау сұрақтары:

1.Қазіргі кезеңдегі мұрағат ісінің жағдайы қандай?

2.Мұрағат ісінің басқа салалармен байланысын анықтау.
Семинар сабақтарының жоспары
1 . Тақырыбы: Қазақстан мұрағатының құрылуы және

қалыптасуы.


  1. 1794 жылғы Бөкей мұрағаты.

  2. Революцияға дейінгі Қазақстанның мұрағат ісі.

Бақылау сұрақтары:

1.20-30 жж мұрағат ісінің дамуына сипаттама беру.

2.Негізгі оқиғалар мен тарихи маңызын көрсету.

2 . Тақырыбы: Қазақстан мұрағатын ұйымдастырудағы



РСФСР- ның мұрағат ісі жөніндегі декреттің мәні мен маңыздылығы.

1.Қазақстандағы ең алғашқы кеңестік мұрағаттық ұйымдар.

2.Қазақстандағы алғашқы кеңестік дәуіріндегі өлкелік мұрағаттық қорлар.

Бақылау сұрақтары:

1.Алғашқы мұрағаттық ұйымдарға сипаттама бер.

2. Өлкелік мұрағаттық қорлардың құжаттар мазмұны қандай болған?
3 . Тақырыбы: Мұрағат қызметкерлерінің бірінші жалпы

Ресейлік конференциясы және оның Қазақстанға

тигізген әсері.

1.Қазақстан АҚСР -і мен КСФР арасындағы мұрағат органдарының қарым-қатынасын ұыймдастыру.

2.1918-20жж. Нормативті құжаттар мен заңдарды мұрағат өміріне енгізу.

Бақылау сұрақтары:

1.Конференцияның мазмұнын ашып көрсету?

2.Құжаттар мен заңдармен танысып, мақсатын анықтау.

4 семинар. Тақырыбы: Қазақстанның 1920-1930 жж мұрағат және мұражай ісінің дамуы.

1.30-40 жж. Нормативті актілердің сипаты.

2.Құжат, қорлардың жиналуы және сақталуы.



Бақылау сұрақтары:

1.Нормативті актілердің сипаты қандай?

2.Құжаттар мен қорлардың сақталу жағдайы қандай?
5 . Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан

мұрағаты. (1941-1945жж.)

1.Мұрағаттағы өзгерістер. Қазақ кеңестік республикасы мұрағаты ісінің бағыттары.

2.Украина және Ресей жерінен эвакуациаланған қорларды қабылдау және сақтау.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұрағаттағы өзгерістер мен негізгі бағыттары қандай?

2.Соғыс жылдарында қорларды қалай қабылдап, сақтаған?
6. Тақырыбы: Соғыс кезіндегі мұрағат жұмыстарының ерекше

бағыты.

1. Геологтарға көмек ретінде Қаз КСР мұрағатының қорларын зерттеу.

2.1943ж Бірінші ғылыми конференцияның ұйымдастырылуы және өтілуі.

Бақылау сұрақтары:


  1. Қаз КСР мұрағатының қорларын зерттеу жұмыстары қалай жүргізілді?

  2. Конференция қалай ұйымдастырылды және қандай мәселелр көтерді?

7. Тақырыбы: 1950-60 жж Қазақстан мұрағатының дамуы.

1. 1955 ж «Мұрағат құжаттарының басылу ережесі».

2. 50-60ж Мұрағат құжаттары мен материалдарын жақсарту шаралары.

және құжаттану салаларында ғылыми зертттеу мәселелерінің қойылуы

Бақылау сұрақтары:

1.Ереженің негізгі мазмұны қандай?

2.Құжаттардың сақталуына қандай шаралар жасалады?
8. Тақырыбы: 1980-90 жж Қазақстанның мұрағат ісі.
1. 1985 жж «Республикадағы мұрағат ісін жандандыру» мақсаты мен міндеттері.

2.1990 жж Мұрағаттық мекемелердегі материалдық техникалық жағынан камтамасыз ету мәселелері.



Бақылау сұрақтары:

1.Мұрағат ісін жандандыру мақсаты мен міндеттері қандай?

2.Мұрағаттық мекемелердегі материалдық техникалық жағынан камтамасыз ету мәселелерін ата?
9 . Тақырыбы: Мұрағат тізімдемесінің қағидалары.


  1. Мұрағат тізімдемесінің қағидалары.

  2. Тізімдеме жүргізудің ұйымдастырылуы және құрылымы.

Бақылау сұрақтары:

1.Тізімдеме жүргізуге арналған термин сөздердің анықтамаларына талдау беру.

2. Мәліметтер жинау жұмысын түсіндіру.
10 . Тақырыбы: Мұрағат мекемелерінің қызметін ғылыми-

әдістемемен қамтамасыз ету.
1. Құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету. Құжаттарды сақтау үшін жағдай жасау. Құжаттарды қоймаларға орналастыру. Аса бағалы құжаттар үшін қорлар жасау.

2. Құжаттарды тіркеуге алу. Тіркеуге алған құжаттардын түрі.Құжаттардын сақталу мерзімі.



Бақылау сұрақтары:1. Құжаттарды сақтау үшін жағдай жасау қажет?

2. Тіркеуге алған құжаттардың түрі және құжаттардын сақталу мерзімі қандай?


11-12 . Тақырыбы: Ұлттық мұрағат қорындағы құжаттарды

пайдалану.

1. Мұрағат құжаттарын пайдаланудағы мақсаттары.

2.Мұрағат мекемелерінде құрастырылытын анықтамалар түрлері.

Бақылау сұрақтары:

1.Мұрағат құжаттарын пайдаланудағы мақсаты қандай?

2. Анықтамалар түрлерін атап, сипаттау.
13. Тақырыбы: Мұрағаттық ғылыми-ізденіс жұмыстары.

1. Құжаттарды анықтау. Құжаттарды жинақтау, маңызы.

2.Құжатты деректерді және ғылыми мақалаларды баспаға шығару үшін дайындық жұмыстарын жүргізу.

Бақылау сұрақтары:


  1. Құжаттар қалай жиналады және оның маңызы қандай?

  2. Баспаға шығару жұмыстары қалай жүргізіледі?

14 Тақырыбы: Қазақстан Республикасының мұрағат



мекемелерінің ісіндегі мұрағаттық зерттеулердің рөлі.


  1. Ғылыми- техникалық ақпарат жүйесіндегі мұрағаттық рөлі мен алатын орны.

  2. Мұрағаттардың атқаратын ғылыми-ізденіс жұмыстарының сипаты.

Бақылау сұрақтары:

1.Ғылыми- техникалық ақпарат жүйесіндегі мұрағаттық рөлі мен алатын орны қандай?

2. ғылыми-ізденіс жұмыстарының сипаты қандай?
15 семинар. Тақырыбы: Қазіргі кезендегі мұрағат зерттеудің жүйелі-

функционалды әдісі.

1. Мемлекеттік мұрағат ісінің ережелері.

2. Қазіргі кезендегі мұрағаттың рөлі.

3.Мемлекет алдындағы саяси, әлеуметтік- экономикалық мәселелердін шешілуі. Мұрағат ісінің мемлекеттік тілде жүргізуіне баға беру.



Бақылау сұрақтары:

1.Мемлекеттік мұрағат ісінің ережелері қандай?

2.Қазіргі кезендегі мұрағаттың рөлі қандай?

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы



Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары

Қостанай , 2009 .


Студенттердің оқытушының жетекшілігімен игерілетін жұмыстардың жоспары
Өзіндік жұмыс аудиторлық сабақ ретінде өткізіледі және студенттердің оқу жұмысының бір түрі болып табылады. СОӨЖ өзара байланысты логикалы екі міндетті шешеді.

Деректер қоры мен арнайы әдебиеттер институт кітапханасында өте аз.Көптеген оқулықтар, әдебиеттер орыс тілінде жазылған. Қазақ тіліндегі еңбектер санаулы. Сондықтан СОӨЖ кеңес беру қызметін де атқарады. Оқытушы аудиторлық сабақтарда студенттің пәннің өте қиын тақырыптарын игеруіне көмектеседі. Екіншіден, оқытушы жеткілікті мөлшерде әдебиеттер бар тақырыптарды лекция сабақтарынан әдейі алып тастайды. СОӨЖ-дің екінші функциясы бақылаушылық. Оқытушы артта қалған, лекциялық және семинарлық сабақтарға қатыспаған студенттермен белсенді жұмыс істейді.






Тақырыптар, тапсырмалар және мазмұны

әдебиеттер

Сағ

саны

орындау мен бақылау

түрі

а

1

Қостанай облысында мұрағат және мұражай ісінің дамуы. Мұрағаттану және мұражайтану ісіне байланысты термин сөздермен жұмыс.

1,5,8, 21,23,24,28.


1

Конспект жасау

1-2 апта

2

Мұрағат және мұражай туралы жалпы түсінік.

1. Мұрағат.

2. Сақталу жолдары

3. Мұрағат және мұражай қоры, қорды ұйымдастыру жолдары.

4. Мұрағат және мұражай жинақтары.


1,8,10,18.

1

Дөңгелек стөл

3 апта

3-4

ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы мұрағат ісі.

1. Большевиктік партияның мұрағаты.

2. Басқару органдарындағы мұрағат.

3. Тарихи мұрағаттар және мұражайлар.

4. Облыстық мұрағатжәне мұражай ісіндегі өзгерістер.

5. Мұрағат және мұражай құжаттарын пайдалану әдісі.



8,9,17,25

2

коллоквиум

4 апта

5

Қостанай облыстық мұрағатының және облыстық тарихи-өлкетану мұражайының тарихы.

21,23,24,28,

К-6,1.


1

Реферат жазу

5 апта

6

Жеке мұрағаттар.

1. Жекеленген мұрағаттар

2. Мұражай және кітапханалардағы қолжазба мұрағаттарының түпнұсқасы.

3. Жекеленген мұрағат құжаттарын пайдалану әдістері.



3,4,8,11,13.

1

Пікірталас

6 апта

7-8

Мемлекеттік мұрағаттардың құрылысы мен мақсаты.

1. Комплектілеу.

2. Құжат материалдарын тіркеу.

3. Ғылым және практикалық құжаттарды сараптау.

4. Құжат материалдарын пайдалануды ұйымдастыру.

5. Мемлекеттік мұрағаттардың ұйымдасқан құрылымы.



3,4,8,10,23,28.

2

Реферат

7 апта

9-10

Мұрағат құжаттарын іздеуге арналған ғылыми-сараптамалық оқулықтар.

1. Мұрағат жұмысының қыр-сырын меңгеруге жол сілтеушілер.

2. Қордың тізімі мен көрсеткіштері

3. Жазба және жазбаларды тіркеу.

4. Мұрағат оқулықтары мен каталогтар.

5. Мұрағат оқулықтарының баспасы.



6,8.

Қ-4,5,9,11.



2

Сынақ тапсыру

8 апта

11-12

ҚМПИ мұрағат және мұражай қорымен танысу.




2

Экскурсия

9 апта

13

Қазақстан республикасының мұрағат және мұражай ісінің дамуына 2001-2009 жылдарға арналған бағдарламасы.

Н-5,4,6,7,8,17,18.К-2,6,7,9

1

конспект

10 апта

14

Мұрағат және мұражай ісіне байланысты заңнамалар.

Н-6,7,8

1

конспект

11 апта

15

Қостанай облысы аудандарының мұрағаттары және мұражайларының тарихы

Ә-1,5,8.

1

Мини -конференция

12 апта




Барлығы




15




15 апта


Ұсынылатын әдебиеттер
Негізгі:

1. М.Дакенов, Б.И.Нурпеисова и др. Архивоведение. Алматы,2003.

2. Архивное строительство в Казахской ССР (1918-1980). А.1980.

3. Закон Республики Казахстан «О национальном архивном фонде и архивах». А. 22 декабря.1998 г.

4. Р.Сариева. Мұрағат және тарих. «Арыс»,2004.

5. Теория и практика архивного дела в СССР. Учебник.Под редакцией Ф.И.Долгих и К.И. Рудольсона.М.Высшая школа.1980.

6. Система единой классификации документальной информации в систематических каталогах. М.1978.

7. Программа развития архивного дела на 2001-2005 гг. От 11.06.2001.

8. З.Алдамжар. Тарих: пайым мен тағылым. Алматы 2002 ж.

9. Мұрағат құжаттары- халық қазынасы. Материалдар жинағы.Атырау 2005 ж.

10. Государственный архив Костанайской области.Исторический очерк Костанай,2003.

11. Медведев С.А. Архивы Костанайской области.Исторический очерк Костанай,2003.

12. Сергазин Ж.Ф. Основы обеспечения сохранности документов. А. 1986.

13. Т.Ю Юренева. Музееведение: Учебник для высшей школы.- 2 е изд. М: Академический проект .

14.Музееведения. Музеи исторического профиля: Учеб. Пособие для вузов по спец. История – Под ред.К.Г. Левыкина, В. Хербста М. 1988

15.Гнедовский М.Б Анализ музейной сети и проблема классификации музеев // Музейное дело в СССР. Сб. научн. Трудов /ЦМР М.1985

16.Гнедовский М. Б Современные тенденции развития музейной коммуникации // Музеевдение. Сб научн.трудов /ЦМР М. 1989

Қосымша:

1. Алданазарова А. Да, архивы сохранились.Казахстанская правда. 1992,25 июля.

5. Документальные памятники:выявление,учет, использование.М.Высшая школа. 1988.

6. Есенова Ж.. Научная деятельность Оренбургской ученой архивной комиссии: Сб.статей Шехире-Дастан. Костанай.1998.с.132-140.

7. Культурное строительство в Казахстане (1918-1932) т.1. Алма-Ата,1965.

8. Шобухов М.Н. Составление и издание описей документальных материалов в архивах.М.1959.

11. Сандыбаева М.Т. Центральный государственный архив РК. Известия архивов.1993 .№5

12.Қ.Оспанова. «Мұражай ғасырлар зердесі» //Қостанай таңы. 9 маусым.2006ж.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақстан Республикасының мұрағат және мұражай ісінің тарихы мен практикасы

(Syllabus)

Мамандығы: 050114, Тарих;

Кредит саны: 2 (90 сағ)

Қостанай , 2009 .



1. Оқытушы бойынша мәліметтер

Лектор: Анасова Айнаш Бектұрсынқызы
Байланыс телефоны: 55-72-70
Кабинеті 207, Кафедра «Қазақстан тарихы»

2. Пән бойынша мәліметтер

Курс атауы: «Тарихи өлкетану»
Кредит саны: 1
Сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Кеңес беру сағаттары оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстарының кестесі бойынша өткізіледі.

Курсқа сипаттама

Қазақстан Республикасының білім саласындағы реформалар қазіргі қоғам талаптарына сай сәйкес мамандарды дайындап шығаруды мақсат етіп қойып отыр. Мұрағат және мұражай мекемелерінде болашақта мамандар көптеп қажет болады.Мұрағаттану және мұражайтану пәндері қосалқы тарихи ғылымдардың бірі ретінде жоғары оқу орындарының тарих факультеттерінде оқытыла бастады. Бұл - өмір талабы. Өйткені мұрағаттық іс мемлекеттік тұрғыда саяси, ғылыми, құқықтық және практикалық мәселелерді қарастырады. Мұрағат дегеніміз тарихи құжаттарды сақтайтын өткен өмірдің деректі ескерткіші. Сондықтан «Мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы» курсы студенттерді мұражай және мұрағат ісіне оқытуда маңызы зор. Мұрағаттану пәнінде мұрағат ісін ұйымдастыру тарихына, мұрағаттық құқық пен мұрағаттық заңға, менеджмент пен маркетингке баса назар аударады.


Пәннің мақсаты:

Студенттерге бүгінгі мұрағат және мұражай ісінің объективті жағдайынан әрі оның кешенді ғылыми пән ретінде мұрағаттану және мұражайтану теориясының негіздерінен білім беру.



Пәннің міндеттері:

  • әр кезеңдегі мұрағат және мұражай ісінің дамуының ерекшеліктері туралы жалпы мағлұмат беру;

  • мұрағаттану және мұражайтану саласындағы заңдар және негізгі нормативтік әдістемелік құжаттармен таныстыру;

  • мұрағаттық және мұражайлық құқық, менеджмент және маркетинг мәселелерінде студенттердің танымын кеңейту;

  • студенттерді өткеннің тәжірибесінен сабақ ала отырып,бүгінгі күнді жақсы түсінуге ,болашақ мұрағатшыларға қажетті тарихи ілімді иемдене отырып игерген теориялық білімін іс жүзінде қолдануға үйрету.

  • Мұрағат және мұражайдың жергілікті материалдарын пайдалана отырып, студенттердің туған ел тарихына құштарлығын арттыру.

Пререквизиттері (алдын ала, міндетті курстар) – бұл пәнді оқығанда деректану теориясы, Қазақстан тарихының деректану, дипломатика, геральдика, палеография , тарихи метрология пәндерінде қалыптасқан біліктілік, дағдылық, білімділік қажет.

Постреквизиттері. Мұрағат және мұражай ісінің теориясы мен практикасы пәні, мұнда мұрағат және мұражай ісінің негізгі ұйымдастыру мәселесіне көңіл аударып, студенттерге ғылыми ізденіс жұмысын жүргізуде өте қажет.

Лекциялық материалдың мазмұны.

Тақырып № 1. Кіріспе.

Мақсаты: Пәннің мақсаттары мен міндеттерімен танысу. Пән бойынша негізгі әдебиеттерге сипаттама беру.

Жоспары:

1.Пәннің мақсаттары мен міндеттері. Пәннің объектісі. Пәннің оқу-білімдік және ғылыми мақсаты мен міндеттері.

2.Басқа пәндермен байланысы және негізгі әдебиеттерге сипаттама беру.

Әдебиет: Н - 1,2,4.
Тақырып № 2. ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісі.

Мақсаты: ХХ ғ. 20-30 шы жылдарындағы мұрағат ісінің дамуын көрсету, ерекшеліктеріне тоқталу.

Жоспары:

1.Алғашқы іс шаралар.Революциядан кейін Қазақстандағы мұрағат ісінің ұйымдастырылуы және алғашқы қиындықтар мен мәселелердің шешу жолдары.

2.Алғашқы қойылған талаптар мен шешімдер.Талаптар мен шешімдерге талдау жасау.

3. Қызылордадағы алғашқы конференция.Қаралған мәселелер .Тарихи маңызы.



Әдебиет: Н– 4,10,11,Қ-11
Тақырып № 3-4 . ХХ ғ. 40-80 ж.ж. мұрағат ісі.

Мақсаты: ХХ ғ. 40-80 ж.ж. мұрағат ісінің дамуын талдау және оның ерекшеліктеріне тоқталу.

Жоспары:

1. ХХ ғ. 40-60 жж. мұрағат ісі. Мұрағаттардың ғылыми басылымдық жұмысы. Мұрағатты құжаттарды түрлі мақсаттарда пайдалану. Құжаттарды халық шаруашылығының мақсатына пайдалану үшін іздестіру.

2. 1970-80 жж. мұрағат ісі. Мұрағаттарды басқару органының қайта құрылуы.

Әдебиет: Н – 1,4,7,10, Қ-1,11
Тақырып № 5. Ұлттық мұрағат қоры.

Мақсаты: Ұлттық мұрағат қорын сипаттау ондағы құжаттардың мазмұнын ашу.

Жоспары:

1.Ұлттық мұрағат қоры. Мұрағаттарға сипаттама беру.



2.Мұрағаттағы жеке қор. Жеке қордың түрлері мен мазмұны.

Әдебиет: Н – 4,10,11,Қ-11
Тақырып № 6. Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісі.

Мақсаты: Тәуелсіз Қазақстандағы мұрағат ісінің дамуын көрсету, ерекшеліктеріне тоқталу.

Жоспар:

1. Республиканың тәуелсіздік жағдайындағы мұрағат ісінің дамуы.

2.1999ж «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы. «Мұрағат» түсінігі. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 22 желтоқсандағы «Ұлттық мұрағаттық қор және мұрағаттар туралы» заңы.

3.2001-2005 жылдарға арналған мұрағат ісінің дамуының концепциясы мен бағдарламасы.



Әдебиет: Н – 1,5, Қ-8
Тақырып № 7. Қызметшілермен жұмыс жасау. Мұрағаттағы маркетинг.

Мақсаты: Қызметшілермен жұмыс жасау жағдайын көрсету және мұрағаттағы маркетинг дегеніміз не, анықтама беріп, талдау.

Жоспары:

1.Қызметшілерге қойылатын талаптар. Ақпаратты маркетинг. Құжаттық ақпаратты рыногын жасау.

2.Мұрағат маркетингінің негіздері. Мұрағат біліктілігін арттыру нысандары. Арнайы семинарлар ұйымдастыру мәселесі. Жұмыс орындарын автоматтандыру.

3. Мұрағат ісінің ақпараттандыруы.Мұрағат ісінің ақпараттандыру объектілері және мақсаттары. Электрондық қорларды жасау. Құжаттар есебі.



Әдебиет: Н – 1,5, Қ-8
Тақырып № 8. ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуы.

Мақсаты: ХХ ғ 20-40 жж мұражай ісінің дамуыа тоқталу, оның ерекшеліктерін атау.

Жоспары:

1. Мұражай ісінің дамуы. Қазақстанның мәдениет тарихында мұражайлар ерекше орын алады. Қазақ жерінде пайда болған алғашқы мұражайлардың рөлі тәуелсіздік алғаннан кейінгі дамуы.

2.Орталық мемлекеттік мұражай.Қазақстан мұражайларының ішіндегі ең алғашқыларының бірі – Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекеттік мұражайы.Сипаттама беру. Қызметімен танысу.

Әдебиет: Н – 13,14,
Тақырып № 9. Мұражайлардағы мәдени мұра.

Мақсаты: Мұражайлардағы мәдени мұраларды атау, сипаттау.

Жоспары:

1.Мәдени мұра Фольклордың этнографиямен тығыз байланысты екенін, олардың өзара этностық тарихын зерттеуде бірін-бірі толықтырып отыратындығын академик Ә. Х. Марғұлан өз зерттеулерін талдау. Мәдени мұраларға тоқталу.

2.Мұражай халық мұрасы. Рухани мұраны сақтаудың бірден-бір жолы – тәлімгерлік, әке жыршыдан – бала жыршыға мирас етіп қалдыру .

Әдебиет: Н – 12
Тақырып № 10-11. Мұражай концепциясының негізгі коммуникациялық ережелері.

Мақсаты:Негізгі ережелердің мазмұнымен танысу.

Жоспары:

1.Мұражай жұмысын ұйымдастыру.

Теориялық интерпретация арнасында коммуникациялық ережелер. Комуникациялық ережелердің жағдайаттары мұражай дамудың және мұражайлық салт-дәстүрдің коммуникациясының дамуындағы рөлі.

2.Мұражай қызметінің әлеуметтік ортасы. Бірінші блокты мұражай жұмысының іс-әрекетін әкімшілік-шаруашылық және басқа да көмекші құрылымдармен қамтамассыз ететін мұражай әкімшілігі.

3.Мұражай маркетингі..Мұражай менеджментінің және маркетингінің даму концепциясы.

Әдебиет: Н –13,14,15
Тақырып № 12-13. Мұражай және мұражай қызметінің дамуы.

Мақсаты: Мұражай және мұражай қызметінің дамуын сипаттау.

Жоспары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет