Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет37/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

2.4.2. Информатика сабағының құрылымы

Сабақ бұл оқыту, дамыту және тәрбиелеу міндеттерін ұжымдық және жеке орындау кезінде жүйелі түрде қолданылатын мұғалімдер мен оқушылардың белгілі бір құрамының (белгілі бір уақыт кезеңінде) өзара нысаналы қарым-қатынасын (әрекеті мен қатынасын) ұйымдастырудың вариативті түрі (М.И. Махмутов).

Материалды уақыт бойынша үлестіру сабақтағы зейіннің тұрақтылығын зерттеуге байланысты екенін есте сақтаған жөн [27]:

Сабақтың 0-7 мин. – зейін шашыраңқы. Оқушылардың назарын өзіне аудару үшін мұғалім көп күш жұмсауы керек.

Сабақтың 8-23 мин. – зейіннің неғұрлым ұзақ тұрақтылығы мен жинақылығының кезеңі.

Сабақтың 24-30 мин. – зейіннің тұрақтылығы төмендейді, зейін құбыла бастап, қателер көп жіберіледі. Жұмыс ынтасының азайтылуын, зейіннің босаңсуын талап етеді (теориялық дәлелдерден мысалдарға көшу және т.б.).

Сабақтың 31-45 мин. – қойылған мақсатқа байланысты зейінді жинақтау (ерікті зейін). 2.2-суретте сабақтың оқу уақытын осылай үлестіру сызбасы көрнекі ұсынылған.



2.2-сурет. Сабақтағы уақытының бөлінуі

Сабақ біртіндеп, бірақ тұрақты түрде өзгерістер үстінде болды. Қазіргі сабақтың ерекшеліктерін анықтау үшін дәстүрлі сабақтың оның негізгі құрылымдық элементтерін қарастырайық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет