Рухани қажеттіліктер - адамның жеке тұлғалық шығармашылық-тәлімдік және мәдени-әлеуметтік қажетін қанағаттандыратын құндылықтарға ынталылық. Рухани қажеттіліктер жеке адамның өз мақсат мұратына жеткізетін саналы іс-әрекеттің бағдары мен жиынтығын көрсетеді, адамның өмірін тұтастыратын және заман талабымен ұштастыратын идеялық және әлеуметтік әрекеттердің саналы, субъективтік арнасы.
Салыстырмалы психология - адам психикасының шығу тегі мен дамуының, адам санасының қалыптасуының биопсихологиялық алғы шарттары мен заңдылықтарын, адам мен жануарлардың психологиялық қарекетіндегі жалпылық пен айырмашылықты зерттейтін психология саласы.
Сана - әлеуметтік тіршілік иесі ретіндегі адамның рухани белсенділігінің ең жоғары деңгейі. Бұл белсенділікке тән ерекшелік - шындық болмысты сезімдік және ойша бейнелер нысанында бейнелеу адамның практикалық іс-әрекетінен бұрын болады және осы іс-әрекетке мақсатқа лайықтылық сипат береді.
Сангвиник – темперамент типі. Бұл типті адамның эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды. Көңіл - күйі әп- сәтте өзгергіш, әсершіл, көтеріңкі мәнерлі сөйлейді, ақжарқын, ашық, басқалармен
тез тіл табысатын, қызықтыратын іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысты аяқсыз қалдыратын адам.
Сауалдама - алдын ала әзірленген сұрақтар жүйесіне жауап алуды көздейтін сауал парақ. Сауалдаманы сауалданушыдан қажетті мәлеметтер алу үшін, сондай-ақ үлкен әлеуметік топтардың пікірін білу үшін жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |