Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы



бет3/4
Дата13.12.2021
өлшемі48,17 Kb.
#100012
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3   4
Байланысты:
Гимнастика

Оқу сағаттарын бөлістіру жоспары


Оқу жұмыстарының түрлері

Барлығы

1 семестр

2 семестр

Пәнге берілген сағат саны

66

20

24/22/

Оның ішінде семинар және практикалық сабақтар

12/12/12

12

12/12/

Аптаға жоспарланғаны

2

2

2

ОТҚ қолданумен










Компьютерді қолданумен










Дәстүрден тыс сабақ типтері мен оқытудың белсенді әдістері










Оқушылардың өзіндік жұмысы










Оның ішінде сабақтасығы










Консультациялар











Бақылау мен қорытынды аттестация


Бақылау түрлері мен қорытынды аттестация

1 семестр

2 семестр

Бақылау жұмыстарының саны







Курстық жұмыс







Сынақ







Емтихан







Бағдарламадан ауытқу ____________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері
«Гимнастика және оны оқыту әдістемесі» пәні бойынша осы үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті техникалық және кәсіптік білім беру стандартына сәйкес 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығының 0103023 «Дене тәрбиесі және спорт тәрбиесі мұғалімі» біліктілігі бойынша әзірленген.

Негізгі мақсаты – дене шынықтыру мен спорт саласында маман дайындау. Пән гимнастикалық жаттығулардың техникасы мен оқыту әдістемесін, тарихын, терминологиясын, жоспарлау құжаттары, жарыстарды ұйымдастыру мен төрешілік жасау сұрақтарына бағытталуына көмек береді.

Білім алушылар денешынықтыру- спорттық қызмет түрлерінде гимнастиканың құралдарын қолданудың мүмкіндіктерімен танысады, әртүрлі деңгейдегі дене дайындықтары бар және әр жастағы құраммен сабақ өткізу ерекшеліктерінен түсінік қалыптастырады, түрлі ұйымдарда гимнастиканы ұйымдастыру әдістері мен өткізу әдістемелерімен танысады.

«Гимнастика және оны оқыту әдістемесі» бағдарламасының міндеттері:



  • Түрлі жыныстағы, жастағы, дайындық деңгейі әртүрлі адамдарға топтық, жеке- дара сабақтар ұйымдастыру және өткізу;

  • Гимнастиканың білім беру-дамыту және сауықтыру түрлерінен сабақтар өткізу;

  • Білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін, дағдыларын және өз бетімен спортпен айналысу әдеттерін қалыптастыру;

  • Сабақтарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

  • Гимнастикадан жарыстар ұйымдастыру және өткізу.

Оқу материалы мазмұнының ерекшелігі мен күрделілігіне байланысты келесі оқыту әдістері ұсынылған: әңгіме, жағдайлық мәселелерді шешу, өндірістік жағдайларды талдау, рольдік және іскерлік ойындар, тестілеу, материалды рәсімдеу және басқалар.

Танымдық әрекеттерді ұйымдастыру нысаны ұсыныстық сипатта болады.



Осы оқу бағдарламасы келесі пәндер бойынша білім алушылардың білімдеріне, іскерліктері мен дағдыларына негізделеді:

  • Жеңіл атлетика

  • Спорт ойындары

  • Қимыл-қозғалыс ойындары

  • Шаңғы

Пәнді келесі пәндермен байланыстырып оқыту ұсынылады:

  • Педогогика;

  • Психология;

  • Адам анатомиясы;

  • Спорт медицинасы

  • Емдік дене шынықтыру және массаж

  • Өзін-өзі тану

  • Гигиена

«Гимнастика және оны оқыту әдістемесі» пәнінің үлгілік бағдарламасы техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарына оқу жұмыс бағдарламасын жасау үшін негіз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет