Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы


Пәннің мамандықты даярлауға қатысты міндеттері



бет3/13
Дата27.05.2023
өлшемі171,41 Kb.
#177826
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
«Математика» мамандығы үшін «сызыты алгебра және аналитикалық геометрия » пәнінен ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

2.2 Пәннің мамандықты даярлауға қатысты міндеттері: математикалық білім мен математикалық мәдениет ғылымның тірегін, әртүрлі ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізін, қазіргі заманға сай білім-біліктердің негізін құрайды, ал математиканың негізі математикалық анализ, алгебра және геометрия пәндерінде қаланады. Алгебра - ғылымның әмбебап тілі, казіргі кезеңде кез-келген ғылым алгебралық тілсіз қадам жасай алмайды. Алгебраның орны ғылыми, қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді, яғни заман проблемаларын шешуде маңызды. Біздің заманымызға сай мамандарды даярлау ғылымсыз, мәдениетсіз, білім-біліктерсіз мүмкін емес екенін айтпаса да түсінеміз. Информатика – қоғам, уақыт талап етіп отырған мамандар. Мамандықтың атынан-ақ, оның алгебрамен тікелей байланысты екенін аңғаруға болады. Ендеше сызықты алгебра және аналитикалық геометрия білімінсіз информатика маманын даярлап шығарудың өзі мүмкін емес. Сондықтан, пәннің негізгі мақсаты болып осы уақытқа дейінгі білген алгебра және геометриялық білім-біліктерді (формулаларды, анықтамаларды, теоремаларды, есептерді шешуді және т.б.) тереңдету, сызықты алгебра және аналитикалық геометрия негізін қалау, студентке басқа пәндерді меңгеру үшін жеткілікті түрде білім беру, сонымен қатар студентте логикалық ойлауды қалыптастыру, математикалық мәдениеттілікке, ұқыптылық пен дәлдікке үйрету болып табылады.
2.3 Пәннің мазмұны:
2 кесте

1

Анықтауыш және оның қасиеттері

2

Матрицалар. Элементар матрицалар.

3

Жоғарғы ретті анықтауыштарды есептеу әдістері.

4

Кері матрица. Матрицаның рангісі

5

Комплекс санның алгебралық формасы.

6

Комплекс санның тригонометриялық формасы.

7

Сызықтық теңдеулер жүйесі.

8

Векторлық кеңістік.

9

Векторлық кеңістіктің ішкі кеіңістігі.

10

Сызықты оператор

11

Бірбелгісізді көпмүшеліктердің бөлінгіштігі.

12

Көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу.

13

Аналитикалық геометрия . Негізгі ұғымдар.

14

Векторлардың векторлық және аралас көбейтіндісі.

15

Екінші ретті қисықтар.

Пәнді оқу нәтижесінде студент


1) сызықты алгебра және аналитикалық геометрия негіздерін меңгеруі тиіс;
2) пән негізінде алған білім-біліктерді теориялық және практикалық мақсаттарда пайдалана алуы керек;
3) негізгі білімдер мен ұғымдарды меңгеруі, негізгі анықтамалар мен формулаларды жатқа білуі керек;
4) негізгі теоремаларды дәлелдеуімен білуі және оларды есептер шығарғанда пайдалана алуы керек;
5) Сызықты алгебраның негізгі есептерін комплекс санның алгебралық және тригонометриялық формасына амалдар қолдана білу, кері матрица табу, матрицалық теңдеулер шешу, анықтауыштарды есептей білу, Крамер, Гаусс, Лаплас т.с.с. әдістерді қолданып сызықтық теңдеулер жүйесін шешу, бірбелгісізді көпмүшеліктерді көбейткіштерге жіктеу, геометрияның негізгі есептерін шешуді жақсы білуі керек;
6) студент алған білім-біліктерді басқа да оқытылатын пәндерде пайдалана алуы керек;
7) Сызықты алгебра және аналитикалық геометрия әдістерінің информатикада, экономикада, физикада кеңінен қолданыс табатындығын түсініп, қажет жағдайларда қолдана алуы тиіс.
Курс барысы: Сызықты алгебра және аналитикалық геометрия курсын оқыту үшін дәстүрлі әдістер қолданылады, яғни сабақтар дәріс, практика түрінде өтеді және кеңестер беріледі. Студенттердің ізденістерін, қызығушылықтарын арттыру үшін өз бетімен орындауға тапсырмалар, ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін нұсқаулар беріледі.
Дәрістік, практикалық сабақтарда тақырыптың күрделі, негізгі, проблемалы тұстарына тоқталады. Ал тақырыпты тереңірек түсініп-меңгеру СОӨЖ-ге (яғни студенттің оқытушының көмегімен жасайтын өзіндік жұмысы) қалтырылады. Ол топқа немесе жеке студентке кеңес беру арқылы, не сабақ жүргізу арқылы өткізіледі. Тақырыптың жеңілдеу тұстары өз бетімен жұмысқа қалтырылады.
Оқу бағдарламасының үштен бір бөлігін студент оқытушының көмегінсіз өз бетімен орындайды. Бұған төмендегі түрдегі жұмыстар енеді:
1) әрбір дәрістік сабаққа студентке міндетті түрде дайындалу (студент белгілі бір оқулықты оқып, терминдер мен ұғымдарды, анықтамаларды, ондағы теоремалар мен леммаларды, формулаларды және т.б. іріктеп, талдап жазып шығуы керек);
2) өзіндік есептерді шығару;
3) пәннің кейбір теориялық сұрақтарын өз бетінше оқу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет