Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы


Үш ынтық. Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету. Үш тұл



бет9/9
Дата09.04.2018
өлшемі2,92 Mb.
#40092
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Үш ынтық.

  1. Еркін өмір. 2. Құрметке бөлену. 3. Пайдалы еңбек ету.

Үш тұл.

  1. Қайратсыз ашу тұл. 2. Тұрлаусыз ғашық тұл. 3. Шәкіртсіз ғалым тұл.

Үш апат.

  1. Ғалымдар мен қарттарды сыйламау. 2. Үкіметті сыйламау. 3. Асты ысырап ету.

Үш кедейлік.

  1. Кежірлік. 2. Еріншектік. 3. Ұйқы.

Үш кемдік.

  1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Зұлымдық.

Үш бақытсыздық.

1.Жаман ат 2. Жаман қатын. 3. Жаман көрші.



Үш көз.

1. Су анасы – бұлақ. 2. Жол анасы – тұяқ. 3. Сөз анасы – құлақ.



Үш тоқтам.

1.Ақыл – арқан. 2.Ой - өріс.3. Адам – қазық.



Үш қасиет.

  1. Өліде – аруақ.

  2. Малда – кие.

  3. Аста – кепиет.

Үш тағлым.

1.Мейірім сауап.

2 Жақсылықтан - шарапат.

3 Жамандықтан - кесапат



Қорытынды.
Қорыта келе айтарым, қазақ халқы ауыз әдебиетінің асыл үлгілері арқылы өз ұрпағын еңбек сүюшілікке, ел қорғауға, өнерді бағалауға, ізгілікке, имандылыққа, бауырмалдыққа баулып, ар, ождан мәселесін қастерлеп өтуге үздіксіз тербиелеп келді. Сондықтан да халыкқ педагогикасы ғасырлар бойы ескірмей, көнермей келе жатқан ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.

Бүгінде Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы қарамағында отызға тарта ғылыми-зерттеу институты бар. Онда өздерінің ғылыми еңбектерімен әйгілі болған 133 академик, 200-ден астам ғылым докторлары, 1486 ғылым кандидаттары жумыс icтeйді.

Қазақтың блім академиясы жанында педагогика тарихы және жеке пәндерді оқытудың әдістемесі бойынша,Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогика институты мен Абай атындағы университет жанында жеке пәндер мен жалпы педагогика мәселелері бойынша құрылған кандидаттық, докторлық диссертациялық кеңестер жұмыс істейді. Тек соңғы 4—5 жылдың ішінде ғана педагогика саласында 40-тан астам докторлық диссертация, жүздеген кандидаттық диссертация қорғалды. Институттар мен университеттер жанынан аспиранттар мен ғылыми ізденушілер саны біршама көбейді .Олар әл-Фараби, Ж. Баласағүни, М. Қашғари, Қ. Жалаири, Абай, Сұлтанмахмұт, Шәкәрім, Міжақып, Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет, т.б. қазақ зиялыларының еңбектерін зерттеу нысаны етіп алып, қазіргі күн тұрғысынан баға бepiп, педагогика ғылымында жаңа бетбұрыс туғызды.

Этнопедагогика курсы болашақ маманды тәрбие жүйесіндегі этникалық өзгешеліктер мен ұлттық даралық жайлы біліммен қаруландырады, көп ғасырлық тербие әрекеті нөтижесінде жинақталған педагогикалық байлықты практикада қолдана алу дағдысын игертуді көздейді. Курс мазмұнында этнос педагогикасының пайда болуы, дамуы және қазіргі жағдайы, оның халық өміріндегі орны мен адамзат педагогикалық мөдениеті дамуындағы рөлі жайлы ашып көрсетілуі қажет болады. Этностың орнықты әлеуметтік қауым ретінде тұлға тарихи зерде қалыптастыруы, әлеуметтік тәжірибе этномәдени дәстүрлердің бірлігін қамтамасыз етуде қуатты фактор екендігін көрсетудің мәні үлкен.


Мұның бәрі халықтық педагогика өзіне нақты этникалық қауымға қатыссыз педагогикалық білімдер мен құралдарды кірістірсе, этнопедагогика ұлттың өзіндік ерекшелігі. Яғни көрініс берген нақты этникалық педагогикалық дөстүрлермен байланысты екендігі жөнінде анық түсініктің қалыптасуына ықпал етеді.

Этникалық тәрбие дәстүрлері адам әлеуметтенуінің ықпалды құралы бола отыра, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда тіршілік етудің түрлі тәртіптеріне дайындауға қабілеттілігі жайлы ұғымды тереңдетеді.


Этностың педагогикалық мәдениетін қоғам дамуының бүкіл кезеңдеріне тән әлеуметтік тарихи кұбылыс ретіңде қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар этнопедагогика өзіндік ішкі тарихи-педагогикалық даму зандылықтарына ие. Осыған орай оларды жалпы және даралық төртіптегі элементтер құрайтынын; жалпы зандылық этностық тәрбиенің қоғамдық болмыс, өмір саят, қоғамдағы өндірістік қатынастардың дамуы, оның қайта құрылуына тәуелділігімен анықталса; даралық зандылық этнопедагогиканың ұлттық "адамшылық табиғаттың" адамгершілік тұрғыдан қорғалуын, генофондты сақтау және оның табиғи дамуын қамтамасыз етуге қабілеттілігінде екенін көрсету басты міндет болып табылады.
Әр педагог тәрбие жұмысының сапасы мен нәтижелігі ғасырлар бойы қалыптаскан этнопедагогика жетістіктерін тиімді пайдаланумен анықталатынын түсінуі аса қажет. Сондықтан әрбір жасөспірім халық өміріндегі құбылыстардың педагогикалық мөнін талдап, олардың тәрбиенің қазіргі міндеттеріне сай немесе сәйкес еместігін ажырата алу, сондай-ақ мәлім және аса мәлім емес халық педагогикалық шығармаларын анықтау және жинаудағы ізденіс жұмыстарына белсене қатысуы; көне әдет-ғұрыптардың казіргі жағдайдағы педагогикалық мүмкіндіктерін анықтай алу, жаңа дәстүрлі халыктық мейрамдар мазмұны мен ескі тәртіптердің өзара әрекеттесуі, кәзіргі салттар және олардың көне әдет-салттарымен сабақтастық байланысын аша білу дағдысын игеруі аса маңызды.
Этнопедагогиканың халыққа білім беру саласында қолданылу жағдайларымен байланысты мәселелер проблеманың өзіне және оның шешілу жолдарына толық түсіндірме беру арқылы баяндалғаны тиімді.
Дәл сондықтан да этнопедагогиканы алдымен оқу-тәрбие процесіне кеңінен енгізудің негізгі жолы өткен кезендерде қисынсыз алынып тасталған халыктық жөне табиғатпен үйлесімділік педагогикалық принциптерін жаңарту екеңдігі арнайы атап көрсетіледі. Халықтың педагогикалық даналығы халықтық тәрбие құралдарын толық пайдаланған жағдайда дәл осылар педагогика ғылымын байытуға; халыққа білім беруді жаңартуды жүзеге асыруға; отбасы, балабақша, кәсіби оқу орындары тәрбие проблемаларын шешудегі одағын нығайтуға елеулі үлес қосатын бастау болып табылатындығын ескеру керек.
Этнопедагогикадағы бала денсаулығы мен денесінің жетілуі өніндегі қамқорлық, ақыл-ой мен еңбекке дайындық, саналы адамгершілік-эстетикалық тұрғыда бағыттау, мінез-құлықты реттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу, яғни тұлға қалыптастырудың бүкіл жетекші бағыттарын камтитын аса бай фактілермен танысу болашақ жасөспірімдерін оқытылатын материалға қызығушылығын, арттырады.

Құрылымында этнопедагогика элементтері бар немесе өзге өлшем мен көрініс беретін сабақгар жобаларын кластан тыс жұмыс түрлерін дайындап, өткізу, этнопедагогикалық тақырыптарды үйірмелер жұмыстарының бағдарламаларына енгізу, этнопедагогикалық факультативтер ұйымдастыру, халық педагогтары шығармалары бойынша сынып сабақтары циклін ұйымдастыру, тарихи этнопедагогикалық тақырыптамалар бойынша жоғары кластар үшін кештер дайындау, арнайы этнопедагогикалық газеттер, хабарламалар ұйымдастыру және өткізу өдістемелері жайлы бірізділікпен баяңдаудың оқушыны этнопедагогика материалдарымен жұмыс істеуге баулудың мәні ерекше.

Сондай-ақ қазақ этнопедагогикасы ғылымын өркендету саласында біршама icтеp атқарылуда. Тек соңғы 15 жыл ішінде этнопедагогиканың проблемалары бойынша 10 ғылым докторы, елуден астам ғылым кандидаттары шықты.

Ұлттық мәдениеттің келелі проблемаларын көтеруде соңғы жылдары жарық көрген "Ұлағат" (1994), "Ұлт тағылымы" (1998) т.б. журналдар мен газеттер де елеулі қызмет атқарып келеді. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2004 жылы Қазақстан халқына арнаған Үндеуінде жауап ретінде ұлттық тәлімнің XXX ғасырлық тарихын баяндайтын педагогикалық ойлардың 10 томдық антологиясын даярлауға кipiciп отыр.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. З.ӘБІЛОВА, Қ.ҚАЛИЕВАЛАРДЫҢ «ЭТНОПЕДАГОГИКА ОҚУЛЫҒЫНАН»



2. Ш. К. Берктбаева, К,. Б. Жарьчфаев, С. К- Калиев «Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы», 2005.

3. Дала уәлаятының газеті. Құрастырушы Ү.Сүбханбергендина. Алматы : «Ғылым» баспасы, 1989.

4. Жұмалиев Қ. Қазақ эпосы мен әдебиет тарихының мәселелері 1- том . Алматы : «Жазушы» , 1958.

5. Шора батыр. Алматы : Жалын, 1993.

6. Ш.Уәлиханов. Бес томдық шығармалар жинағы. 1- том . Алматы . 1961.

7. Радлов В.В. Алтын сандық. Алматы: «Ана тілі», 1993.

8. Қазақ халық ауыз әдебиеті. Т.2.Дастандар. (Құрастырушы : Әзібаева Б., Шафиғов М.). Алма ты: Жазушы,1990.

9. Қазақтың тәлімдік ой – пікірлер антологиясы. І том (құрастырушылар : Қ.Жарықбаев, С.Қалиев) Алматы: Рауан,1994жыл

10.Тәрбие теориясына қатысты еңбектер (Контор И.М, Қоянбаев Ж.Б, Журавлев В.И, Бержанов Қ, Мусин Ж, Скатин М.Н, Мұхамбаева А.Х, Битинас Б, Сейталиев К, Подласый И.П)

11. Қазақ этнопедагогикасындағы ұлттық тәрбие мәселелерi (Жарықбаев Қ.Б, Қалиев С, Әбiлова З.Ә, Сарыбеков Н.Қ, Ұзақбаева С.А, Наурызбай Ж, Қожахметова К.Ж, Дүйсембiнова Р.Қ, Қабдыразақұлы Қ, Сағындықов Е, Табылдиев Ә, Мұхамбетова С.К, Сәдуақасов Ә, Қоңыратбаева Т.Ә, Ашайұлы Ә)

12.Ұлттық тәрбиенiң моделі мен терминологиясы жөнiнде (Бөлеев Қ, Беркімбаева Ш.К, Оразбекова К.А)

13.Оқушылар ұжымындағы тәрбие мәселелерi (Коротков И.М,Гончаров Н.К, Савин Н.В, Легенький Г.И, Новикова Л.И, Полукарев В.В, Литвак Р, Сорочинская Е, Богуславский М, Дмитриенко Е.А)

14.Ұйымдық тәрбиенiң теориялық аспектiлерi (Ильина Е.Г, Батракова И.С, Көпжасарова М.Д, Байназаров А, Белогоров В.М, Алиева Л, Буадзе А.Б, Галузинский В.М, Кирпичник А, Басов Н, Кабуш В, Титова Е.В)

15.Оқушыларға сыныптан тыс тәрбие берудiң әдiстемелерi (Құнантаева К.Қ, Кузьмина М.Н, Омаров Е.О, Нұрмағамбетов С.Х, Овчинникова Р, Садықова М.К, Кудинов В, Коршунова О, Бобрышов С)

16.Оқушылардың қоғамдық бiрлестiктерiндегi тәрбие жұмыстары (Иржанова Р.Д, Лебединский В.В, Вульфов Б.З, Ходоровская З.А, Абаева Н.Б, Мұқанова Б.Ы, Бекмағанбетова Р.К, Қасенов Е.Р, Татаурова Н.Л)



17.Халық педагогикасы материалдары негiзiнде оқушыларға ұлттық тәлiм-тәрбие беру (Төлеубекова Р.К, Жетпiсбаева К.Б, Ембергенова Ж, Сәдiрмекова Ж.Б, Қаплиева А.Қ, Қисымова А.Қ, Егенисова А.Қ, Арзымбетова Ш.Ж, Садықова М.К, Әбдiғаппарова У.М, Әбдiлдина С.Қ, Өтемұратова Б.С, Аманжолова А.А, Хасанова Ж.С)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет