Референттік топ - нақты не шартты әлеуметтік қауымдастық; индивид онымен өзін эталон ретінде қатыстырады және өзінің мінез-құлық мен өзін-өзі бағамдауында оның пікірлерін, құндылықтары мен бағалауларын бағдарға алады.
Рефлекс - организмнің тітіркендіргіш ықпалына жүйкесі арқылы табиғи физиологиялық реакция. Пайда болған қозу орталық жүйке жүйесіне беріліп, бұған ол да қозу арқылы жауап береді, қозу эфференттік жүйкелер арқылы әр түрлі органдарға беріледі. Рефлекс терминінің ғылыми мағынасын ағылшын ғалымы Т.Виллис пен чех ғалымы И.Прохазки негіздегенімен, ми қызметінің рефлекторлық қағидасын олардан бұрын француз философы Р.Декарт анықтады. Рефлекстің шартты және шартсыз болып бөлінеді. И.П.Павлов шартты рефлекстің жойылатынын және қайта қалыптасатынын эксперименттік тұрғыдан дәлелдеп берді.
Рецепторлар– жүйкенің қозу барысында энергияның қуатын тасымалдайтын талдағыш, сезімтал жүйке ұштары. Рецепторлар сезімтал жүйке ұштары ретінде сырттай әсер ететін энергияны қабылдайтын, түрлендіретін және оны жүйке орталығына бағыттайтын динамикалық, икемді функциялық құрылым.