Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет128/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

Кабинет меңгерушісі кабинетті жабдықтау, мұғалімдер мен оқушылардың есептеуіш техника құралдарын пайдалану жұмыстарын, информатика және басқа оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық технологияны ұйымдастырушысы болып табылады. Мектептің оқу жоспарына сәйкес кабинетті жабдықтаудың алдағы уақыттағы жоспарын жасайды.

Сонымен қатар, оқу-әдістемелік көрнекі құралдармен және оқыту техникалық құралдарымен толықтыру шараларын, кабинеттегі бар жабдықтар мен есептеуіш техника құралдарының сақталуын жауапкершілікпен қарайды.

Кабинет меңгерушісі инвентеризациялық жазу журналын жүргізуге, жабдықтардың қолдануға әрқашан даяр тұруын, ЕТ-ның профилактикалық техникалық қызмет көрсетуінің өз уақытында және ұқыпты болуын, ДЭЕМ-ның істен шығу жағдайында оларды тіркеу және жөндеуін ұйымдастыру, информатика кабинетінде санитариялық-гигиеналық талаптар мен қауіпсіздік техникасына қойылатын талаптарды қолдауды өз жауапкершілігіне алады [17, 28].

Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде оқушылармен өткізілетін оқу, үйірме, қосымша сабақ және басқа сабақтарды жоспларлауға қатысады; сабақтың барлық формалары мұғалімнің қатысуымен өтуі міндетті. Кабинет меңгерушісі информатика кабинетінде сабақ өткізетін мұғалімдердің алғашқы және мерзімді қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқауын өз уақытында жүргізуін қадағалауды жауапкершілігіне алады.



Оқу-әдістемелік семинар – мектептегі ЕТК кабинеті қызметін ұйымдастырудың маңызды түрі екені дәлелденген тәжірибе. Оның жұмысына информатика мұғалімдері ғана емес, басқа пән мұғалімдері де тартылады. Семинар оқытуда жаңа ақпараттық компьютерлік технологияларды (АКТ) қолдану тәжірибесін таратуды, жаңа бағдарламалық құралдармен таныстыруды, мұғалімдерге ЭЕМ-де жұмыс істеу кәсіптік негіздерін оқытуды, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстардың негізгі бағыттарын талдауды және т.б. тарату үшін ұтымды қолданылуы мүмкін. Семинар жұмысының бағыты әртүрлі, яғни мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін жетілдіру шарасы бойынша өзгеруі ықтимал.

Алғашқы нұсқауда мұғалім оқушыларды кабинеттегі тәртіп ережелерімен, қауіпсіздік техника ережелерімен және еңбек гигиенасымен, жұмыс кезінде кездесіп қалатын қауіпті кезеңдер және оған сәйкес сақтану шараларымен таныстырады. Алғашқы нұсқау лекция, әңгімелесу түрінде өткізіледі.

ЭЕМ-де жұмыс істеу алдындағы нұсқау алғашқы нұсқауды толықтырады, оның мақсаты оқушыларды жұмыс орнын дұрыс ұстап және ұйымдастыру талаптарымен, қауіпсіз жұмыс әдістерімен және қорғаныс құралдарын қолдану ережелерімен, нақты жұмыс кезінде мүмкін болатын қауіпті кезеңдермен, жұмыс атқарушының өз жұмыс орнындағы міндеттерімен, сонымен қатар, қауіпті жағдайлар туғанда өзін-өзі ұстау ережесімен таныстыру болып табылады.

Жұмыс орнындағы мерзімді нұсқау қысқаша болуы керек, нақты нұсқау және керекті жағдайда жұмысты дұрыс және қауіпсіз орындау тәсілдері қоса керсетілуі керек. Оқушылармен өткізілген нұсқау мәліметтері арнайы журналға жазылады (5.1-кесте).

5.1-кесте. Техникалык қауіпсіздік бойынша нүсқау өткізуді тіркеу журналы



Нұсқау алушының фамилиясы

Күні, мерзімі

Өткізілетін нұсқаудың атауы және мазмұны

Нұсқау өткізушінің аты-жөні, қызметі

Нұсқау өткізушінің қолы, қызметі

Нұсқау алушы- ның қолы















Информатика кабинетінің меңгерушісі жұмысына лаборант (немесе техник) көмек көрсетеді. Лаборант (техник) кабинет меңгерушісінің тікелей қол астында болады және оның алдында оқу жабдықтарын пайдалану және олардың дұрыс, бұзылмай сақталуы жайлы есеп береді. Лаборант кабинеттің бүкіл жүйесін, оларды күту тәртібін, көрнекі құралдар мен техниканы сақтау шартын білуі міндетті.

Информатика кабинетінің даму жоспарына сәйкес лаборант кабинет меңгерушісінің жетекшілігімен қажетті оқу жабдықтарын алуға қатысады, есеп, инвентаризациялық жазу жұргізеді. Лаборант мұғалім жоспары бойынша және оның жетекшілігімен сабаққа жабдықтар даярлайды. Лаборант окушылардың қауіпсіздік техника ережелерін сақтауын, өртке қарсы және алғашқы көмек құралдарының үнемі дайындығын қамтамасыз етеді, сабақ кезінде бұзылып қалған техниканы тізімдейді, сонымен қатар істен шықққан құралдарға кішігірім жөндеу жасайды.

Санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес информатика кабинетінде 18 ш. м-ден кем емес, бірі–оқу ғимаратына, екіншісі – басқыш алаңына шығатын екі есігі бар лаборанттық бөлме болуы керек.

5.1.4. Информатика кабинетінде жұмыс істеу ұзақтығы

Компьютерлік кабинеттерді жабдықтауда және қолданғанда бейнедисплейлік терминал (БДТ) және ДК-мен жұмыс істеу кезінде адамға қауіпті факторлардың қолайсыз әсер етуінен сақтап қалу үшін санитариялық ережелер мен нормаларды қатты қадағалау өте маңызды болып табылады.

Балалар денсаулығына қатысты болғандықтан, БДТ және ДЭЕМ-мен жұмыс істеудің зияндылығы өзекті мәселе болып табылады. Бірақ бұл мәселе мұғалімнің өзінің денсаулығы ғана емес, сонымен қатар, білім беру процесінде компьютер құралдарына қатысты қатысушылар үшін де маңызды.

Сондықтан мемлекеттік нормативтік акт талаптарын жақсы біліп қана қоймай, сонымен қатар, жекеше алғанда, ғимараттың орналастырылуын және ЕТК-ны жабдықтауды және оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру нұсқауларын қатал сақтауды, яғни онда жазылған барлық жағдайларды жан-жақты барынша сақтау керек. Осы құжаттың кейбір нұсқауларына көңіл аударып кетейік.

Санитариялық ережелер мен нормативтерге сәйкес жалпы білім беретін мектептерде мұғалімдер үшін дисплей сыныптарында және информатика кабинеттерінде жұмыс істеу ұзақтығы күніне 4 сағаттан аспауы керек, ал кабинеттерде БДТ және ДЭЕМ-мен оқу процесіне қызмет көрсететін инженерлер үшін жұмыс ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы керек. Жұмыс күніндегі жүктемені азайту үшін жұмыста қосымша үзілістер беріледі.

БДТ-да оқушылардың үздіксіз жұмыс істеуі олардың жастарына байланысты, ол мына рұқсат етілген уақыттардан аспауы керек [40]:

1-сынып оқушылары үшін – 15 минут;

2 - 3-сынып оқушылары үшін – 20 минут;

4 - 5-сынып оқушылары үшін – 25 минут; 4) 6 – 8-сынып оқушылары үшін – 30 минут; 5) 9 – 11 (12)-сынып оқушылары үшін –35 минут.

БДТ мен ДЭЕМ-да жұмыс жасағанда жоғарыда белгіленген жұмыс ұзақтығынан асып кеткен жағдайда көзге жаттығулар кешенін, ал әрбір сабақтан кейін үзілісте – жалпы шаршаудан сақтану үшін физикалық жаттығуларды1 жасау керек.

Х-ХІ сынып оқушылары үшін БДТ жэне ДЭЕМ қолдану сабақтарының саны аптасына 2-ден, ал басқа сыныптар үшін 1 сабақтан аспауы керек.

БДТ және ДЭЕМ-қолданып үйірме сабақтарын өткізу аптасына екі реттен артық болмауы керек, жалпы мынадай ұзақтықта:

II-V сынып (7-10 жас) оқушылары үшін 60 минуттан аспауы керек;

VI және жоғары сынып оқушылары үшін 90 минуттан аспауы

керек;


Санитариялық-гигиеналық талаптар факторы ЕТК-да оқу процесін ұйымдастыруға, информатикадан әрбір сабақ құрылымына қатаң шектеулер қояды, сондықтан ол жоспарлауда ескерілуі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет