Сауда психологиясы - саудаға қатысатын адамдардың жан дүниесін, мұқтаждығын, қызығуын, мақсаттарын зерттейтін психология ғылымының саласы.
Сезгіштік - адамның түйсіне алу қабілеті. Сезгіштік абсолюттік және айырма болып бөлінеді. Абсолюттік сезгіштік деп - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Айырма сезгіштік - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтамыз.
Сезімдер - адамның айқын білінген заттық сипаты бар және біршама орнықтылығымен ерекшеленетін эмоциялық күйіну-сүйінулерінің айрықша түрі. Сезім - сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процесс.
Сенсибилизация - тітіркендіргіш әрекетінің ықпалымен жүйке орталықтары сезгіштігінің артуын көрсететін психикалық құбылыс.
Симпатия - адамның басқа кісілерге, олардың топтарына не әлеуметтік құбылыстарға орнықты мақұлдаушылық эмоциялық қатынасы; жарқын жүзбен, тілектестікпен, тәнті болып қараудан, қарым-қатынас жасауға, ілтипат білдіріп, көмектесуге дайын тұрудан және тағы басқа ізгі ниеттерден көрінеді.
Синестезия - тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуін тітіркендіргіштерде оған тән түйсіктермен қатар басқа сезім мүшелеріне де тән түйсіктердің пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |