Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты



бет64/159
Дата18.07.2020
өлшемі0,7 Mb.
#75373
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159
Байланысты:
Информатиканы окыту адистемеси Койбагарова Ельтинова

4. Сабақ мазмұны

Іс жүзіндегі материалдың көлемі, оның бағдарламаға, қолданылатын оқулыққа және оқушылардың білім деңгейіне сәйкестігі.

Сабақтың оқытушылық, дамытушылық және тәрбиелік тапсырмаларының дұрыстығы мен мазмұнының толықтығы, атап айтқанда, оқушылардың ақпаратты қайта өңдеу, беру және қолдану үрдістері туралы білімдерін игерту, компьютерлік технологияларды саналы және ұтымды пайдалану дағдыларын меңгерту.

Материалды қайталау және бекіту кезеңдері, тәсілдері.

Теория мен жаттығулардың сәйкестігі.

Өткенді қайталау, тірек білімдер.

Пәнішілік және пәнаралық байланыстар, өмірмен байланыс. 5. Оқыту әдістері, амалдары мен құралдары

Сабақ мазмұнының ғылымның, көрнекіліктің, реттіліктің, қолжетімділіктің, практикамен байланыстың жалпы дидактикалық қағидаларына сәйкестігі.

Оқушылардың оқытылатын материалға деген қызығушылық деңгейі, танымдық, белсенділік және оқушылардың сабақтағы өздік жұмыстары. Саналы игеру. Ұйымшылдық және тәртіптілік. Компьютердің, оқулықтың анықтамалық материалдың көмегімен білімді өздігінен игеру ептілігі.

«Мұғалім – оқушы» кері байланысының болуы. Өзекті сұрақтарға жауап беру сәті (сабақ барысында немесе соңында).

Оқушылардың логикалық ойлау және өздігінен оқу қабілеттерін дамыту.

Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс. Жеке-дара оқыту – әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, нашар оқитындарға жақсы оқитындардың көмек беруі және т.б.

Оқушылардың білімдерін тексеру және бағалау әдістері. Білімдерін бақылау жүйесі. Білімдерін тексеруде компьютерді пайдалану. Білімдерін бағалау әділдігі.

Оқушылардың көңілін пәнге аударту құралдары. Қателіктері табылған кезде назарларын ұстау амалдары.

Материалға деген қызығушылықты қалыптастыру және бекіту әдістері. Оқушылардың ойлау қабілеттерін ынталандыру.

Оқыту құралдарының сабақ тақырыбына сәйкестігі: қолдану сәттері. Бағдарламалық жабдықтардың, таратылатын материалдың, нұсқаулықтардың және т.б. мазмұны.

Мұғалімнің сабақтағы іс-әрекет әдістері. Сабақта қолданылған белгілі және қалыпсыз оқыту әдістері. Алуан түрлі оқу көздерін пайдалану (оқытушы және бақылаушы бағдарламалық құралдарды, Интернет ресурстарын және т.б. қолдану).

Үй жұмыстарын тексеру (өзіңіз орындап, уақытты өлшеңіз).

Сабақ қорытындысы, оның тәрбиелік құндылығы.

Мұғалімнің сабақтағы мақсаттары мен оларға жету жолдары.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет