Жас дағдарыстары - онтогенездің қауырт психологиялық өзгерістерімен сипатталатын, уақыты жөнінен біршама, ұзақ емес ерекше кезеңдері. Жас дағдарыстары жас тұрғысындағы бір сатыдан екіншісіне өтумен байланысты пайда болуы мүмкін және оның әлеуметтік қатынастар, сана саласындағы жүйелі сапалық түрленумен байланысты.
Жас психологиясы - адам психикасының дамуын және оның жас тұрғысынан әртүрлі кезеңдерге ерекшеліктерін зерттейтін психология саласы. Жас психологиясы бала психологиясын, ересек адамның жекелей даму психологиясын және геронтологиялық психологияны (қарттық психологиясын) қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |