Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет136/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

5.3. Информатиканы оқыту құралдары

5.3.1. Информатиканы оқыту құралдарының құрамы

Оқу үрдісін дұрыс ұйымдастырудың қажетті компоненті оқыту құралдары болып табылады. Информатиканы оқыту кезінде оқыту құралдарын құрастыру және оларды пайдалану әдістемесі мен теориясы бойынша білім айтарлықтай артады.



Біріншіден, оқулықтардың көптеген авторлары информатиканы компьютерлік техниканың көмегімен ақпаратты түрлендірудің және пайдаланудың түрлі аспектілерін зерттейтін ғылым деп түсіндіреді.

Екіншіден, информатика курсында компьютер оқу әрекетінің құралы және зерттеу объектісі ғана емес, оқыту құралы ретінде де қолданылады.

Соңғы кездері оқыту құралдары түбегейлі өзгеріп кетті: олардың құрамына электронды оқулықтар, Интернет құралдары, мультимедиа, педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) және т.б. енді. Мульти-медиапроектормен электронды тақтаны және Интернетке шығу тетігі бар компьютерді пайдаланып сабақ жүргізетін бүгінгі мұғалім, үйреншікті «бор технологиясын» пайдаланатын әріптесінен басым түсетіні айдай анық.

5.2-суретте ұсынылған сызбада информатиканы оқыту құралдары мына топтар бойынша жіктелген: оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ), бағдарламалық қамсыздандыру, ақпараттық құралдар (баспа және электронды), материал құралдары [27].

Оқыту құралдарын пайдаланып сабақ өткізу әдістемесі (Л.П. Прессман1):

а) сабақ мақсатын, оның мазмұнын, материалды оқыту

логикасын сараптау;

б) оқушылар меңгеруі тиіс басты элементтерді бөліп алу;

в) оқу материалын құрылымдық-мағыналық блоктарға бөлу, бұрын оқытылған материалмен байланысын анықтау; оқыту

құралдарын пайдалануды қажет ететін топтарды анықтау;

г) қажетті оқыту құралдарын таңдау және құру;

д) оқыту құралдарының, сондай-ақ оларды пайдалану арқылы оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыратын әдістер мен амалдардың рөлін және орнын анықтау.

Біздің ойымызша, ұсынылған алгоритм сабақ жоспарының құрамдас бөлігі болуы тиіс.



5.2-сурет. Информатиканы оқыту құралдарының құрамы 5.3.2. Информатиканы оқыту құралдарының жүйесі

Компьютерді жаңа ақпараттық технологиялар құралдарын (ЖАТҚ) пайдалануға бағытталған, информатика курсын оқыту құралдары жүйесінің бір компоненті ретінде қараған жөн. Ол келесілерді пайдалану арқылы іске асырылады:

Информатика курсын бағдарламалық-әдістемелік қамсыздандыру, оған оқытуға қолдау көрсететін бағдарламалық құралдар (БҚ), сондай-ақ мұғалімге оқу үрдісін басқару мүмкіндігін, оқу әрекетін бақылау үрдісін автоматтандыруды, нақты педагогикалық мақсаттарға арналған бағдарламалық оқу құралын әзірлеуді қамтамасыз ететін аспаптық бағдарламалық құралдар (АБҚ) кіруі керек.

оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ететін нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер, олардың негізінде пайдаланушының объектілі әлемінің белгілі бір моделі жатады (мысалы, мәтіндік редактор, мәліметтер қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);



оқыту құралдары, ЖАТҚ негізінде қызмет ететін, жоқ пәндік ортаның орнын толтыратын немесе амортизациялайтын, пәндік қызметті және оның практикалық бағытын қамтамасыз ететін құралдар (оқыту құралдарының мысалы ретінде оқу роботтарын, басқармалы ЭЕМ-ді, электронды құрастырмаларды; ЭЕМ жұмысының принциптерін, оның бөлшектерін және құрылғыларын көрсететін модельдерді айтуға болады).

телекоммуникация құралдары, білім беру саласы пайдаланушыларына ақпараттың қолжетімділігін, олардың ақпараттық қарым-қатынасқа енуін және т.б. қамтамасыз ететін құралдар.

Жоғарыда аталғандарды ескеріп, информатика курсын оқытудың құралдар жүйесінің құрамына мыналар жатады:

оқыту үрдісінің бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы;

оқыту қызметінің мәдениетін қалыптастыруға қажетті нысаналы-бағытталған бағдарламалық жүйелер;

ДЭЕМ-мен ұштастырылған оқу, көрсету (демонстрациялау) жабдықтары;

оқыту үрдісіне қолдау көрсететін оқу-көрнекі құралдар;

ЖАТҚ-ны пайдалануға арналған оқыту құралдары жүйесін пайдалану әдістемесі.

Осындай оқыту құралдарының жүйесі, оқу-әдістемелік әдебиетпен бірлесіп (оқулықтар, оқушыларға арналған оқу құралдары, мұғалімге арналған әдістемелік құралдар) – оқу-әдістемелік кешенді (ОӘК) құрайды.

Жалпы айтқанда, информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі курсты оқыту үрдісіне қолдау көрсетумен қатар, заманауи ЭЕМ мүмкіндіктерін демонстрациялауды қамтамасыз етіп, оқу әрекетінің мәдениетін және оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға себепші бола алады.



Информатика кабинеті оқыту құралдарының жүйесімен бірлесіп, бірыңғай кешенді ортаны құрайды, ол мұғалімге алға қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік береді.

Метепте информатиканы оқыту құралдары жүйесінің негізгі компоненттерінің тізіміне келесілер кіреді:

информатиканы оқытудың бағдарламалық-әдістемелік жабдықталуы;

оқу әрекетінің мәдениетін қалыптастыруға қажет нысаналыбағытталған бағдарламалық жүйелер (мәтіндік редактор, мәліметтер қоры, электронды кестелер, алуан түрлі графикалық жүйелер);

ЖАТҚ негізінде қызмет ететін оқыту құралдары (оқу роботтары, басқармалы ЭЕМ; электронды құрастырмалар; ЭЕМ жұмысының қағидаларын, оның бөлшектерін, құрылғыларын және т.б. көрсететін модельдер);

телекоммуникация құралдары; - дәстүрлі оқыту құралдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет